XIX ғасырдың 60-жылдарындағы әкімшілік реформалар

XIX ғасырдың 60-жылдарындағы әкімшілік реформалар

Сабақтың тақырыбы: XIX ғасырдың 60-жылдарындағы әкімшілік реформалар

Жаңа сабақты оқыту. Жаңа сабақтың мақсат-міндеттерімен таныстырып, сабақтың жоспарын айтамын.

  1. Реформаның алғышарттары. Дайындық кезеңі.
  2. Реформаның мағынасы, мәні.
  3. Реформа бойынша басқару жүйесіндегі өзгерістер.
  4. Реформаның нәтижесі.

XIX ғасырдың 60-жылдарындағы әкімшілік реформалар

Өз бетімен жұмыс ретінде әр топқа тақырыпты бөліп беріп, түсінгендерін постер арқылы қорғатамын. Мұғалім тек бағыт-бағдар беріп отырады.
Әр топтан бір спикер шығып, постерді қорғайды. Кейін мұғалім оқушылардың айтқандарын толықтырып, қорытындылайды. Картадан көрсетеді.

Қазақ жері
3 генерал-губернаторлық
  1. Орынбор — орталығы Орынбор
  2. Батыс-Сібір — орталығы Омбы
  3. Түркістан — орталығы Ташкент
Облыстар
  1. Орал
  2. Торғай
  3. Ақмола
  4. Семей
  5. Жетісу
  6. Сырдария
Уездер
  1. Орал
  2. Гурьев
  3. Калмыково
  4. Жем (Темір)
  5. Елек (Ақтөбе)
  6. Николаев (Қостанай)
  7. Ырғыз
  8. Торғай
  9. Ақмола
  10. Көкшетау
  11. Петропавл
  12. Омбы
  13. Атбасар (Сарысу) 1869 ж. қосылды Павлодар
  14. Қарқаралы
  15. Өскемен
  16. Зайсан
  17. Көкпекті
  18. Баянауыл
  19. Сергиополь
  20. Қапал
  21. Верный
  22. Жаркент
  23. Ыстықкөл
  24. Тоқмақ
  25. Қазалы
  26. Перовск
  27. Түркістан
  28. Шымкент
  29. Әулиеата
  30. Ходжент
  31. Жизақ
Басқару жүйесінің сатылары
  • Реформаға дейін — 3 сатылы
  • Реформадан кейін — 5 сатылы
  1. Генерал-губернаторлық
  2. Облыс
  3. Уезд
  4. Болыс
  5. Ауыл
Реформа бойынша құрылған әкімшілік бөлініс
  1. Генерал-губернаторлық — Генерал-губернатор — Облыстар
  2. Облыс — Әскери губернатор (атаман) — Уездер
  3. Уезд — Уезд бастығы — Болыстар
  4. Болыс — Болыс сұлтаны — 1-2-3 мың шаңырақты ауылдар
  5. Ауыл — Ауыл старшыны — 100-200 шаңырақ
Сергіту сәті

Топтық жұмыс

  • 1-топ. Венн диаграммасы. 1822-1824 ж.ж. реформа мен 1867-1868 ж.ж. реформаларды салыстыру.
  • 2-топ. Семантикалық карта.
  • 3-топ. Сәйкестендіру тесті.
Бекіту

Тест беріледі

  1. Әкімшілік реформалар қай жылдары жүргізілді?
    А) 1822-1824 ж.ж.
    В) 1865-1866 ж.ж.
    С) 1867-1868 ж.ж.
    D) 1871-1872 ж.ж.
    Е) 1875-1876 ж.ж.
  2. 1867-1868 ж.ж. енгізілген біртұтас салық ?
    А) ұжыр салығы
    В) зекет салығы
    С) түтін салығы
    Д) жол салығы
    Е) баж салығы
  3. Ресей үкіметі қазақ жерін басқару туралы Ереженің макетін дайындау үшін Дала комиссиясын қай жылы құрды?
    А) 1865 ж.
    В) 1866 ж.
    С) 1867 ж.
    D) 1868 ж.
    Е) 1869 ж.
  4. 1865 ж. 5-маусымда қазақ жерін зерттеп білу сұрақтарын дайындауға әмір берген патша?
    А) І Александр
    В) ІІ Александр
    С) ІІ Павел
    D) І Николай
    Е) І Петр
  5. Реформа бойынша қазақ даласы неше генерал-губернаторлықтаға бөлінді?
    А) 3 (Түркістан, Орынбор, Батыс Сібір)
    В) 4 (Орынбор, Омбы, Түркістан, Батыс Сібір)
    С) 2 (Орынбор, Батыс Сібір)
    D) Генерал-губернаторлықтарға бөлінбеді
    Е) 1 (Орынбор)
  6. Реформадан кейін неше сатылы басқару жүйесі қалыптасты?
    А) 3
    В) 4
    С) 2
    D) 5
    Е) 1
  7. ІІ Александр патша Жетісу және Сырдария облыстарында басқару туралы ережеге қашан қол қойды?
    А) 1868 ж. 21 қазанда
    В) 1867 ж. 22 қыркүйекте
    С) 1867 ж. 11 шілдеде
    D) 1869 ж. 10 мамырда
    Е) 1870 ж. 1 ақпанда
  8. Реформа бойынша Батыс Сібір генерал-губернаторлыққа кірген облыстар:
    А) Ақмола, Семей
    В) Түркістан, Перовск
    С) Орынбор, Ақмола
    D) Павлодар, Алматы
    Е) Орынбор, Семей
  9. Торғай, Орал, Ақмола және Семей облыстарын басқару туралы ережеге патша қашан қол қойды?
    А) 1867 ж. 11 шілдеде
    В) 1868 ж. 21 қазанда
    С) 1868 ж. 11 қарашада
    D) 1869 ж. 2 маусымда
    Е) 1870 ж. 10 тамызда
  10. Облыстар қандай әкімшілік бірлікке бөлінді?
    А) Ауыл
    В) Село
    С) Уезд
    D) Қала
    Е) Аудан
Қорыту

Абай Құнанбайұлы, Ыбырай Алтынсары ұлы реформаның теріс жақтарын мысқылдап, сынады.

Күлімбайға (1889 жыл)

Болыс болдым, мінеки
Бар малымды шығындап,
Түйеде қом, атта жал
Қалмады елге тығындап.
Сөйтсе – дағы елімді
Ұстай алмадым мығымдап.
Күштілерім сөз айтса
Бас изеймін шыбындап…

Үй тапсырмасы

§28. Мазмұндау.
ІІ Александр бейнесіне ене отырып, 1867-1868 ж.ж. реформаның себептерін және оны әзірлеудің барысы жайлы ой-толғау жасау.

Бағалау парақшасын тексеру

Сабақтың тақырыбы: XIX ғасырдың 60-жылдарындағы әкімшілік реформалар

Добавить комментарий