Қазақстанның ішкі сулары: өзендері мен көлдері

Қазақстанның ішкі сулары өзендері мен көлдері

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның ішкі сулары: өзендері мен көлдері

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: Қазақстанның өзендері мен көлдері және жер асты сулары, мұздықтар туралы білімдерін тиянақтайды және қорытындылайды.
  • Дамытушылық: Сабақта өз ойларын нақты, дәл жеткізе білуге, салыстыра білуге дағдылананады және ойлау қабілеттерін дамытады.
  • Тәрбиелік: Экологиялық білім ала отырып, жас ұрпақ туған жеріміздің су ресурстарын ұқыпты пайдалануға, қорғай білуге тәрбиеленеді.

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: CТО технологиясының элементтерін қолдану, тірек-сызба, сұрақ-жауап, өз бетімен жұмыс, картамен жұмыс, топпен жұмыс.

Көрнекілігі: Слайд-презентация, электрондық оқулық, Қазақстанның физикалық картасы, бағалау парағы, өзен көлдердің суреттері.

Қазақстанның ішкі сулары: өзендері мен көлдері

Сабақтың өту барысының кезеңдері:

I. Ұйымдастыру

Сәлемдесу.

Оқушыларды түгендеу, сабаққа даярлығын тексеру.

Үй тапсырмасы мынадай ойын элементі арқылы сұралады:

Сұрақ-жауап арқылы оқушылар топтарға бөлінеді. Топтардың аталуы мыныдай:

А) Өзендер.

  1. Қазақстан аумағында ірілі ұсақты 85 000 не бар?
  2. Жайық, Жем, Сағыз бұл не?
  3. Қаратал, Лепсі, Ақсу бұл не?
  4. Есіл, Тобыл, Елек бұл не?
  5. Қазақстанда 7 ірі не бар?
  6. Табиғи жолмен жасалған арна арқылы ағатын су қалай аталады?

Ә) Көлдер және бөгендер

  1. Қазақстан аумағында ірілі ұсақты 48 000–дай не бар?
  2. Каспий, Арал, Балқаш бұл не?
  3. Зайсан, Қарасор, Көкшетау бұл не?
  4. Шардара, Бұқтырма, Қапшағай бұл не?
  5. Қазақстанда 4 000 не бар?

Б) Жер асты сулары

  1. Грунт (еспе) суы қайда орналасқан?
  2. Артезиян суы қайда орналасқан?
  3. Минералды сулар қайда орналасқан?
  4. Жарықшақтың қат-қабатты типі қайда орналасқан?
  5. Қат-қабатты типі қайда орналасқан?
  6. Алмаарасан, Қапаларасан неге жатады?

В) Мұздықтар және бөгендер

  1. Республиканың барлық тауларында 2724 не бар?
  2. Алтай, Сауыр жоталары басында не орналасқан?
  3. Іле Ала тауындағы Шокальский бұл не?
  4. Сауыр жотасында 18 не орналасқан?
  5. Өзендердің негізгі су көздерің бірі не?
  6. Қазақстанда 2724 не бар?
II. Қызығушылықты ояту

Мағынаны тану: Кубизм

Суреттеу

  1. Қазақстанда ішкі сулар қалай таралған?
  2. Қазақ ақын жазушылары ішкі суларды қалай суреттеген?

Қарсы шығыңыз

  1. Қазақстанның ішкі сулары қалай ластануда?
  2. Экологиялық жағдайы?

Қолданыңыз

  1. Қазақстанның ішкі суларын қалай тиімді шаруашылықта пайдалануда?
III. Ой толғаныс

Оқушыларға Қазақстанның ішкі суларын картадан көрсету.
Электронды оқулық пен жұмыс істеу.

IV. Сабақты қорытындылау

Оқушыларды бағалау бетшесі арқылы бағалау.

V. Үйге тапсырма

Қазақстанның ішкі сулары туралы эссе жазу.

Добавить комментарий