Сабақтың тақырыбы: Оңтүстік Американың географиялық орны, материк жағалауындағы шайып жатқан мұхиттар мен теңіздер, зерттелуі.
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік: Оңтүстік Американың географиялық орына, зерттелу тарихына сипаттама бере отырып, оның жағалауындағы мұхиттар мен теңіздердің материк табиғаты үшін маңызын түсіндіру.
- Дамытушылық: оқыту барысында түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану оқушылардың бесенділігін, қызығуын арттыру, көпшілік алдында еркін сөйлеуге дағдыландыру.
- Тәрбиелік: оқушыларды табиғатты қорғауға, сүюге тәрбиелеу.
Типі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі: “Кім көп біледі?”, ”Сен-маған, мен-саған” ойындары, сәйкестендіру тесті, географиялық диктант.
Көрнектілігі: дүние жүзінің және Оңтүстік Американың физикалық карталары.
Оңтүстік Американың географиялық орны
Сабақтың барысы:
I. Қызығушылықты ояту кезеңі
“Кім көп біледі?” ойыны – оқушыларға Оңтүстік Америка аясында сұрақтар беріледі:
- Оңтүстік Америка жер көлемі жөнінен нешінші орын алады? (4)
- Қандай ежелгі материктің қалдығы? (Гондвана)
- Ең биік тауы? (Анды)
- Ең үлкен өзені? (Амазонка)
”Сен-маған, мен-саған” ойыны – оқыушылар бір-біріне сұрақ қояды.
- Оңтүстік жарты шар материктерін ата? ( Оңтүстік Америка, Антрактида, Аустралия )
- Оңтүстік жарты шар материктеріндегі жел бедерінің қандай түрі басым? (Жазықтар)
- Гренландия аралы қай елдің құрамына кіреді? (Солтүстік Америка)
II. Мағынаны тану кезеңі.
Сабақтың бұл кезеңінде жаңа материалдарды меңгеру жүзеге асырылады.
Жаңа сабақтың жоспары:
- Оңтүстік Американың географиялық орны.
- Жағалаудағы мұхиттар мен теңіздер.
- Зерттелу тарихы.
1. Жер көлемі 18,3 млн км2, аралдардың ең ірісі – Отты жер аралы. Су мол өзен –Амазонка. Ең биік сарқырамасы – Анхель сарқырамасы. Аса ірі тау жүйесі – Анд таулары. Жер шарындағы ең ылғалды, ең жасыл материк. Ең биік нүктесі – Аконкагуа 6960 м, ең томен нүктесі – Валдес түбегінде -40 м.
2. Материктің батысын – Тынық мұхиты, шығыс жағалауларын – Атлант мұхитының сулары шайып жатыр, солтүстік жағалауын – Кариб теңізі шайып жатыр. Перуана суық ағысы, Эль-Ниньо жылы ағысы, Фолкленд суық ағысы.
3. Зерттелу тарихы
- Христофор Колумб – Орталық Америка аралдарын, Саргасс теңізін, Ориноко өзені 1498 жылы зерттеді.
- Америго Веспучи – 1499 жылы Амазонка сағасын, 1501 жылы Бразилия жағалауына саяхат жасады.
- Фернан Магеллан — Оңтүстіктегі бұғазы арқылы материктің оңтүстік-батыс жағалауын айналып өткен.
- Александр Гумбольдт Бонпланмен бірігіп Оңтүстік Америка табиғатын зерттеген.
- А.И.Ваейков материктің климатын зерттеген.
- Н.И.Вавлов егіншілік орталықтарын анықтаған. Мәдени өсімдіктердің: картоп, жүгері, қызанақтығ отаны екенің дәлелдеген.
III. Ой толғаныс сабақты бекіту кезеңі.
1-тапсырма.
Шеткі нүктелері бойынша сәйкестендіру.
- Солтүстігінде а) Кабу-Бранку м.
- Оңтүстігінде б ) Париньяс м.
- Батысында в) Гальнас м.
- Шығысында г) Фроуард м.
2-тапсырма.
Географиялық диктант.
Оңтүстік Америка жерінің ауданы жөнінен _________ материк. Тілдік ерекшелігіне қарай материкті Орталық Америкамен қосып, ___________ деп атайды. Материктің батысын ____________ мұхитының сулары шайып жатыр. Материктің ең биік нүктесі ______________,______________ түбегінде материктің ең томенгі нүктесі орналасқан.
Керекті сөздер: Латын Америкасы, төртінші, Аконкагуа, Тынық, Атлант, Валдес
3-тапсырма.
Зерттелу тарихы. Кесте толтыру.
4-тапсырма.
Картамен жұмыс. Кескін картаға материктің шеткі нүктелірің, жағалауындағы мұхиттарды түсіру.
IV. Ой қорыту кезеңі.
Сиқырлы сандық.
Сиқырлы сандарды алып оларға сипаттама беріп, ой қорыту .
- 18,3 млн км2
- 41054 м
- 4
- 9000 км
- 6960 м
- -40 м
- 1498 жыл
- 1499 жыл
- 1874
- 1932-33
- XVI ғасыр.
V. Бағалау.
VI. Үйге тапсырма
“Оңтүстік Американың физикалық географиялық орны мұхиттар мен теңіздер, зерттелуі” оқу.
Абильдаева Жанаргуль Магадановна
Жезқазған қаласы, №1 орта мектебі
Сабақтың тақырыбы: Оңтүстік Американың географиялық орны, материк жағалауындағы шайып жатқан мұхиттар мен теңіздер, зерттелуі.