Квадрат теңдеуді шығару үшін үшмүшеден екімүшенің толық квадратын айыру

Квадрат теңдеуді шығару үшін үшмүшеден екімүшенің толық квадратын айыру

Сабақтың тақырыбы: Квадрат теңдеуді шығару үшін үшмүшеден екімүшенің толық квадратын айыру

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: квадрат теңдеулерді шешу үшін үшмүшеден екімүшенің толық квадратын айыра білу;
  • Дамытушылық: әр оқушының тапсырмаларды біртіндеп орындауына жағдай жасау арқылы оның қабілетіне сәйкес жеке құзырлығын дамыту;
  • Тәрбиелік: жеке жұмыс жасауға, жауапкершілікті сезіне білуге, нәтижеге жетуге ұмтылуға, өзінше ізденімпаздыққа, еңбек етуге тәрбиелеу.

Типі: жаңа сабақ

Сабақтың түрі: аралас, дәстүрлі-ойын сабағы

Әдіс-тәсілдері: түсіндірмелі, практикалық сабақ, сұрақ-жауап.

Квадрат теңдеуді шығару үшін үшмүшеден екімүшенің толық квадратын айыру

Сабақтың барысы:

  • Ұйымдастыру кезеңі
  • Үй тапсырмасын тексеру (№120 есеп)
  • Қайталау сұрақтары
  • Жаңа сабақ
  • Бекіту (практикалық жұмыс)
  • Ширату сұрақтары
  • Үй тапсырмасын беру
  • Бағалау
Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, сыныптың тазалығын тексеру, сыныптың кезекшілігін анықтау, оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру.

Үй тапсырмасын тексеру

№120 есеп.

Теңдеуді шешіңдер:

1. 2. 3. 4.

Қайталау сұрақтары
  1. Квадрат теңдеу қандай түрде берілген теңдеу?
    Мұндағы a, b, c – қандай сандар?
  2. Квадрат теңдеудің түрлері?
  3. Толық квадрат теңдеу дегеніміз?
  4. Толымсыз квадрат теңдеу дегеніміз?
  5. Келтірілген квадрат теңдеу дегеніміз?
  6. Толымсыз квадрат теңдеуді шешу жолдары?
Жаңа сабақ

Квадрат теңдеуді шығару үшін үшмүшеден екімүшенің толық квадратын айыру түрлендіруін қолдануға болады.

Мысал,

1. Теңдеуін шығарайық.

Шешуі:
Алдымен квадрат теңдеудің сол жағындағы үшмүшеден екімүшенің толық квадратын айыру түрлендіруін қолданамыз. Ол үшін үшмүшесін түріне келтіреміз. Сонда алғашқы үш қосылғыш екімүшесінің квадратын береді.

Сыныптың жартысына өзіндік тапсырма беріледі. Қалған жартысына сұрақтар қойылады. 10 минут уақыттан соң 1-топтың тапсырмалары жиналып, 2-топқа өзіндік тапсырма беріледі де, 1-топқа сұрақтар қойылады.

  1. Квадрат теңдеудің түрін анықта.
  2. Теңдеуді түрінде жаз.
  3. Үшмүшеден екімүшенің толық квадратын айыру тәсілімен теңдеуді шеш.
Ширату сұрақтары

1-топқа

  1. Ең кіші және ең үлкен үш таңбалы сан? (100; 999)
  2. Үш ат 30 км-ге шапса, әр ат қанша км-ге шабады? (30км)
  3. Қандай квадрат теңдеу? (толымсыз)
  4. Өзара кері сандардың көбейтіндісі (1)
  5. 20 минут сағаттың қандай бөлігі? (1/3)
  6. Қандай квадрат теңдеу? (келтірілген, толық)
  7. Шеңбер салуға арналған құрал? (циркуль)
  8. Ең кіші натурал сан? (1)
  9. Қандай квадрат теңдеу? (толық)
  10. 1 сағаттың ¼ бөлігі нешеге тең? (15 мин)
  11. Ең үлкен натурал сан? (жоқ)
  12. Санды қандай санға бөлуге болмайды? (0-ге)

2-топқа

  1. 1 метрде неше см бар? (100)
  2. Үшбұрыштың периметрін қалай табамыз? (қабырғаларының ұзындықтарын қосып)
  3. Қандай квадрат теңдеу? (толымсыз)
  4. Кез келген санды нольге көбейтсен неше шығады? (0)
  5. 8/0 неге тең? (0өге бөлуге болмайды)
  6. Қандай квадрат теңдеу? (келтірілген, толық)
  7. Тәуліктің бірінші жартысы қай сағаттан аяқталады? (12)
  8. Ең үлкен 4 таңбалы санға 1-ді қоссаң неше шығады? (10000)
  9. Қандай квадрат теңдеу? (толық)
  10. Нанды үш бөлікке бөлу үшін нанды неше рет кесу керек? (2)
  11. Ең үлкен уақыт өлшем бірлігі? (ғасыр)
  12. Өзара кері сандардың көбейтіндісі? (1)
Үйге тапсырма

№123 есеп, 48-бет

Бағалау

Добавить комментарий