Сабақтың тақырыбы: Түркі халықтарына ортақ әдеби құндылықтар
Сабақ атауы: Ежелгі дәуір әдебиеті туралы түсінік. Түркі халықтарына ортақ әдеби құндылықтар
Жалпы мақсаттар: Ежелгі дәуір әдебиеті туралы түсіндіру. Б.з.д жазу – сызулар жайлы мағұлмат беру. Көне сақ жазбалары, ХІ ғасырдағы мұраларды құрметтеп, ұлт мәдениетін дәріптеуге тәрбиелеу. Түбі бір түркі әдебиетін білуге ұмтылдыру.
Оқыту нәтижелері: Берілген тапсырмалар бойынша сыни ойлау. Өзіндік пікір қалдыруға ұмтылдыру. Топтық пікірді құрметтеуге, тыңдауға үйрену, проблеманы шешуге ұмтылу және бүгінгі күнге сай салыстырулар. Ежелгі дәуір әдебиеті туралы біледі. Ежелгі дәуір әдебиетін санамап біледі. Өз елінің жанашыр азаматы болу күтіледі.
Негізгі идеялар: Біздің заманымызға дейінгі көне түркі дәуірінің мәдени, әдеби ескерткіштері, қазақ халқын құрған тайпалық бірлестіктердің тұрмыс-тіршілігі, әлеуметтік өмірі жайлы біліп, құрметтеп керегінше пайдалану.
Дереккөздер: Оқулық және А. Қыраубаева «Ежелгі дәуір әдебиеті»
Түркі халықтарына ортақ әдеби құндылықтар
Тұсаукесер
Мағынаны тану
Психологиялық дайындық
М. Шаханов «Рух пен тіл» өлеңін тыңдату, бірге орындау
Жаңа тақырып бойынша ассоциация
- Қазақтар мекендеген жерлер
- «Сақ» сөзі нені білдіреді?
- Атақты грек тарихшы кім? Геродот
Ежелгі дәуір әдебиеті
- Заманымызға дейін жазу-сызулар (б.з.д VІІ-ІV ғ)
- Түркі қағанаты дәуіріндегі жазу-сызулар (V – VІІІ ғ)
- Оғыз дәуіріндегі жазбалар
- Ислам дәуіріндегі әдебиет
- Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет
Ұлан-байтақ қазақ жері — ең кемінде 3-5 мың жылдық тарихы бар көне мәдениет өлкесінің бірі. Қазақтардың арғы ата тегі — біздің жыл санауымызға дейін-ақ Қазақстанның қазіргі аумағында өмір сүрген сақ, ғүн, үйсіндер. Заманымыздың V ғасырынан былай «түрік», «түркілер» атанған.
Сақтар біздің заманымыздан бүрын Монғолия мен Дунай арасын мекендеген. «Сақ» сөзі қазақ тілінде күні бүгінге дейін сақталған. Мысалы: сақа (асық), сақпан, сақшы, қып-сақ (қыпшақ), т.б. Көшпелі сақтар жайындағы деректер көне грек тарихшысы Геродоттың «Тарих» кітабында, қытай шежірелерінде жазылып қалған.
Сақтардың 26 әріптен тұратын жазуы болған. Есік қаласының маңынан табылған Алтын Бекзаданың жанындағы күміс тостағанда: «Аға, саған бүл ошақ! Ошағынан безгендер, тізеңді бүк! Халықта азық-түлік мол болғай!» — деген жазу бар. Алтын Бекзаданың біздің заманымызға дейінгі VII—V ғасырларда өмір сүргендігі анықталып отыр. Сақтар көне түркі тілінде сөйлеген. Күміс тостағандағы жазу мен біздің заманы-мыздағы VIII ғасырда жазылған Орхон жазулары бірдей.
Заманымыздың V ғасырына дейін оларды «түрік», «түркілер» деп атаған. Олар көне түркі тілінде сөйлеген.
- Тақырыпшалар бойынша постер қорғау
- Кітаппен жұмыс
Ежелгі дәуір әдебиетін зерттеушілер:
- А. Қыраубаева
- Н. Келімбетов
- Ә. Марғұлан
- Қ.х ата-тегі – сақ, ғұн, үйсіндер.
- V ғ бастап түркілер деп аталған. Көне деректер грек тарихшысы Геродоттың «Тарих» кітабында көрсетілген.
- Сақ жазуы – 26 әріптен тұрады. Сақтар көне түркі тілінде сөйлеген.
- Ең көне жырлар: Тарғытай (Ер Тарғын, Тұмар патшайым, Мөде батыр)
Қосымша тапсырмалар: Тест жұмысы
Ой толғаныс «Ана тілім, күмбірле сарайымда» түйін жасау (ауызша, жазбаша)
Бағалау
Формативті бағалау «Екі жұлдыз, бір тілек»
Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласының
№4 жалпы орта білім беретін мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Кембридж бағдарламасы бойынша 2-деңгей сертификатталушысы
Габдуллина Галия Гимеденовна
Сабақтың тақырыбы: Түркі халықтарына ортақ әдеби құндылықтар