Сабақтың тақырыбы: Қосындыдан санды азайту тәсілі
Сабақтың мақсаты: санды қосындыдан азайту тәсілімен танысады, есепті әртүрлі тәсілмен шығаруды үйренеді.
Күтілетін нәтиже: санды қосындыдан азайту тәсілдерін біледі, есептерді әртүрлі тәсілмен есептер шығарады.
Сабақтың әдісі: көшбасшылық, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, АКТ-ны пайдалану, талантты және дарынды балаларды оқыту, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау; «Кім жылдам?», «Тыңдап отырған үштік», «Мозайка», «Ыстық орындық» әдістері.
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, өзін-өзі тану, музыка, дүниетану
Сабақтың көрнекілігі: кеспе қағаздар, бағдаршам суреттері
Дереккөз: оқулық, оқыту әдістемесі, ресурстар
Қосындыдан санды азайту тәсілі
Сабақтың барысы:
Психологиялық дайындық
Тренинг «Өрмекші торы»
Жіпті өзімнен бастап, келесі оқушыға өзімнің жақсы қасиетімді айтып өрмекші торын құрамыз, содан кейін жіпті жинар кезде бір-бірлеріне тілек тілейді.
Стикерге президент және әнші аттарын жазу арқылы топқа бөлемін.
Ережені еске түсіру:
- Тыныштық сақтау
- Бірін-бірі тыңдау
- Өз ойын ашық айту
- Уақытты үнемдеу
- Қол соғу
Бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ, сондықтан сабағымыз тілектер және адам бойындағы жақсы қасиеттермен тығыз байланысты. Бірін-бірі критерий арқылы бағалату
Дәптерге күнді, айды жазғызу «Әрбір таңғы қуаныш өмірге шаттық сыйлайды» Оқулықтағы 2 есепті интербелсенді тақта арқылы оқушыларға түсіндіру.
«Өзіңді сыйласаң-сыйымды боларсың»
«Тыңдап отырған үштік» әдісі
Топта 3 оқушыдан отырады. Яғни сөйлеуші, сұрақ қоюшы және жазып алушы.
Есеп 3, 86-бет
Әртүрлі тәсілмен есепте
- І-топ: (7+6)-5, (4+8)-3
- ІІ-топ: (5+6)-4, (8+7)-6
«Пингвиндер» биі
«Шыдамдылық кез келген кедергіні жеңеді»
Үй жұмысын тексеру
Есеп 4, 85-бет
Спорт дүкеніне 30 шығыршық, 20 секіртпе және 50 доп әкелінді. Спорт дүкеніне барлығы неше спорт бұйымы әкелінді?
Постермен жұмыс (екі топқа бірдей тапсырма)
Есеп 4, 87-бет
Есепті оқы және шығар. Аулада 8 ақ және 7 қызыл раушангүл өсіп тұр. Гүлшоғын құрастыру үшін 5 раушангүл қиып алынды. Аулада неше раушангүл қалды.
Бұл есепті әртүрлі тәсілмен шығаруға болады. Біреуін сен шығарып қойдың. Есепті шығарудың басқа тәсілін іздестіріп көр. Суретке қара. Раушангүлдің қандай түстері қиып алынуы мүмкін? Есептің әр жағдайда қалай шығарылғанын түсіндір.
- 1-тәсіл: (8+7)-5
- 2-тәсіл: (8-5)+7
- 3-тәсіл: (7-5)+8
«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей»
«Ыстық орындық» әдісі
- І-топ: Қоймада 60 қап күріш және 40 қап жарма болды. Асханаға 30 қап жөнелтілді. Қоймада неше қап қалды?
- ІІ-топ: Саяхатшылар қалаға дейін 3 сағат автобуспен, 7 сағат пойызбен жүрді және 5 сағат қайықпен жүзді. Олар барлығы неше сағат жолда болды?
Оқушылар жұмысты бірігіп жасайды және тексеріп, бағалайды.
Оқушылардың қосындыдан санды азайту жайлы түсініктері қалыптасады.
Өзара рөлдерді бөліп алып, тапсырманы шарты бойынша топпен орындап, спикер айтады.
Көңіл күйлері көтеріледі
Оқушылар қосындыдан санды азайту тәсілін қолданып, білетіндерін қағаз бетіне түсіріп, қорғайды.
Екі топқа ауызша тапсырма беріледі, оқушылар оқып, ойланып жауап дайын болған кезде бір оқушы жауабын айту үшін ыстық орындыққа жайғасады.
Бағалау
«Жауапкершілік абырой арттырады, жауапсыздық ұятқа қалдырады»
Сабақ барысында формативті бағалауды қолдану. Сабақтың басында критерийлер арқылы өз-өздерін бағалатып, өзім қорытынды баға шығарамын.
Өз-өздерін бағалайды.
Рефлексия (кері байланыс)
«Бағдаршам»
- Жасыл- мен сабақты жақсы түсіндім
- Сары- маған әлі де болса көмек керек
- Қызыл- түсінген жоқпын
Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін бағдаршамның түстерін көтеру арқылы көрсетеді.
Үйге тапсырма
Есеп 7, 87-бет.