Табиғаттағы су. Судың құрамы қасиеттері және қолданылуы

Табиғаттағы су. Судың құрамы қасиеттері және қолданылуы

Сабақтың тақырыбы: Табиғаттағы су. Судың құрамы қасиеттері және қолданылуы

І. Қызығушылықты ояту
  • А) Оқушыларды ұйымдастыру мақсатында судың дыбысын тыңдату арқылы мұхиттар, теңіздер, көлдер, өзендер деп жазылған парақшаларды таратып топқа бөлеміз. Бағалау критерийлерін топ басшыларына ескертіп айтып, қосымша түрлі түсті стикер ұсыну. Оқушылар парақшаны алу арқылы 4 топқа бөлінеді.
  • Б) Үй тапсырмасы
    «Кластер» әдісі арқылы сутек тарауын қайталау. Оқушылар топпен кеңесе отырып, постерге жазып қорғайды.
ІІ. Мағынаны тану

«Ротация » әдісін пайдаланып жаңа тақырыпты оқыту.

  • I. Судың адам үшін маңызы
  • II. Ластанған су түрлері
  • III. Судың қасиеті мен құрамы
  • IV. Судың қолданылуы

Оқушылардың ойын қорытындылайды. Топ құрамы өз тапсырмаларын орындап келесі топтарға ауысып барлық тақырыптарды толықтырады және өз орындарына келіп әр топтың жазған жауаптарын саралап, ақылдасып қорғайды.

«Су тазалайтын қондырғы» видеоролик көрсету. Оқушылар көре отырып, керекті мәліметтерді дәптерлеріне жазып алады.

Сергіту сәті «Атом және молекула»

Атом сөзі айтылғанда қозғалып жүріп, молекула сөзі айтылғанда екі-екіден жұптасады. Оқушылар қозғалып жүріп молекула құрайды.

ІІІ. Ой-толғаныс
  • БҮҮ кестесі. Оқушылардың бұрынғы су, сутек туралы білімдерін еске түсіру.
  • Білемін Үйренгенім Үйренгім келеді
  • Шығармашылық жұмыс
  • Су туралы (мақал-мәтелдер, тиым сөздер, тақпақ, өлең, сурет, эссе)
    Оқушылар алдыңғы сутек тарауындағы білімдерін байланыстырып кестеге толтырады.

Оқушылар өз жұмыстарын талдап қорғайды.
Үйге тапсырма
Бағалау. Оқушылар өз түрлі стикерлерін санайды.

Атырау облысы
Мақат ауданы
Доссор кенті
Абай орта мектебінің химия, биология пәндерінің мұғалімі
Дуйсалиева Базаргул Гизатовна

Сабақтың тақырыбы: Табиғаттағы су. Судың құрамы қасиеттері және қолданылуы

Добавить комментарий