Оңтүстік Америка халқы мен елдері

Оңтүстік Америка халқы мен елдері

Сабақтың тақырыбы: Оңтүстік Америка халқы мен елдері

Қазіргі оқытудың талабына сай компьютерлі технологияны пайдаланып «Оңтүстік Америка халқы мен елдері» тақырыбының әдеттегі сабақтардан айырмашылығы жаңа тақырып визуалдық лекциямен, мұғалімнің презентация слайдтары арқылы баяндауынан басталады.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Оңтүстік Америка халқы мен елдері, олардың саны мен елдегі халықтарының тұрмыс-тіршілігі, шаруашылықтары туралы кең мағлұмат бере отырып, халықтар мен елдердің дамуы мен таралу ерекшеліктерін, тілдік және ұлттық атаулары арасындағы себеп-салдар байланыстарды анықтай білуге үйрету.

Көрнекіліктер: дүние жүзі физикалық картасы, дүние жүзі саяси картасы, атлас, кеспе қағаздар, суреттер, слайдтар

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Интербелсенді оқыту технологиясы, ассоциация, түртіп алу, «Иә» «Бейтарап» «Жоқ» кестесі, эссе.

Оңтүстік Америка халқы мен елдері

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі
І. Қызығушылықты ояту

Оқушылардың оқитын тақырыбына деген қызығушылығын туғызу. Оқушылардан сұрақтар жиналады. Нені білгісі келетіні туралы себептер айтылады. Немесе белгілі бір алынып отырған тақырып, мәселе төңірегінде не білгенінде жинақтап тізім жасау. Сосын топпен ой алмасу. Оқушылардың өздері таңдап алған белгілердің түріне қарай оқушылар 4 топқа бөлініп отырады.

Ассоциация құрастыру

Оңтүстік Америка: пампа, сельвас, гилея, ломас, льянос, пуна, кебрачо, кампос

Оқушылар жауабы:

  1. Ылғалды экваторлық орман.
  2. Сельвас — ит тұмсығы батпайтын қалың орман
  3. Льянос — Ориноко саваннасы
  4. Кампос — Бразилия саваннасы
  5. Пампа — құнарлы шымды қызғылт « жазық дала»
  6. Гилея — ылғалды экваторлық орман
  7. Ломас — түйнекті өсімдіктердің ерекше тобы.
  8. Кебрачо — тері илеуге қажетті шикізат алынатын ағаш.
  9. Пуна — биік таудағы шөптесін өсімдіктерден тұратын белдеу.

Т – кестесі «Қос жазба» күнделігі

Оқушы Мұғалім
Әр оқушы өз білетіндерін еркін айтады.
Өз лидерін анықтайды.
Әр оқушы жеке-жеке белгілеп, лидерге ұсынады.
Өздерін-өздері бағалайды. Оқушылардың топқа дұрыс бөлінуін қадағалайды.
Бағалау парағын таратады.
Еске түсіру үшін оқушыларға сұрақтар береді.

ІІ. Мағынаны ашу

Бұл кезеңде оқушы жаңа ақпараттармен, пікірлермен таныса бастайды. Бұл қадамда әр топ өздеріне берілген мәтінді оқиды. Тақырыптқа байланысты кино көру, лекция тыңдау, тәжірибе немесе эксперимент жасауға болады. Оқушы өз бетімен осы тақырып бойынша жұмыс жасау керек.

Мәтінмен жұмыс. Түртіп алу немесе Инсерт.

Тақырыбы: «Оңтүстік Америка халқы мен елдері».

Мәтіннің жоспары:

  1. Оңтүстік Америка халқының құрамы.
  2. «Инктер өркениеті»
  3. Байырғы және келімсек халықтары.
  4. Елдері.

