Сингапур, Малайзия, Тайланд

Сингапур, Малайзия, Тайланд

Сабақтың тақырыбы: Сингапур, Малайзия, Тайланд

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: Сингапур, Малайзия, Тайланд елдері жөнінде түсінік беру
  • Дамыту: Дүниетанымдық көз-қарасты қалыптастыру
  • Тәрбие: Жан-жақты ізденімпаздыққа тәрбиелеу

Түрі: Жаңа білімді игерту

Көрнекілік: Дүние жүзінің саяси картасы

Сингапур, Малайзия, Тайланд

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру
  • а) Амандасу
  • б) Сабаққа қатысты тексеру
II. Үй тапсырмасын тексеру

Корея Республикасы жөнінде түсінік алу

III. Жаңа сабақ

Сингапур — экватордан сәл ғана солтүстікте орналасқан шағын Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеті. Ол Малакка түбегінен Джохар бұғазы арқылы, ал Индонезиядан Сингапур бұғазы арқылы бөлінген. Сингапур санскрит тілінен аударғанда «арыстан қаласы» деген мағына береді. Астанасы — Сингапур. Халқы — 4.2 млн адам, оның ішінде қытайлар 77%, малайлықтар 14%, үндістер 7%-ды құрайды. Ресми тілі — малай тілі, сонымен бірге ағышын, қытай, тамил тілдері қолданылады. Негізгі діни ұстанымы — буддизм, ислам, христиан, индуизм және конфуцийлік.

Сингапурде едәуір мөлшерде кеме жасау және кеме жөндеу верфтері бар. Ол теңіз қайраңдарындағы мұнай кен орындарын, бұрғылау қондырғыларын жасаудан дүние жүзінде АҚШ-тан кейінгі 2-орында. Сингапур дүние жүзінде Хьюстон мен Роттердам қалаларынан кейінгі мұнай өңдеу орталығы болып саналады. Мұнда жылына 20 млн т мұнай өңделеді. Ел экономикасындағы маңызды орынды жүк айналымы бойынша дүние жүзіндегі аса ірі порттарға жататын теңіз порты алады. Синпапурдегі Чанги әуежайының да халықаралық маңызы зор. Әуежай 10 жылдан астам уақыттан бері қызмет көрсету саласы және тиімділігі тұрғысынан дүние жүзінде алдыңғы орындардың бірінде.

Шетелдерге жоғары деңгейде әскери өнім шығаратын «Сингапур Технолоджиз» әскери-өнеркәсіптік кешені елдің аса ірі компаниясы саналады. Сингапур — ірі қаржы орталығы.

Малайзия — Оңтүстік-Шығыс Азияда орналасқан мемлекет. Аумағы — 333 мың км2. Әкімшілік-аумақтық бөлінісі бойынша ел 13 штатқа және 2 федералдық аумаққа бөлінген. Халық саны — 25 млн адам. Ресми тілі — малай, ағылшын, қытай, тамил тілдері қатар жүреді. Мемлекеттік діні — ислам, буддизм, конфуцийлік, индуизм, даоизм.

Тайланд — Үндіқытай мен Малакка түбегінде орналасқан Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеті. Мьянма, Лаос, Камбоджа және Малайзиямен шектесіп жатыр. Халқы — 64 млн адам. Халықтың негізін тайлар, қытайлар құрайды. Ресми тілі — тай тілі. Мемлекеттік діні — буддизм.

IV. Бекіту
  1. Малайзия мемлекетінің негізгі өнеркәсіптері
  2. Малайзияның саудадағы серіктестіктері
  3. Сингапурда туризм қалай дамыды
  4. Тайландтың импорттағы серіктестері қай елдер
V. Қорытындылау
VI. Бағалау
VII. Үйге тапсырма

Добавить комментарий