Химия кабинетінде жұмыс істеген кездегі қауіпсіздік

Химия кабинетінде жұмыс істеген кездегі қауіпсіздік

Химия кабинетінде жұмыс істеген кездегі қауіпсіздік. Көптеген химиялық заттар күйдіргіш. Улы заттар да кездеседі. Кейбір заттар оңай от алады немесе қопарылыс береді. Сондықтан заттармен жұмыс істегенде әр химиялық кабинетте жазылған қауіпсіздік техникасының ережелерін қатаң сақтау керек.

Олардың маңыздылары:

  1. Заттарды қолмен ұстауға және дәмін татуға болмайды.
  2. Заттың иісін анықтағанда ыдысты мұрнына жақын апаруға болмайды. Өйткені бу немесе газдарды иіскеу тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін. Иісті білу үшін ауызын мұрынға қарай алақанмен желпу керек.
  3. Мұғалімнің айтуынсыз таныс емес заттарды араластыруға болмайды.
  4. Тәжірибе жасағанда заттардың аз мөлшерін ғана алу көрсетілсе, онда мұны қатты заттан 1/3 шай қасық, сұйықтықтан 1 – 2 мл алу қажет деп түсінген жөн.
  5. Әсіресе, қышқылдармен немесе сілтілермен жұмыс істегенде сақ болу керек. Егер, байқамай, қышқыл немесе сілті қолына не киіміне тиіп кетсе, суды көбірек пайдаланып, жуып жіберіңдер.
  6. Қышқылдарды су қосып сұйылтқанда, оған суды шайқап отырып қышқылды жайлап сыздықтатып құю керек. Қышқылға су құюға болмайды.
  7. Тек таза лабораториялық ыдыстарды ғана пайдалану керек.
  8. Заттардың қалдығын қайтадан таза заттары бар ыдысқа салмаңдар және құймаңдар.

Газ жанарғысы, спиртшам және электр қыздырғыштармен жұмыс істегенде мына ережелерді сақтаңдар:

  1. Газ жанарғысын жағу үшін шырпыны жанарғының тесігіне апарыпшүмегін жайлап ашыңдар;
  2. Газ жанғанда жалынның шалқуы байқалса, шүмекті тез жабыңдар.
  3. Егер газ жанарғысының жалыны ссары болса онда оған ауаның аз келіп тұрғаны. Мұндай жағдайда жалын түссізденгенше ауа реттегішті ашу керек;
  4. Жұмыс аяқталған соң газ шүмегінің жабылғанын тексеруді ұмытпау;
  5. Бөлмеде газ иісі сезілсе, сіріңке жағуға болмайды;
  6. Спиртшамды пайдаланғанда оны басқа шаммен жағуға болмайды, себебі спирт төгіліп, өрт шығуы мүмкін;
  7. Спиртшамды сөндіру үшін қақпағымен жабу керек;
  8. Электрқыздырғышты тізбекке қоспай тұрып, қыздырғыш сымдар оқшаулағышының бүтіндігін тексеріңдер;
  9. Электрқыздырғышты тоққа қосқан соң қызбаса, мұғалімге хабарлау;
  10. Электрқыздырғышпен жұмыс істегенде қызатын спиральді ластанудан сақтау;
  11. Жұмыс аяқталғанда электрқыздырғышты алып тастау.

Мақаланың тақырыбы: Химия кабинетінде жұмыс істеген кездегі қауіпсіздік

Добавить комментарий