Таза заттар және қоспалар

Таза заттар және қоспалар

Сабақтың тақырыбы: Таза заттар және қоспалар

Мақсаты: Айналамыздағы таза заттар және қоспалар туралы сипаттау және оларды қоспадан қалай ажыратуға болатынын түсінік қалыптастыру.

Міндеттері:

  • сыни тұрғыдан ойлауға дағдыландыру;
  • топтың ережесін сақтап, белсенді атсалысу;
  • өз бетімен шешім таба білуге үйрету, мотивация және моралды жауапкершілік туғызу.

Қолданылған модульдер: «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау».

Стратегиялық іс-әрекеттер: «Жүректен жүрекке» , «Өрмекші торы», «Миға шабуыл», «Вен диаграммасы», «Екі жұлдыз, бір тілек».

Кіріспе

А) Психологиялық ахуал
«Жүректен жүрекке» стратегиясы

Мақсаты: Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Ә) Топқа бөлу

Мақсаты: Бірлесіп жұмыс жасап соңғы нәтижеге жету. Амандасу, түгендеу.

  • Оқушыларды ұйымдастыру.
  • Оқушыларды топтастыру.
  • Сабақтағы әрекеттің мақсаты мен міндетін түсіндіру.
  • Сабақтың мақсатына жету үшін оларға не қажет екендігін түсінуге жетелеу.
  • Табыс критерийлерімен таныстыру.

Оқушыларға жасырылған сандарды алғызып, топқа бөлемін. Амандасады. Сабақтағы әрекеттің мақсаты мен міндетін танысады. Табыс критерийлерімен танысады. Топқа бөлінеді.

«Миға шабуыл» стратегиясы

Мақсаты: Ой қозғау.
Мұғалім тәжірибелік жұмыс көрсетеді:

  • А) Әтірді бөлмеге алып себеді;
  • Б) Стақанға маргонсовканы салып араластырады.

Оқушылар мұғалімнің жасаған қандай қимыл жасағанын тауып жауабын айту керек.
Әтір, стақан, маргансовка, су.

«Өрмекші торы» стратегиясы

Мақсаты: өткен тақырып бойынша білімдерін тексеру.

Үй тапсырмасы бойынша оқушыларға сұрақ қойылады

  1. Физикалық дене дегеніміз не?
  2. Физикалық дененің құрамдас бөлігі?
  3. Физикалық денелерге не жатады?
  4. Диффузия дегеніміз не?
  5. Диффузия латын тілінде қандай мағына білдіреді?
  6. Молекулалар нешеге бөлінеді?
  7. Атом дегеніміз не?
  8. Газ молекула жылдам тарайма, әлде сұйық молекула жылдам тарайма?

Оқушыларға сұрақ қойылып, жауап береді.

  1. Бізді қоршаған заттар.
  2. Зат.
  3. Стакан, кесе, есік
  4. Сұйықтың ішіндегі және газдағы молекуланың таралуын диффузия деп атаймыз.
  5. Таралу, ыдырау, жайылу деген мағынаны білдіреді.
  6. Екіге бөлінеді. Сұйық және газ молекулалар.
  7. Кішкентай бөлшектерден тұратын қоршаған дүниенің барлығы атом.
  8. Газ молекула
Жаңа тақырып: Таза заттар және қоспалар

Мақсаты: Айналамыздағы таза заттар және қоспалар туралы сипаттау және оларды қоспадан қалай ажыратуға болатынын түсінік қалыптастыру.

Оқушыларға жаңа тақырып бойынша тәжірибелік жұмыстар беріледі.
Оқушылар темір және борды тәжірибе жұмыстары физикалық қасиетін анықтап, қоспадан таза затты ажыратын алады. Мәтінмен жұмыс беріледі.

«Жарайсыңдар»

Темір, бор, тұз, құм, стақан, су, магниткалар.

Венн диаграммасы

Мұғалім әр топқа плакат беріп, «венн диаграмма» тапсырмасын береді. Оқушылар Венн диаграммасына темір мен бордың қасиетін жазады.

«Алғырсыңдар»

Плакат, маркер, магниткалар.

«Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясы

Мұғалім әр топқа стикер таратып, екі топтың ұнаған жұмысына бағалау қағазын береді.

Оқушылар үш топтың ішінен екі ұнаған тобына дауыс береді, ал үшінші топқа тілек ұсыныстарын айтады. Стикер.

Сергіту сәті «Би қимылы»

Оқушылар сергіту үшін би қимылы беріледі. Экранда берілген жаттығуды қайталап отырады. Бейнежазба

«Тест сұрақтарымен жұмыс»

Мақсаты: есте сақтау қабілеттерін дамыту. Әр топқа интерактивті тақтада тест сұрақтары беріледі. Берілген сұраққа оқушылар жауап береді.

«Ойларың озық екен»

Қорытынды
Бағалау

Мақсаты: Шынайы бағалауды үйрену.

Рефлексия

Мақсаты: оқушылардың бүгінгі сабақта не үйренгендігін бақылау.
Мұғалім әр топтың көшбасшысынан қалай бағалағанын сұрайды.

Бүгінгі сабақтың қорытындысын стикерге жазады.
Бағалау парағын таратамын.

Балалар, осы өтілген сабақ бойынша, сендердің көңіл күйлерін қандай сол күнге шұғыла салыңдар

Әр топтан көшбасшысы өз тобының қалай қатысқаны жөнінде баяндайды.
Бүгінгі сабақта не үйренді, не ұнағандығы жөнінде стикерге жазып, «БАҚЫТ» ағашына іледі.
Бағалау парағына толтырып, өзін – өзі бағалайды. «Дұрыс» Бағалау парағы

Үйге тапсырма беру

Мұғалім оқушыларға тест сұрақтарына дайындалуға тапсырма береді. Оқушылар үй тапсырмасы бойынша тест сұрақтарына дайындалады. Оқулық

Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы №16 лицей-мектебі
Тарих және география пәндерінің мұғалімі
Казенова Асем Нуриденовна

Добавить комментарий