Қазақ тілі пәнінен тест сұрақтары 11 сынып
1 нұсқа
1. Дұрыс жазылған сөзді белгілеңіз
- A) Ләззәт
- B) Күләндә
- C) Жәмила
- D) Күлай
- E) Дүдамал
2. Туынды сын есімді табыңыз
- A) Нашар
- B) Ақ
- C) Аласа
- D) Абырой
- E) Аспалы
3. “Он төрт” – сан есiмнiң қай мағыналық түрi екенін белгілеңіз
- A) Бөлшектiк
- B) Есептiк
- C) Болжалдық
- D) Реттiк
- E) Жинақтық
4. Өздік есімдігі қатысқан сөз тіркесін көрсетіңіз
- A) Көңілді қария
- B) Еңбектеген бала
- C) Өзіміздің балалар
- D) Өнерлі жастар
- E) Мектеп оқушылары
5. Жай сөйлемнің қай түрі, көрсетіңіз
Жүйрік ат – ердің қанаты.
- A) Жалаң
- B) Жақсыз
- C) Атаулы
- D) Жайылма
- E) Сабақтас
6. Мақалдың тақырыбын анықтаңыз
Білімді өлмес – қағазда аты қалар,
Ұста өлмес – істеген заты қалар.
- A) Адамгершілік
- B) Өнер-білім
- C) Достық
- D) Ерлік
- E) Денсаулық
7. Антоним сөздерді көрсетіңіз
- A) Шыбын — шіркей
- B) Бұлғақтау — бұралаңдау
- C) Аштық — тоқтық
- D) Аға — әке
- E) Көктем — жазғытұры
8. Заттық ұғымның атауы болатын сөзді табыңыз
- A) Әлдеқалай, солай
- B) Көрген, көрер
- C) Анау, сонау
- D) Демеуші, егінші
- E) Сіз, сенен
9. Күрделі сөзді көрсетіңіз
- A) Қабырғаңмен кеңес
- B) Тіс жармады
- C) Таза киім
- D) Сары уайымға салынды
- E) Жүріп келе жатыр еді
10. Негізі екі буыннан құралған еліктеуіш сөзді табыңыз
- A) Лып
- B) Қыңқ
- C) Тыртың
- D) Күмп
- E) Арс
11. Тұрлаулы мүшелердің екеуі де сан есімнен болғанда қойылатын тыныс белгісін табыңыз
- A) Сызықша
- B) Дефис
- C) Қос нүкте
- D) Көп нүкте
- E) Үтір
12. Сөйлемдегі анықтауыштың жасалу жолын белгілеңіз
Мектепте алты жүз бала оқиды.
- A) Есімдік
- B) Етістіктің есімше түрі
- C) Зат есім
- D) Сан есім
- E) Сын есім
13. Көп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз
- A) Күн түс ауа жылынып, сызды дала бусанып, ауыл сыртында әдемі бір көрініс туып еді.
- B) Аттылар жақындаған сайын, Төлегеннің жүрегі орнына түсе бастады.
- C) Ауыл адамдары мәз-мәйрам болып, мерекені жақсы өткізді.
- D) Жаңа ғана талып қалғандай, Әбіш ешбір белгі бермей сұлқ жатты.
- E) Әдейі танытпайын деп, ол бет-аузын таңып алыпты.
14. Шешенге ең қажетті қасиетті табыңыз
- A) Сөзге тапқырлық
- B) Келісімпаз болу
- C) Көп сөйлеу
- D) Өзін көрсету
- E) Көп тіл білу
15. Омоним бола алмайтын сөзді көрсетіңіз
- A) Найза
- B) Қаралы
- C) Мін
- D) Жұт
- E) Ара
16. Ілгерінді ықпалды табыңыз
- A) Добым
- B) Мәдениет
- C) Машина
- D) Қамысбай
- E) Жанбады
17. Сөз аралығындағы кейінді ықпалды көрсетіңіз
- A) Өлең өлшемі
- B) Сұрап ал
- C) Атты кісі
- D) Көшенің бойы
- E) Қиындықтан қашса
18. Қосымшалы қос сөзді көрсетіңіз
- A) Балалы-шағалы
- B) Үп-үлкен
- C) Қып-қызыл
- D) Төбе-төбе
- E) Алыс-жақын
19. Көмектес септіктің көнеленуінен қалыптасқан үстеуді белгілеңіз
- A) Баяғыда
- B) Әрең-әрең
- C) Кеңінен
- D) Жоғары
- E) Кезекпен
20. Күшейткіш демеулікті табыңыз
- A) дейін
- B) сайын
- C) -ау
- D) ше
- E) -ды
21. Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзі бар сөйлемді табыңыз
- A) – Бұл үйдің жаны нешеу?, деді Итбай.
