Географияның тілі — карта

Географияның тілі - карта

Сабақтың тықырыбы: Географияның тілі — карта

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға географиялық картаны меңгерту, нысандарды дұрыс табуға үйрету. География пәніне қызығушылығын арттыру, белсенділігін дамыту. Ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Түрі: сайыс сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Дүние жүзінің физикалық картасы, атлас, сұрақтар, семантикалық карта, сандықша

Географияның тілі — карта

Ұйымдастыру кезеңі

Сынып оқушыларын екі топқа бөлу.

Таныстыру кезеңі

Екі топтың топбасшылары топтың атын, топ мүшелерін таныстырып өтеді. Бұл кезең 5 ұпаймен есептеледі.

Кім жылдам?

Сұрақ-жауап кезеңінде екі топқа 10 сұрақтан қойылады. Әрбір дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.

1-топтың сұрақтары

  1. Географиялық карталар мазмұнына қарай қаншаға бөлінеді? (Жалпы географиялық карталар, топографиялық карталар)
  2. Кордильер тауының ең биік шыңы (Денали)
  3. Еуропа мен Азияны бөліп тұрған тау (Орал)
  4. Лабрадор түбегі қай материкте орналасқан? (Солтүстік Америка)
  5. Африканы алғаш ашқан кім? (Васко да Гама)
  6. Тау жыныстары нешеге бөлінеді? (Магмалық, метаморфтық, шөгінді)
  7. Қай таудың аты оның мыс рудасына бай екенін көрсетеді? (Анд тауы)
  8. География сөзі қай тілден алынған? (Грек)
  9. Географиялық карталар масштабына қарай нешеге бөлінеді? (ұсақ, орта,
    ірі)
  10. Азимуты 90 болса көкжиектің қай тұсына сәйкес келеді? (Шығыс)

2-топтың сұрақтары

  1. Масштабтың қанша түрі бар? (3, атаулы, сандық, сызықтық)
  2. Ұлы көлдер қайда орналасқан? (Солтүстік Америкада)
  3. Солтүстік пен оңтүстік полюсті қосатын сызықтарды не деп атайды? (Меридиан)
  4. Ф. Магеллан жер шарын қашан айналып шықты? (1519-1522ж.)
  5. Әлемдегі ең биік тау? (Гималай)
  6. Ең алғаш 50 см глобусты жасаған кім? (Мартин Бехайм)
  7. Солтүстік Америка мен Оңтүстік Американы бөліп тұрған не?(Панама каналы)
  8. Жер бетінің су қабатын не деп атайды? (Гидросфера)
  9. География ғылымының атасы? (Эратосфен)
  10. Теңіз немесе мұхит мұхит суының құрлыққа сұғына еніп тұрған бөлігін не деп атаймыз? (Шығанақ)
Кім тапқыр?

Бұл кезеңде екі топ картадан айтылған географиялық нысандарды тез көрсетіп, табудан жарысады. Әрбір дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.

1-топ

  • Балтық теңізі
  • Дрейк бұғазы
  • Хуанхэ өзені
  • Батыс желдер ағысы
  • Атлас таулары
  • Парсы шығанағы
  • Жерорта теңізі
  • Мадагаскар аралы
  • Арабия түбегі

2-топ

  • Амазонка өзені
  • Анд тауы
  • Қызыл теңіз
  • Камчатка түбегі
  • Гибралтар бұғазы
  • Ұлы көлдер
  • Мариан шұңғымасы
  • Мексика шығанағы
  • Гималай тауы
Ойлан тап

Сандықшадағы заттың не екенін табу керек. Ойлануға 1 минут. Дұрыс жауап – 5 ұпай.

1-топтың тапсырмасы

ХVІ ғасырдың бас кезінде Педро де Леон дейтін 13 жасар бала Оңтүстік Америкаға сапар шеккен испандық қарақшылардың кемесіне ілесіп Перуге келеді. Ол мұнда жергілікті халықтың осымен тамақтанатынын байқайды. Перуліктер оны папа деп атайды екен. Папаның күнге кептірілгенін чуньо деп атайды. Ал француздар оны жер алмасы деп, итальяндықтар әуелі тартуфоль деп атапты. Ресейе ХVІІІ ғасырдан бастап тарай бастады. Оның мұнда тарауында І Петрдің еңбегі зор. Сандықшада не бар? (картоп)

2-топтың тапсырмасы

Бұл күміс сияқты жарқыраған ақ түсті, өте жеңіл. Одан түрлі ыдыс — аяқтар, күнделікті тұрмыста жиі пайдаланатын бұйымдар жасалынады. Әсіресе, оның басқа металдармен қоспасы өте құнды. Мұндай қоспалар әрі берік, әрі жеңіл болғандықтан, ұшақтары, ғарыш кемелерін жасауға кеңінен қолданылады. Ол таза күйінде ХІХ ғасырдың басында өндіріле бастады. Оны балқыту алғашқы кезде өте қиынға түсті. Біразға дейін мұның сирек әрі қымбат болғаны соншалық Франция королінің отбасында одан жасалған пышақ пен шанышқа алтыннан да қымбат, сирек кездесетін зат ретінде қолданылған. Сандықшада не бар? (алюминий)

Семантикалық карта

Екі топқа семантикалық карта беріледі, дұрыс жауаптың тұсына «+» деген белгі қойылады. Белгілі уақыттың ішінде тез, дұрыс орындаған топқа 5 ұпай беріледі.
Семантикалық карта
Географиялық нысан

  • Тау
  • Өзен
  • Бұғаз
  • Теңіз
  • Түбек
  • Көл
  1. Виннипег +
  2. Кордильера +
  3. Амазонка +
  4. Ла-Манш +
  5. Арабия +
  6. Жерорта +
Қорытынды

Сайыс сабағымызды қорытындылау, жеңімпаз топты бағалау парағы арқылы анықтау, оқушыларды марапаттау.

Добавить комментарий