Қазақ тілі пәнінен қайталау тест сұрақтары 5 сынып
1. Қазақ тілінде неше әріп бар?
- A) 39
- B) 26
- C) 42
- D) 24
- E) 40
2. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
- A) 3
- B) 2
- C) 4
- D) 5
- E) бөлінбейді
3. Дауысты дыбыстар тілдің қатысына қарай нешеге бөлінеді?
- A) 3
- B) 2
- C) 4
- D) 5
- E) бөлінбейді
4. Ауыспалы мағынадағы сөзді табыңдар
- A) Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ
- B) Айнаштың шашы ұзын екен
- C) Мен жидемді іздеймін деп барлық киімдерімді шаштым
- D) Мағжанның апасы ұрысқаны соншалық бетін тіліп тастады
- E) Қазақ тілі – мемлекеттік тіліміз
5. Ықпалдың неше түрі бар
- A) 3
- B) 2
- C) 4
- D) 5
- E) бөлінбейді
6. Дұрыс тасымалданған сөзді көрсет
- A) ке-ю
- B) бал-дырғ-ан
- C) 10-км
- D) бүл-дір-шін
- E) Ал-МҰ-У
7. Буын үндестігіне бағынбай тұрған сөзді тап
- A) балалар
- B) кімдікі
- C) ағаеке
- D) күректі
- E) ініммен
8. Ол баланың көзі ашық, көкірегі ояу екен, – деді үй иесі
Осы сөйлемдегі көп мағыналы сөз
- A) бала
- B) көз
- C) ашық
- D) көкірек
- E) ояу
9. Көңілге жағымсыз, дөрекі естілетін сөздерді сыпайы сөздермен ауыстыратын тілдегі құбылыс қалай аталады?
- A) дисфемизм
- B) фразеологизм
- C) сингормонизм
- D) эвфемизм
- E) фонетика
10. Боз жирен сөзінің дұрыс айтылуын көрсет
- A) бож жирен
- B) бос жирен
- C) бөз жирен
- D) бөс ширен
- E) бос ширен
11. Ілгерінді ықпалды сөзді тап
- A) тоқ екен
- B) сақ адам
- C) қара ағаш
- D) ала көз
- E) жазсын
12. Қияр сөзінің диалектісі
- A) тұқым
- B) сым
- C) бәдірен
- D) үгей
- E) кеуірт
13. Араб, парсы тілінен енген кірме сөздерді көрсет
- A) ұшақ, ұжым
- B) адам, мәдениет
- C) емтихан, ұлыс
- D) телефон, аймақ
- E) нөкер, коллектив
14. Қолөнершілік кәсіпке байланысты сөзді тап
- A) қармақ
- B) қоза
- C) орақ
- D) терімші
- E) шербек
15. Термин сөздер қатары
- A) ыңғыру, атауыз
- B) куб, глобус
- C) жақсылық, жамандық
- D) нән, маңлай
- E) лашық, найза
Жауаптары:
- C
- A
- B
- C
- B
- D
- C
- B
- D
- A
- D
- C
- B
- E
- B