Сабақтың тақырыбы: Солтүстік Америка материгін қайталау
Сабақтың мақсаты:
- Оқушылардың Солтүстік Америка материгі туралы алған білімдерін жинақтау.
- Іскерлігі мен ой — өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту.
- Пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, еңбекке, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Типі: қайталау
Сабақтың түрі: жарыс сабақ
Көрнекілігі: Дүние жүзінің физикалық,саяси карта,атлас,түрлі суреттер.
Солтүстік Америка материгін қайталау
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру
Оқушыларды топқа бөлу
Сынып 3 топқа бөлінеді.
Бүгінгі сабағымыз Солтүстік Америка материгін қайталау сабағы болғандықтан ойын түрінде өтейін деп отырмыз.
Сабақ VII бөлімнен тұрады.
I бөлім: «Кім алғыр?» ойыны
(әр топқа 2 сұрақтан беріледі)
- Солтүстік Американың физикалық географиялық орнына сипаттама бер.
- Солтүстік Американың зерттелуіне үлес қосқан саяхатшыларды ата.
- Жер бедеріне сипаттама бер.
- Материк қандай пайдалы қазбаларға бай?
- Материктегі климаттық белдеулер мен олардағы климат жағдайларын анықта.
- Материкте қандай табиғат зналары бар? Олар қалай орналасқан?
II бөлім: «Балық аулау» ойыны
(картаға әр түрлі балықтардың түрлері ілінеді, әр топтың оқушылары кезек-кезек шығып, қалағанын алып жауап береді)
- Атлант мұхиты алабының басты өзендерін ата.
- Миссисипи өзенінің Миссури саласы мен қоса есептегендегі ұзындығы
(6420 км ұзындығы жөнінен дүние жүзі бойынша 3 орын алады). - «Миссисипи» атауы үндістер тілінде қандай мағынаны білдіреді? (су атасы)
- «Миссури» атауы үндістер тілінде қандай мағынаны білдіреді?
(тұнбалы өзен) - Солтүстік Мұзды мұхит алабына жататын өзендерді ата.
- Макензи атауы үндістер тілінде қандай мағына береді? (Үлкен өзен)
- Тынық мұхит алабына жататын өэендерді ата. (Алаптың ең ірі өзендері Колумбия мен Колорадо).
- Солтүстік Америкадағы ірі көлдерді ата.
- Солтүстік Америкадағы ең биік сарқыраманы ата, оның биіктігі мен ені қанша?
III бөлім. «Біз мемлекетті білеміз бе?»
Жоспар
- Мемлекеттің аты — Канада, АҚШ, Мексика
- Астанасы
- Координатасы
- Шектесетін елдері
- Қандай мұхит сулары шайып
жатыр?
IV бөлім. «Кім жылдам?» ойыны
(қай топ бірінші жауап береді, сол жеңімпаз атанады)
- Солтүстік Американың экваторға қатысты орны
- Солтүстік Американың бастапқы меридианға қатысты орны
(Батыс жарты шар) - Канада Арктикалық архипелагының пайда болуының себебі?
- Солтүстік Америкадағы жазықтар ( Ұлы, Орталық, Мексика)
- Кордильер тау жүйесінің пайда болу себебі (литосфералық тақталардың әсері)
- Солтүстік Америкада кездеспейтін климаттық белдеу (экваторлық)
- Солтүстік Американың ең ұзын өзені (Миссисипи)
- Солтүстік Американың шығысын шайып жатқан мұхит (Атлант)
- Үндістер мен негрлердің ұрпақтары кімдер? (самбо)
- Мак — Кинлидің биіктігі қандай? (6193 м)
- Канаданың туында не бейнеленген? (үйеңкі)
- Солтүстік Америка жер көлемі бойынша дүниежүзі бойынша нешінші орында? (3-ші)
- Канаданың астанасы (Оттава)
- Қылқан жапырақты ағаштар қай зонада өседі? (тайга)
- Американы ашқан кім? (Х. Колумб)
V бөлім. « Кім көп біледі?» ойыны
(топ басшылар сайысы)
1-топ басшысының сұрақтары
- Солтүстік Американың жер көлемі (24,2 млн км2)
- Дүние жүзіндегі ең үлкен әрі терең каньон (Колорадо)
- Дүние жүзіндегі ең үлкен тау мұздығы (Хабборт, 145 км)
- Дүние жүзіндегі ең биік ағаш (секвойя, 100 м)
- Солтүстік Американың жер шарындағы ең аз жауатын жері (Калифорния шығанағының солтүстігі,100 мм)
2- топ басшысының сұрақтары
- Дүние жүзіндегі ең үлкен арал (Гренландия)
- Дүние жүзіндегі ең ұзын жер асты үңгірі (Флинт-Мамонт, 500 км)
- Дүние жүзіндегі ең биік толысу толқындары қай жерде байқалады? (Фанди)
- Солтүстік Американың ең биік нүктесі (Мак — Кинли, 6193 м)
- Материктегі ең ыстық жер (Өлім аңғары,+57 С)
3- топ басшысының сұрақтары
- Дүние жүзіндегі аса ұзын, әрі енді тау жүйесі (Кордильер, ұзындығы 9000 км, ені 1600 км)
- Солтүстік Американың теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан нүктесі (Өлім аңғары, — 86 м)
- Материктегі жылдық жауын шашын ең көп түсетін жері (Кордильердің солтүстік батысы, 6000 мм)
- Солтүстік Американың байырғы халықтары (үндістер, эскимостар)
- Солтүстік Америкадағы ең суық жер (Гренландия аралы, — 70 С)
VI бөлім. «Пошта» ойыны
(қай топ бірінші орындаса, сол жеңімпаз атанады)
- Арал
- Түбек
- Теңіз
- Бұғаз
- Шығанақ
- Гренландия
- Кариб
- Ньюфауленд
- Саргасс
- Беринг
- Калифорния
- Флорида
- Юкотан
- Лабрадор
- Гудзон
- Мексика
VII бөлім. «Шешендік өнер»
Мұхиттар мен өзен, көлдерді ластанудан қорғау (керек, керек емес)
Қорытындылау
Әр топтың жинаған ұпайлары бойынша қай топ жеңгенін анықтап, белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.
Тараз қаласы, №47 орта мектеп
География пәннің мұғалімі Мамытбаева Ғалия Өкенқызы
Сабақтың тақырыбы: Солтүстік Америка материгін қайталау