Оңтүстік Американың географиялық орны

Оңтүстік Американың географиялық орны

Сабақтың тақырыбы: Оңтүстік Американың географиялық орны, материк жағалауындағы шайып жатқан мұхиттар мен теңіздер, зерттелуі.

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: Оңтүстік Американың географиялық орына, зерттелу тарихына сипаттама бере отырып, оның жағалауындағы мұхиттар мен теңіздердің материк табиғаты үшін маңызын түсіндіру.
  • Дамытушылық: оқыту барысында түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану оқушылардың бесенділігін, қызығуын арттыру, көпшілік алдында еркін сөйлеуге дағдыландыру.
  • Тәрбиелік: оқушыларды табиғатты қорғауға, сүюге тәрбиелеу.

Типі: жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдісі: “Кім көп біледі?”, ”Сен-маған, мен-саған” ойындары, сәйкестендіру тесті, географиялық диктант.

Көрнектілігі: дүние жүзінің және Оңтүстік Американың физикалық карталары.

Оңтүстік Американың географиялық орны

Сабақтың барысы:

I. Қызығушылықты ояту кезеңі

“Кім көп біледі?” ойыны – оқушыларға Оңтүстік Америка аясында сұрақтар беріледі:

  1. Оңтүстік Америка жер көлемі жөнінен нешінші орын алады? (4)
  2. Қандай ежелгі материктің қалдығы? (Гондвана)
  3. Ең биік тауы? (Анды)
  4. Ең үлкен өзені? (Амазонка)

”Сен-маған, мен-саған” ойыны – оқыушылар бір-біріне сұрақ қояды.

  1. Оңтүстік жарты шар материктерін ата? ( Оңтүстік Америка, Антрактида, Аустралия )
  2. Оңтүстік жарты шар материктеріндегі жел бедерінің қандай түрі басым? (Жазықтар)
  3. Гренландия аралы қай елдің құрамына кіреді? (Солтүстік Америка)
II. Мағынаны тану кезеңі.

Сабақтың бұл кезеңінде жаңа материалдарды меңгеру жүзеге асырылады.

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Оңтүстік Американың географиялық орны.
  2. Жағалаудағы мұхиттар мен теңіздер.
  3. Зерттелу тарихы.

1. Жер көлемі 18,3 млн км2, аралдардың ең ірісі – Отты жер аралы. Су мол өзен –Амазонка. Ең биік сарқырамасы – Анхель сарқырамасы. Аса ірі тау жүйесі – Анд таулары. Жер шарындағы ең ылғалды, ең жасыл материк. Ең биік нүктесі – Аконкагуа 6960 м, ең томен нүктесі – Валдес түбегінде -40 м.

2. Материктің батысын – Тынық мұхиты, шығыс жағалауларын – Атлант мұхитының сулары шайып жатыр, солтүстік жағалауын – Кариб теңізі шайып жатыр. Перуана суық ағысы, Эль-Ниньо жылы ағысы, Фолкленд суық ағысы.

3. Зерттелу тарихы

  1. Христофор Колумб – Орталық Америка аралдарын, Саргасс теңізін, Ориноко өзені 1498 жылы зерттеді.
  2. Америго Веспучи – 1499 жылы Амазонка сағасын, 1501 жылы Бразилия жағалауына саяхат жасады.
  3. Фернан Магеллан — Оңтүстіктегі бұғазы арқылы материктің оңтүстік-батыс жағалауын айналып өткен.
  4. Александр Гумбольдт Бонпланмен бірігіп Оңтүстік Америка табиғатын зерттеген.
  5. А.И.Ваейков материктің климатын зерттеген.
  6. Н.И.Вавлов егіншілік орталықтарын анықтаған. Мәдени өсімдіктердің: картоп, жүгері, қызанақтығ отаны екенің дәлелдеген.
III. Ой толғаныс сабақты бекіту кезеңі.

1-тапсырма.

Шеткі нүктелері бойынша сәйкестендіру.

  1. Солтүстігінде а) Кабу-Бранку м.
  2. Оңтүстігінде б ) Париньяс м.
  3. Батысында в) Гальнас м.
  4. Шығысында г) Фроуард м.

2-тапсырма.

Географиялық диктант.

Оңтүстік Америка жерінің ауданы жөнінен _________ материк. Тілдік ерекшелігіне қарай материкті Орталық Америкамен қосып, ___________ деп атайды. Материктің батысын ____________ мұхитының сулары шайып жатыр. Материктің ең биік нүктесі ______________,______________ түбегінде материктің ең томенгі нүктесі орналасқан.

Керекті сөздер: Латын Америкасы, төртінші, Аконкагуа, Тынық, Атлант, Валдес

3-тапсырма.

Зерттелу тарихы. Кесте толтыру.

4-тапсырма.

Картамен жұмыс. Кескін картаға материктің шеткі нүктелірің, жағалауындағы мұхиттарды түсіру.

IV. Ой қорыту кезеңі.

Сиқырлы сандық.

Сиқырлы сандарды алып оларға сипаттама беріп, ой қорыту .

  • 18,3 млн км2
  • 41054 м
  • 4
  • 9000 км
  • 6960 м
  • -40 м
  • 1498 жыл
  • 1499 жыл
  • 1874
  • 1932-33
  • XVI ғасыр.
V. Бағалау.
VI. Үйге тапсырма

“Оңтүстік Американың физикалық географиялық орны мұхиттар мен теңіздер, зерттелуі” оқу.

Абильдаева Жанаргуль Магадановна
Жезқазған қаласы, №1 орта мектебі

Сабақтың тақырыбы: Оңтүстік Американың географиялық орны, материк жағалауындағы шайып жатқан мұхиттар мен теңіздер, зерттелуі.

Добавить комментарий