Мәтінді оқи отырып, бұрыннан білетін және жаңалықтармен таныса отырып, өзіне күдікті дәлелдей алмайтын және түсініксіз, әлі де тереңірек білгісі келетін белгілерді қояды. Осыдан кейін әр топ өздерінің ойларын біріктіре отырып талдау жасайды. Бір-біріне сұрақтар қояды. Бұл кездегі оқушы мен мұғалімнің әрекеттері.

Оқушы Мұғалім
Мәтінді оқиды. Топқа жеке, бәрі бірігіп шартты белгілер қойып, талдау жасайды.
Әр топтан біреуі жауап береді. Негізгі жауапты таңдауға үйренеді. Бір-бірін тыңдауға үйренеді. Мәтінді оқуға 10 минут уақыт береді. Ойлауға, пікір айтуға уақыт береді. Әр топтың тапсырмасын мұқият орындауын қадағалайды. Жолдастарының жауаптарын тыңдауын, толықтыруын, дұрыс жауап беруін қадағалайды.

ІІІ. Ой толғаныс

Соңғы маңызды бөлім. Алған білімдерін қорытындылайтын кезең. Бұрын не білетінін, қазір не білгенін салыстырады.Өздері қойған сұрақтарына қаншалықты жауап алғанын бағалайды. Алған білімдерінің ұнағанын ортаға салады. Пікір таластырады.

Х. Колумбтың Американы ашуы жақсы болды ма? 3 дәлелмен жауап береді.

Иә Бейтарап Жоқ

  • Жаңа дүниедегі жаңа ашуларға негіз салды.
  • Батыс жарты шарды алып Америка дүние бөлігі ашылды.
  • Жаңа жерлердің табиғаты, халқы, шаруашылығы жөніндегі деректер белгілі болды, т.б.
  • Жақсы себебі — Американың ашылуы жаңа ашылуларға жол салды.
  • Жақсы болмағаны — үндістердің едәуір дамыған өркениеті мен мәдениетінің дамуына нұқсан келтірілді.
  • Еуропалықтар келгеннен кейін жергілікті халықты аяусыз құлдыққа салып, олардың өркениеті мен мәдениетін жойды.
  • Бағынбаған үндістердің көпшілігі қырғынға ұшырады.
  • Байырғы халықтар тіршілкке қолайсыз аудандарға көшірілді, т.б.

Бұл кездегі оқушы мен мұғалімнің әрекеттері.

Оқушы

Өзі белгіні қояды. Еркін сөйлейді. 3 дәлел келтіріп, сөзін дәлелдеп береді.

Мұғалім

Уақыт береді.
Нақты жауаппен дәлелдеуін талап етеді.

Үйге тапсырма
  1. «Егер мен саяхатшы болсам» эссе.
  2. Елдерге визитка жасау.
  3. Тест құрастыру, елдердің территориясын кескін картаға белгілеу.

Сабақ өту барысында мұғалімнің қол жеткен жетістіктері:

  • Оқушы қызығушылығы артты.
  • Бей-жай отырған оқушы жоқ, бәрі топтық, ұжымдық іс-әрекетте.
  • Тіл байлығы артып, ойлау қабілеті дамиды.
  • Дүниетанымдық көзқарасты қалыптастырады.
  • Бір-бірін сыйлауға, құрметтеуге үйренеді.
  • Топ алдына шығып, еркін өз ойын айтуға дағдыландырады.

Осы орайда, Қ.И. Сатпаевтың «Өз білімін өмірдің, өндірістің тәжірибелерімен нығайтып, байытып отыратын, тапқан ілімін үлкенді-кішілі ашқан жаңалығын хылықтың қажетіне беріп отыратын ғылым ғана өз дәрежесінде заман талабының өрісінде болады», — дегендей, білім беру саласында оқытудың жаңа, озық технологияларын меңгермейінше, жас ұрпаққа заман талабына сай білім беру мүмкін емес.

Маканова Фариза Абылайкызы
Оңтүстік Қазақстан облысы
Шардара ауданы
Қоссейіт жалпы орта мектебі

Добавить комментарий