«Астана» тақырыбын қайталау

«Астана» тақырыбын қайталау

Сабақтың тақырыбы: «Астана» тақырыбын қайталау

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: Отанымыздың бас қаласы Астана туралы түсініктерін жетілдіру. Жаңадан бой көтерген әсем ғимараттар туралы өткенді қайталау.
  • Дамытушылық: Оқушылардың Астана қаласына деген қызығушылығын арттыра отырып, ойлауын, дүниетанымын, тілін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
  • Тәрбиелік: Астанаға деген таңдану мен мақтаныш сезімдерін туғыза отырып, Отанын сүюге баулу.

Көрнекілігі: Астана суреттері, «Бәйтерек», «Ханшатыр» суреттері, сызбалар, интерактивті тақта.

Сабақтың түрі: қайталау сабағы

Әдісі: сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

А) Сәлемдесу

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа тақырып. Өткенді қайталау.
Топтастыру стратегиясы. «Мен не білемін?»

Астана сөзін топтастыру стратегиясы бойынша жазамыз.
Астана — Елорда, Елбасы, Нұр Астана, Бәйтерек.
Суреттерін ілеміз.

Сұрақтар
  1. Отанымыз қалай аталады?
  2. ҚР-ның Президенті кім?
  3. 16 желтоқсан қандай мереке?
  4. Сонымен, біздің ҚР-ның астанасы қай қала?
  5. Астана ҚР нешінші астанасы?
  6. Астана қай өзеннің бойында орналасқан қала?
Мәтінмен жұмыс

Тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы – Астана. Ол Есіл өзенінің бойында Сарыарқа жерінде орналасқан. Аз уақыттың ішінде қала танымастай өзгерді. Есіл өзенінің бойында Елбасы Резиденциясы, Парламент үйі, “Интерконтиненталь” қонақ үйі, «Бәйтерек», Жастар сарайы, «Нұр Астана» мешіті, «Думан» ойын-сауық орталығы, «Ақорда», «Хан Шатыр», Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия университет және көп қабатты тұрғын үйлер бой көтерді. Парламент үйінің алдында Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің ескерткіштері қойылған. Қаланың ортасында бес жұлдызды “Алатау” қонақ үйі салынды. Астана қаласында 100-ден астам ұлт өкілдері тұрады. Қала тұрғындарының саны 518 мың адам. Астана – болашағы үлкен қала.

Сөздік жұмысы

Сөздерді аударыңдар:

  • тұрғын –
  • орталық –
  • ғимарат –
  • қасиетті –
  • ұлт –
  • болашақ –
  • қала –
  • сарай –
  • қонақ үй –
«Ой қозғау» стратегиясы

Өткен сабақта өткен жылдарды қайталау.

Хронологиялық тапсырма. Кесте

«Сиқырлы сандар не дер екен?»

  • 1920-1924 жж. Орынбор қаласы.
  • 1924-1929 жж. Қызылорда қаласы.
  • 1929-1997 жж. Алматы қаласы.
  • 1997 ж. астана Ақмола қаласына көшірілді
  • 1998 ж. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Ақмола қаласының аты Астана деп өзгертілді.

Сонымен бұл сиқырлы сандардың сырларын да ашып бердіңдер. Әр елдің, мемлекеттің, республиканың басты қаласы – астанасы болады. Қазақстан республикасында – Астана қаласы, тарихта 4-ші астанамыз.

Астана – әсем, әдемі, жас, жаңа, қала.

Өздік жұмыс: Тапсырмалар.

Қазақстан, Елбасы, Астана — сөздерінен басқа сөздер құрастыру.
Кім көп сөз біледі?

Мақал-мәтелдерді аудару

  • Ел іші – алтын бесік.
  • Отан оттан да ыстық.
  • Туған жердің ауасы да шипа.
  • Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.
  • Отан үшін күрес – ерге тиген үлес.
  • Ер – елінде, гүл – жерінде.
  • Отанды сүю отбасынан басталады.
  • Туған жердің жуасы да тәтті.
  • Әркімнің өз жері – жұмақ.

Кестені толтыру.

Инсерт стратегиясы: Білемін? Не білдім? Нені білгім келеді?
Үй жұмысы

«Астана» атты өлең жаттап келу

Бағалау

Оқушыларға стикерлер таратылады. Оқушылар бір-бірін бағалап, пікірлерін айтады.

Сабақтың тақырыбы: «Астана» тақырыбын қайталау

Добавить комментарий