Дене импульсі. Материялық нүктеде импульстің өзгеруі. Денелер жүйесі. Импульстің сақталу заңы.

Дене импульсі. Материялық нүктеде импульстің өзгеруі. Денелер жүйесі. Импульстің сақталу заңы.

Сабақтың тақырыбы: Дене импульсі. Материялық нүктеде импульстің өзгеруі. Денелер жүйесі. Импульстің сақталу заңы.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға өмірде кездесетін физикалық құбылыстарды мысал ретінде айта отырып, дене импульсі, күш импульсі және импульстің сақталу заңы туралы түсінік беру. Формулаларын тұжырымдау. Есеп шығаруда қолдана білуге үйрету. Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, бір – бірін бағалауға дағдыландыру.

Күтілетін нәтиже:

  1. Оқушылар импульстің мағынасын түсінеді.
  2. Дене импульсінің анықтамасын, формуласын, өлшем бірлігін біледі. Есеп шығаруда қолдана алады.
  3. Күш импульсінің анықтамасын, формуласын, өлшем бірлігін біледі. Есеп шығаруда қолдана алады.
  4. Дене импульсі мен күш импульсі арасындағы байланысты біледі. Есеп шығаруда қолдана алады.
  5. Импульстің сақталу заңын тұжырымдап, оны есеп шығаруда қолдана біледі.

Сабақтың түрі: Жаңа мағлұмат беру.

Әдіс – тәсілі: СТО, топтық, жеке жұмыстар,

Сабақтың көрнекілігі: постер қорғау, суреттер, үлестірме карточка

Дене импульсі. Материялық нүктеде импульстің өзгеруі. Денелер жүйесі. Импульстің сақталу заңы

I. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. «Қызығушылығын ояту» кезеңі

Оқушыларға сұрақтар қойылады

  • Ньютонның І заңын тұжырымда.
  • Ньютонның ІІ заңын тұжырымда.
  • Күш дегеніміз не? Олардың түрлері қандай?
  • Бүкіләлемдік тартылыс заңын тұжырымда.
  • Гравитациялық тұрақтының сан мәні, өлшем бірлігі.
  • Дененің салмағы дегеніміз не?
  • Егер дене үдемелі жоғары қозғалса, дененің салмағы қалай өзгереді?
  • Дене үдемелі төмен қозғалғандағы салмақтың формуласы.
ІІІ. «Мағынаны ашу» кезеңі

«Миға шабуыл»

  1. Үлкен жылдамдықпен келе жатқан допты футболшы аяқпен немесе баспен тоқтатады. Өте жай жылдамдықпен қозғалып келе жатқан вагонды адам тоқтата алмайды. Себебі?
  2. Күш импульсіне демонстрациялық тәжірибелер.
    Горизонталь бетке болат шар қойылған. Оның үстімен тұрақты магнитті жылдам өткізейік.
    Тәжірибені қайталап, магнитті шардың үстімен жайлап қозғайық, сонда шар магнитпен ілесе бірге жүреді.
  3. Үстелде жатқан бір парақ қағазға суы бар стакан қойылған. Егер сол қағазды жайлап тартсақ, онда стакан қағазбен бірге қозғалады. Ал егер қаттырақ тартып қалсақ, онда қағаз сусып шығады.

Тәжірибе себебін түсіндіру.

IV. Жаңа сабақ

«Импульс» гректің «impulses» деген сөзінен шыққан, оның сөзбе-сөз аудармасы «соққы» дегенді білдіреді. Бұл термин механикада екі шаманы: күш импульсі мен дене импульсін білдіреді.
Енді «Жуан» және «Жіңішке» сұрақтар беру арқылы жаңа тақырып бойынша постер қорғау. «Себет» тәсілі. Тақырып бойынша сұрақтардың жауабын сол себетке жазады.

Жіңішке сұрақтар

  1. Дене импульсі дегеніміз не? Белгіленуі, формуласы, өлшем бірлігі.
  2. Күш импульсі дегеніміз не? Формуласы, өлшем бірлігі.
  3. Дене импульсі мен күш импульсі арасындағы байланысты жаз.

Жуан сұрақтар

  1. Дене импульсінің бағыты қалай анықталады? Себебін түсіндір.
  2. Күш импульсінің бағыты қалай бағытталады? Себебін түсіндір.
  3. Импульстің сақталу заңын тұжырымдаңдар.
V. Ой толғаныс

Есептер шығару

  1. Массасы 10 кг дененің импульсі 50 кг м/с болғандағы дененің жылдамдығын табыңдар.
  2. Массасы 160 г, 600 м/с жылдамдықпен ұшып келе жатқан оқтың импульсі неге тең?
  3. Денеге 5с-та 250 Н күш әрекет етеді. Дененің импульсін тап.

Формулалар құрастыру
Кестедегі толтыр.

VI. Сабақты бекіту

Оқушыларды бағалау

Тест жұмысы

  1. Дене импульсінің формуласы
    А) p=m В) p=mg С) p=mc
  2. Күш импульсі деп
    А) Күш пен әсер ету уақытының көбейтіндісі
    В) Күш пен жылдамдықтың көбейтіндісі
    С) Дене массасы мен жылдамдығының көбейтіндісі
  3. Импульстің сақталу заңының формуласы
    А) р1+р2=p1+p2 В) p=m С) p=Ft
  4. Күш импульсінің өлшем бірлігі
    A) H・c B) H・м C) Н/с
  5. Өзара әсерлесетін денелер жүйесі үшін импульстің сақталу заңы қандай жағдайда орындалады?
    А) құйынды өріс
    В) тұйықталмаған
    С) тұйықталған
  6. Дене импульсінің өлшем бірлігі
    А) кг・м В) кг・м/с С) кг・м/с2
  7. Денеге 15с бойы 4Н күш әсер етеді. Күш импульсін табыңдар.
    А)50 Н с В) 60 Н с С) 0,5 Н с
  8. Күш импульсі мен дене импульсінің арасындағы байланыс қандай?
    А) m=Ft B) p=Ft C) p=m
  9. Массасы 20 кг дененің импульсі 100 кг м/с болғандағы дененің жылдамдығын табыңдар.
    А) 4 м/с В) 5 м/с С) 3,5 м/с
  10. Импульс терминін білдіретін шамалар
    А) Күш импульсі және дене импульсі В) Дененің жылдамдығы
    С) Дененің массасы.
VII. Үйге тапсырма

19, 20-тақырыптар. 17-жаттығу.

Сабақтың тақырыбы: Дене импульсі. Материялық нүктеде импульстің өзгеруі. Денелер жүйесі. Импульстің сақталу заңы.

Добавить комментарий