- B) “Бұл үйдің жаны нешеу”: деді Итбай.
- C) – Бұл үйдің жаны нешеу? деді: Итбай.
- D) – Бұл үйдің жаны нешеу?: деді Итбай.
- E) – Бұл үйдің жаны нешеу?- деді Итбай.
22. Кімің келіп кетті?
Сұраулы сөйлемнің жасалу жолын табыңыз
- A) Зат есім
- B) Сұраулық шылау
- C) Дауыс интонациясы
- D) Сұрау есімдігі
- E) Көмекші етістік
23. Сен келіп қойғанбысың?
Сұраулық шылаудың түрлену түрін анықтаңыз
- A) Септелді
- B) Жіктелді
- C) Тәуелденді
- D) Көптік тұлғасында
- E) Көмектес септікте
24. Сызықша қай жерде қойылатынын анықтаңыз
- A) Одағай сөзден кейін
- B) Бірыңғай мүшелердің арасында
- C) Атаулы сөйлемнен кейін
- D) Бастауыш пен баяндауыштың арасында
- E) Қыстырма сөзден кейін
25. Орфографиялық заңдылыққа қайшы сөзді көрсетіңіз
- A) Бұрыш
- B) Көрік
- C) Отырыс
- D) Көкшетау
- E) Қиян-гескі
26. Көптік жалғауының дұрыс жалғанбағанын көрсетіңіз
- A) Балалар
- B) Құрылысшылар
- C) Газеттер
- D) Кітаптар
- E) Ұндар
27. Түбір тұлғасы өзгеріске ұшырап біріккен сөзді табыңыз
- A) Алатау
- B) Әкел
- C) Мұратәлі
- D) Кейбір
- E) Ешқашан
28. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз
- A) Тас жүрек
- B) Ашық күн
- C) Жұлып тастады
- D) Бас сүйек
- E) Қара торы
29. Жай сөйлемдер арасына тыныс белгісін қойыңыз.
Күн бесіндіге келген кезде Көркемтайдың аулы астаң-кестең болды кемсеңдеп кемпір-шал жылады, қанын тартып сұрланып жастар тұрды.
- A) Үтір, сызықша
- B) Қос нүкте
- C) Үтір
- D) Сызықша
- E) Нүктелі үтір
30. Тыныс белгісі дұрыс қойылған қыстырма сөзді сөйлемді көрсетіңіз
- A) Бұл даусыз; бірақ осы қағиданың өңін айналдырмау керек.
- B) Бұл даусыз – бірақ, осы қағиданың өңін айналдырмау керек.
- C) Бұл даусыз, бірақ осы қағиданың өңін айналдырмау керек.
- D) Бұл даусыз – бірақ — осы қағиданың өңін айналдырмау керек.
- E) Бұл даусыз, бірақ, осы қағиданың өңін айналдырмау керек.
Қазақ тілі пәнінен тест сұрақтары 11 сынып
2 нұсқа
1. Екі буыннан құралған сөзді анықтаңыз
- A) Бүгін
- B) Кіріспе
- C) Қаламгер
- D) Бояушы
- E) Оқушы
2. Тырнақшаға алынып жазылатын жалқы зат есімдерді көрсетіңіз
- A) Қарағанды, Жетісу
- B) Амангелді, Ақбота
- C) Адай, Балбырауын
- D) Іле, Лепсі
- E) Балқаш, Зайсан
3. Сапалық сын есімді көрсетіңіз
- A) Шоқпардай
- B) Үлкенірек
- C) Малды
- D) Түнгі
- E) Көтеріңкі
4. Күрделі сан есімді көрсетіңіз
- A) Жетеу
- B) Үштен екі
- C) Мың
- D) Ондаған
- E) Бесінші
5. Шылау сөздер білдіретін мәні мен сөйлемде атқаратын қызметіне қарай нешеге бөлінеді, көрсетіңіз
- A) 2
- B) 5
- C) 3
- D) 4
- E) 1
6. Антонимдік жұпты көрсетіңіз
- A) Әдейі — жорта
- B) Тоқпақ — қол ағаш
- C) Татуласу — жарасу
- D) Ащы — тұщы
- E) Тынығу — жату
7. «Ұжымдастыру» сөзіндегі ұяң дауыссыз нешеу екендігін көрсетіңіз
- A) 2
- B) 1
- C) 5
- D) 4
- E) 3
8. Бірыңғай езулік, жіңішке дауыстылардан болған сөзді белгілеңіз
- A) Еріншек
- B) Бүлдірген
- C) Жоңышқа
- D) Мүсәпір
- E) Бүлдіршін
9. Сілтеу есімдігін көрсетіңіз
- A) Санау
- B) Еш нәрсе
- C) Сонау
- D) Кейбіреу
- E) Үшеу
10. Тұйық етістікті көрсетіңіз
Ашық күндерде кір жуу жақсы.
