Сақтар

Сақтар

Сабақтың тақырыбы: Сақтар

Сақтар «дұшпанға – қатал, досқа – адал» болған.

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділігі: Ежелгі Қазақстан аумағын мекендеген сақ тайпаларының мекендеген аумағы, олардың тіршілігі, шаруашылығы туралы деректермен таныстыру.
  • Дамытушылығы: Қазақ халқының тарихы бойынша білімдерін толықтыру, оқушының қосымша деректерді тауып пайдалану, ой-өрісін, ойлау, сөйлеу қабілетін, өз бетімен жұмыстану дағдысын дамыту.
  • Тәрбиелігі: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, оқушының өз елінің тарихи құндылықтарын құрметтеуге үйрету, елін, жерін сүйетін отансүйгіш, дарынды ұрпақ тәрбиелеу.

Түрі: аралас сабақ.

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту.

Әдіс-тәсілі: баяндау, әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан Республикасының картасы, дүниежүзі картасы,қосымша әдебиеттер, сақ тайпаларының суреттері, кесте,электронды оқулық.

Пәнаралық байланыс: география, бейнелеу өнері, дүниежүзі тарихы, қазақ әдебиеті.

Сақтар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгендеу, оқушылардың көңіл-күйлеріне көңіл бөліп, оқу құралдарының бар-жоқтығына зер салу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Зымыран сұрақтар:

  1. Көшпелі мал шаруашылығы қашан қалыптасты? (б.з.б 2 м ж)
  2. Көшпелілер нені киелі санады? (ошақты)
  3. Біздің заманымызға жеткен ежелгі мерекелердің бірі Наурыз мейрамы, бұдан неше жылдай бұрын пайда болған? (3000)
  4. Жайлау деген не? (малды алысқа ұзатып жаятын жайылым)
  5. Темір дәуірінің қамтитын кезеңі? (б.з.д 8 ғ мен 6 ғ аралығы)
  6. Көшпелі мал шаруашылығында жылқының қандай маңызы болды?
  7. Қазақстанның қай өңірлерінде таза көшпелі тұрмыс қалыптасты? (Батыс және Орталық Қазақстан)

Сиқырлы шарлар:

  1. Көшпелілердің жүк көлігі ретінде пайдаланған жануар?(түйе)
  2. Біздің заманымызға жеткен ежелгі мереке? (наурыз)
  3. Қарапайым көрікпен темір өндіру үшін пештің ең жоғарғы температурасы нешеге тең? (1200 градус).
  4. Темір дәуіріне түсінік бер? (темірден еңбек құралдары, қару-жарақтың жасалуы)
  5. Түйеден қандай өнім алынады? (шұбат, ет)
  6. Жылқыдан қандай өнім алынады? (қымыз, ет, қазы-қарта)
  7. Көшпелілердің баспанасы не болды? (киіз үй)
  8. Киіз басу үшін қай жануардың терісі пайдаланылды? (қой)

Қорытындылай келе көшпелі мал шаруашылығының дамуы үлкен өзгерістерге алып келді. Атап айтатын болсақ, тайпалардың шаруашылық өміріндегі өзгерістер Қазақстан аумағындағы ертедегі таптық мемлекеттердің қалыптасуына негіз болды, соның ішінде сақ тайпаларын ерекше атауға болады.

ІІІ. Жаңа сабақ

Сақтар – біздің бабамыз,
Ақыл-ойлы данамыз.
Тарихи дерек іздеп біз,
Көне дәуір тамырын
Тереңнен іздеп табамыз, — деген өлең шумағымен ашайық.

Жоспары:

  1. Сақ туралы алғашқы мәліметтер.
  2. Сақ тайпаларының қоныстануы.
  3. Сақ қоғамы.

Ой қозғау

  1. Парсы әскерлерін сусыз шөлге апарып, адастырып, жарты әскеріне ажал құштырған кім?
  2. Бұл кім, білесің бе? Ол Кирдің денесін таптыртып алып, қан толтырған торсыққа салып тұрып, не деді?
  3. Бұл кімнің суреті? Бұған қарап не айтар едіңдер?

Электронды оқулық пайдалану.

ІV. Сергіту сәті

«Ойлан тап» жұмбақтарды шешу

  • Қадам бас алға сүрінбей
    Болашақ кілті – білімде.
    Қандай мағына береді,
    «Сақ» сөзі парсы тілінде? (Құдіретті еркектер)
  • Басынан кешкен шақтарды
    Тарихшы тізіп ақтарды
    Кімдер деп тағы атады,
    Грек, Геродот сақтарды? (Массагеттер)
  • Көгенге құлын байлады,
    Бес қаруды да сайлады.
    Айтып берші, қай сақтар,
    Арал мен Сырды жайлады? (Парадарайа)
  • Білімді алтынға теңедік,
    Достарға ашық, кең едік.
    Әйгілі сусын жасаушы,
    Сақтарды кімдер деп едік? (Хаомаварга)
  • Бел-белестен асады,
    Өр сақтардың жасағы.
    Тиграхауда сақтары,
    Қай жерді мекен жасады? (Жетісуды)
  • Арайлап таңы атады,
    Маужырап күні батады.
    Түйе сүті балмен тең,
    Сақтар қалай атады? (шұбат)
V. Жаңа сабақ бекіту

Кестенің бос орындарын толтырыңдар.

Сақ-тиграхаудалар Жетісуды, Тянь-Шань тауларын, Сырдарияның орта ағысын мекендеген. Теңіздің арғы жағында өмір сүрген сақтар Арал бойы мен Сырдарияның төменгі ағысын мекен еткен. Сақ-хаомаваргалар Хаома сусынын дайындаған

Түртіп алу стратегиясы.

(Тақырыпқа байланысты кездескен сөздер)

  • Грек авторы Ктесий.
  • Томирис – сақ патшайымы.
  • Шырақ – сақ жауынгері.
  • І Дарий – парсы патшасы.
  • Спаргапис – Томиристің ұлы.
  • Александр Македонский – ұлы грек қолбасшысы.
  • Спитамен – сақ жауынгері.
  • Геродот – тарихшы.
VІ. Сабақты қорытындылау

Семантикалық карта, мағынаны айыру; + —

  • Шаруашылығы
  • Территориясы

Сақ атаулары

  1. Тиграхауда
  2. Хаумоварга
  3. Парадарайа
VІІ. Үйге тапсырма

Сақтар, Сақтардың мекендеген жері. Сақ әйелдернің қоғамдағы орны жөнінде эссе жазу.

VІІІ. Бағалау

Оқушылардың білімін бағдаршам арқылы бағалау.

  • Жасыл түс — «5»
  • Қызыл түс — «4»
  • Сары түс — «3»

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Ш. Уәлиханов атындағы
№26 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі
Сабитқызы Гүлжан

Сабақтың тақырыбы: Сақтар

Добавить комментарий