Сценарий: 16 желтоқсан: Тәуелсіздік — елімнің ерлік жолы
1-жүргізуші:
Иә, ата-бабам аңсаған азаттық таң.
2-жүргізуші:
Ата-бабамыз армандаған тәуелсіз күн арайлап атып, көк байрағымыз көкке желбіреді.
1-жүргізуші:
Тәуелсіздік үшін ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен елін қорғаған бабалар рухынан қуат алған Желтоқсан оқиғасының орны ерекше.
2-жүргізуші:
Тәуелсіздік үшін жанын құрбан еткен азаматтарымыздың рен еңбегі ешқашан ұмытылмас.
1-жүргізуші:
Ендеше, сол Ұлы мерекеге арналған «Тәуелсіздік — елімнің ерлік жолы» атты мерекелік шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Тәуелсіздік тақпақтары
Ажар:
Он алтыншы желтоқсан
Ел мерейі тасыған
Қазақ деген қалың жұрт
Бәрін кешті басынан
Толғанай:
Әр қазақтың есінде сақталады
Желтоқсандық өреңдер ақталады
Ел намысын қорғаған сарбаздарым
Ертіктерін мәңгілік сақталады
Марал:
Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн
Ерекше боп мәңігік
Ел жадында қалған күн
Аида:
Елдігімнің реңі
Теңдігімнің тірегі
Мүддесінен халықтың
Ажырамас бір елі
Алтын заңым арай таным
2-жүргізуші:
Бақтың құсы әр адамға қонып бір
О, Тәңірім бізді баққа жолықтыр!
Бүгін міне Тәуелсіздік, ағайын
Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр!
«Біз Отанның ұланымыз»
Орындайтын: Тұрсын, Марал, Жанель
1-жүргізуші:
Аяз қысып, төкті қыс та қаһарын
Сиретпеді жастар бірақ қатарын
Қайдан білсін милиция қорғаны
Ұрып-соғып суық сумен атарын!
2-жүргізуші:
Желтоқсан оқиғасының басты қаһарманының бірі Қайрат Рысқұлбековке телеорталық инженері «Савицкийдің өліміне кінәлі» деген айып тағылды. Желтоқсан оқиғасының Қайрат Рысқұлбековтың абақтыдағы өмірінен көрініс назарларыңызға ұсынамыз.
Қайрат Рысқұлбеков абақтыда
Абақты іші Қайрат хат жазып отыр.
Автор сөзі:
Әкетай-ау пайғамбардай жасың бар
Туа бермес сіз секілді асылдар
Қартайғанда жүрегінді жаралап
Кесір болды-ау біз секілді масылдар
Айналайын қарындасым қарағым
Қолда кісен мен айдауға барамын
Қайғы шегіп азап тартқан ағаңды
Айтшы жаным қандай жанға баладың
Айналайын інішегім, құлыным
Сені ойласам үзіледі жұлыным
Сенің ерке ақ жүзіңді көре алмай
Кетіп барам мен айдауға құлыным
Қалдырып жаны мәңгі жас ұлынды
Құпия шерттім осы жан сырымды
Қош енді жолықпасам қайран анам
Көзімнен ақ жаулығын жасырыңды
Қайран анам күзеткенің түгелме
Көктеректе жазықсыз екенімді білеме
Бейшараңды мазақ етіп жоқ әлде
Саған дағы елің,жұртың күле ме?
Осы сәтте тергеушілер кіріп келеді.
Рамазан:
Иә, Рысқұлбеков тағы да хат жазып отырмысын?
Сен 18 желтоқсан күні сағат 10-да қайда болдың?
Тұрсын:
Жолдастарыммен бірге Фурманов көшесінде болдым.
Бейбарыс:
Жоқ сен өтірік айтпа. Сен Савицкийді өлтірдің. Сен оның өліміне кінәлісін.
Тұрсын:
Мен ешкімді өлтірген жоқпын.
Бейбарыс:
Мойында! Мойындасаң жазаң жеңілденеді.
Тұрсын:
Жасамаған нәрсені қалай мойындаймын. Бұл жала ғой
Досжан:
Бұдан ешқандай пайда жоқ, оданда ісін сотқа түсірейік.
Гүлсім:
Жарайды онда өзінен көрсін.
Автор:
Елім деп, қазағым деп айдай әлемге жар салып, ұлтының намысын қорғаған даланды, жігерлі азамат Қайрат Рысқұлбековтың соты болар күн де жетті.
Автор:
Айыпкер Рысқұлбековты тергеуге әкеліңдер! Айыпкер Қайрат қылмыскер деп танылып 3 жылға бас бостандығынан айырылсын, жазалаудың ең ауыр түрі өлім жазасына танылсын.
Рамазан:
Айыпкер ақтық сөзіңді айт
Тұрсын:
21-де жасым бар
Күнәдан таза басым бар
Бозторғайдай жаным бар
Алам десең алыңдар
Қайрат деген атым бар
Қазақ деген затым бар
Еркек тоқты құрбандық
Атам десең атыңдар!
Автор:
Алып кетіңдер мынаны.
Милиционерлер алып кетеді.
Тәуелсіздік дегеніміз не?
1-жүргізуші:
Тәуелсіздік қасиетті ұғым бұл
Ей келешек жан-тәніммен ұғып біл
Он бір әріп не мағына береді
Ал талдайық жеткенінше қызыл тіл
Т – білдіреді теңдікті
Ә – әдептілік, өрлікті
У – уайымсыз уақытты
Е – егемендік елдікті
Л – дейді лағып лепірме
С – сенімділік секілді ең
І – ілтипат пен ізет ғой
З – зиялылық тілек қой
Д – шақырады достыққа
І – ілкімді боп сақтыққа
К – дейді күн бол көктегі
2-жүргізуші:
Шаттық нұры шашылып зеңбіріктен
Шуағын күн төгеді енді көктен
Шылбыр үзді даланың арғымағы
Тәуелсіздік жалауын желбіреткен
Ән: Желтоқсан желі
1-жүргізуші:
Жеттік міне осы күнге көптен бері аңсаған
Ата-баба ұрпақ үшін көп уақытын жұмсаған
Осы күнге құрбан етті талай қазақ жандарын
Бұл күн үшін неше тұлға аямады қандарын
Азаматтарымыздың арқасында ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған Тәуелсіздікке қол жеткіздік. Халқымның ар-намысы үшін қаза болған ұл-қызының еңбектері ақталды.
2-жүргізуші:
Міне бүгінгі кеште өз мәресіне жетті. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын.
Хор: Мың жаса, Тәуелсіз қазақ елі!