- A) Кір
- B) Ашық
- C) Күндерде
- D) Жақсы
- E) Жуу
11. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз
- A) Жонынан таспа тілу
- B) Кішкене тарақ
- C) Толықша келіншек
- D) Жаңбырлы күн
- E) Томағасын сыпыру
12. Аралас құрмалас сөйлемді табыңыз
- A) Жел үрлеген сайын, сапырылысып түскен сары жапырақтар жер бетін түгел жапты.
- B) Жалғасы қызық болды, олар таңға көз ілмеді.
- C) Үсен пышақтың сыртымен тасқа қатты ұрып еді, мақта тұтанды.
- D) Дәркембай, Абылғазы, Қаңбақ, Тоқсан, Жұмыр да осында.
- E) Кейде ұзақ жырлар жырланып, кейде ел ішінің әңгімелері айтылады, ауыл адамдары бұларды қызыға тыңдайды.
13. Тыныс белгісі дұрыс қойылған орынды көрсетіңіз
- A) “Сөйлемді сауатты құрастырған жөн,” — деді мұғалім.
- B) “Сөйлемді сауатты, құрастырған жөн,” — деді мұғалім.
- C) “Сөйлемді сауатты құрастырған жөн” — деді мұғалім.
- D) Сөйлемді сауатты: құрастырған жөн, — деді мұғалім!
- E) Сөйлемді сауатты; құрастырған жөн деді мұғалім.
14. «Қазақ тілі — әрі бай, әрі көркем тіл» деген кімнің сөзі, табыңыз
- A) К. Аханов
- B) М. Әуезов
- C) С. Мұқанов
- D) А. Құнанбаев
- E) Б. Момышұлы
15. Эвфемизмді табыңыз
- A) Ұрланды
- B) Табылмады
- C) Іздеді
- D) Қолды болды
- E) Жоғалды
16. Кейінді ықпал әсерінен өзгеріске ұшырайтын сөзді табыңыз
- A) Келу
- B) Бал
- C) Ара
- D) Қар
- E) Теп
17. Сөздердің қайсысы туынды түбір, көрсетіңіз
- A) Аспанда
- B) Сызғыш
- C) Аста
- D) Ақылым
- E) Менде
18. Қайталама қос сөзді анықтаңыз
- A) Ағыл-тегіл
- B) Телегей-теңіз
- C) Ата-ана
- D) Жал-жая
- E) Үйден-үйге
19. Қысқарған сөз қатысқан қатарды табыңыз
- A) Аққулы көл
- B) Педколледжге барды
- C) Күні бойы ойнады
- D) Талдықорғанда тұрады
- E) Ата анасымен сөйлесті
20. Баяндауыш қандай сөз табынан жасалғанын көрсетіңіз.
Нағыз теңіз романтикасы деген осы.
- A) Зат есім
- B) Одағай
- C) Есімдік
- D) Үстеу
- E) Етістік
21. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді анықтаңыз
- A) Қазақстандағы ірі өзендер: мыналар Ертіс, Жайық, Сырдария.
- B) Қазақстандағы ірі өзендер мыналар; Ертіс, Жайық, Сырдария.
- C) Қазақстандағы ірі өзендер мыналар, Ертіс, Жайық, Сырдария.
- D) Қазақстандағы ірі өзендер мыналар: Ертіс, Жайық, Сырдария.
- E) Қазақстандағы ірі өзендер мыналар — Ертіс, Жайық, Сырдария.
22. Қаратпа сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз
- A) Меніңше, Щербаков кемшіліктерді тауып айтты.
- B) Апырау, Сүгірәлі ғой мынау!
- C) Мүмкін, Баймақан бабын тапқан болар.
- D) Шынын айту керек, өте оңай жеңдіңіз.
- E) Сапарың құтты болсын, қарағым!
23. Төл сөздің автор сөзінен соң орналасып тұрған түрін көрсетіңіз
- A) Мен колхозшыларға: »Өзім бұл жерде туғаным жоқ», — дедім.
- B) »Біз қайда жатырмыз? — деді, — кеше кеткен жоқпыз ба?».
- C) »Иә,-деді Дина, басын изеп, — тіл мен үн арасында айырма жоқ».
