Механикадағы күштер

Механикадағы күштер

Сабақтың тақырыбы: Механикадағы күштер

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: Өтілген материал бойынша білімдерін нақтылау. Эксперименттік есептер шығару барысында оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыру.
  • Дамытушылық: Теориялық алған білімдерін практикада қолдана білуге дағдыландыру. Өз бетімен жұмыс жасауға, ойлау қабілеттерін дамыту. Пәнге деген қызығушылықтарын қалыптастыру.
  • Тәрбиелілік: Ұқыптылыққа, бірін-бірі тыңдауға, сыйлауға, қорытынды жасай білуге, қабілетіне сенімді болуға тәрбиелеу.

Типі: Практикалық.

Өткізу әдісі: Ауызша, жазбаша есептер, тәжірибе жасау.

Қажетті құралдар: Интерактивті тақта, компьютер, динамометр, жүктер жиынтығы.

Пәнаралық байланыс: математика, информатика.

Механикадағы күштер

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Өтілген материалдарды қайталау
  1. Күш дегеніміз не? Оны сызбада қалай кескіндейді?
  2. Халықаралық бірліктер жүйесінде күштің өлшем бірлігі.
  3. Күштің қандай түрлерімен таныстық?
  4. Үйкеліс күші дегеніміз не?
  5. Үйкелістің өмірде қандай пайдасы бар?
  6. Ауырлық күші дегеніміз не? Ол қандай шамаға тәуелді болады?
  7. Серпінділік күші дегеніміз не?
  8. Үйкелістің көп, аз болуы неге байланысты?
III. Экспериментті есептер шығару және олардың практикада қолданылуын талдау
  1. Вертикаль жоғары лақтырылған доп неліктен төмен құлайды?
  2. Жерде тұрған адамды жер өзіне тарта ма?
  3. Дененің үнемі салмағы бола ма?
  4. Дененің салмағы ауырлық күшінен аз бола ма?
  5. Серпінділік күші неге байланысты?
  6. Қыста жолға және жол шетіне неліктен құм төгеді?
  7. Үйкеліс күші дене бөлшектерінің қозғалысына қалай бағытталады?
  8. Егер денеге әрекет ететін күштердің қорытқы күші төмен бағытталса, дене жоғары қозғалама?
IV. Тәжірибе. Ауырлық күші

Оқушылар берілген құралдардың көмегімен ауырлық күшінің дене массасына тәуелділігін дәлелдеу керек.
Жүргізілген тәжірбиенің нәтижесінде оқушылар мынандай қорытындаға келді: ауырлық куші дене массасына тура пропоционал

Тәжірибе. Үйкеліс күші
Ағаш кесегінің қағаз бетінде сырғанағанда үйкеліс коэффициентін анықтау. Қорытынды жасайды.

V. Күштерді есептеуге есептер шығару
  1. Массасы 30 кг денеге әрекет ететін ауырлық күшін есепте.
  2. Массасы 4 кг денеге Айда қандай ауырлық күші әрекет етеді?
  3. Массасы 80 кг спортшы массасы 60 кг штанганы көтерді. Ол қандай полға әрекет етеді?
  4. Амортизатордың серіппесі 320 Н күштің әсерінен 9 мм-ге сығылды. 1,6 кН күштен серіппе қанша мм-ге сығылады?
  5. Массасы 400 г дене 160 Н күштің әрекетінен жазық бетте бірқалыпты қозғалып келеді. Үйкеліс коэффициенті неге тең?
  6. Болат серіппе 260 Н күштің әрекетінен 80 мм-ге ұзарды. Серіппенің қатаңдығы неге тең?

Сергіту сәті.
Күш туралы білімге қатысты үйден жазып келген мақал-мәтелдерін оқиды.

VI. Қорытындылау
VII. Бағалау
VIII. Үйге тапсырма беру

Деңгейлік есептер

Добавить комментарий