- D) »Біз қайда жатырмыз?» — деп сұрады.
- E) Ол бірде маған шынын айтты: »Сенімен сапарға шықсам, көңілім бір түрлі көтеріңкі болады».
24. Сөйлемдердегі бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылған сызықшаны табыңыз
- A) Қарқаралы деген округтің әміршісі — Құнанбай мен осы Майыр.
- B) Алыс-берісіміз көп, ағайын адамбыз.
- C) Ағаш арасын қаратса — жоқ.
- D) Жұрт айтты — көне берді.
- E) Аяғы жоқ, — жүреді, аузы жоқ, — сөйлейді.
25. Көп мағынаға ие бола алатын сөзді көрсетіңіз.
Бәрін қойып, ашық әңгімеге кірісейік.
- A) Әңгімеге
- B) Қойып
- C) Кірісейік
- D) Ашық
- E) Бәрін
26. Мезгіл үстеулі сөйлемді көрсетіңіз
- A) Әйелдер Бәкеңнің үйін сыпырып жатыр.
- B) Олар егіннен мол өнім алу үшін жанталасады.
- C) Жомарт биыл келген.
- D) Құс қанатымен ұшып, құйрығымен қонады.
- E) Аяғы жазылды ма өзінің?
27. Негізгі еліктеу сөзді көрсетіңіз
- A) Кілтің
- B) Торсаң
- C) Быжың
- D) Шіңк
- E) Сымпың
28. Жақты сөйлемді табыңыз
- A) Қап, ұят болған екен!
- B) Бұлт астында жылжыған ай.
- C) Бүгін жиналысқа қатысуға тиіссіз.
- D) Саған соны ғана айтқым келеді.
- E) Қатерліден осылай құтылар болар.
29. Түсіндірмелі салаласты көрсетіңіз
- A) Ол – көпті көрген дана қарт.
- B) Бір қарағанда-ақ біліп қойдым: бұл — Алматының және қала маңының картасы екен.
- C) Бес-алты айда келді.
- D) Қыздар тоғайға шие теруге кетті.
- E) Анықтама ұқыпты жазылғанмен, қария оқи алмады.
30. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз
- A) Шешім — шығарма сюжетінің де шешуші кезеңдерінің бірі — күллі құбылыс-көріністердің соңғы сахнасы.
- B) Шешім шығарма сюжетінің де шешуші кезеңдерінің бірі, күллі құбылыс-көріністердің соңғы сахнасы.
- C) Шешім шығарма сюжетінің де шешуші кезеңдерінің бірі; күллі құбылыс-көріністердің соңғы сахнасы.
- D) Шешім — шығарма сюжетінің де шешуші кезеңдерінің бірі, күллі құбылыс-көріністердің соңғы сахнасы.
- E) Шешім шығарма сюжетінің де шешуші кезеңдерінің бірі күллі құбылыс-көріністердің соңғы сахнасы.
Қазақ тілі пәнінен тест сұрақтары 11 сынып
3 нұсқа
1. «О» дыбысы қандай дыбыс екенін белгілеңіз
- A) Ұяң
- B) Дауысты
- C) Дауыссыз
- D) Үнді
- E) Қатаң
2. Жалпы есім қатарын анықтаңыз
- A) Қала, көше
- B) Айна, Гүлдария
- C) Әйгерім, Батыр
- D) Көпір, Ертіс
- E) «Жас Алаш», «Парасат»
3. Негізгі сын есімді көрсетіңіз
- A) Биік
- B) Тұсаулы
- C) Табыскер
- D) Білгіш
- E) Шаруақор
4. Қосарлану арқылы жасалған топтау сан есiмiн табыңыз
- A) Қырықтаған
- B) Төртеу
- C) Жүз бес
- D) Он-оннан
- E) Жиырмасыншы
5. Мына сөйлемге қай шылау лайық, көрсетіңіз
Алтынсары қадалған …, оның кескіні құбыла бастады.
- A) Таман
- B) Туралы
- C) Қарай
- D) Сайын
- E) Тарта
6. Ұяңнан басталып, ұяңға аяқталған сөзді табыңыз
- A) Бір
- B) Тоғыз
- C) Төрт
- D) Жүз
- E) Сегіз
7. Қате жазылған сөзді табыңыз
- A) Доб ойнау
- B) Өзенге
- C) Бара алмады
- D) Құлын
- E) Жібек
8. Үндестік заңына бағынбайтын қосымшалы сөзді белгілеңіз
- A) Арманды
- B) Ертеңгіміз
- C) Үшінші
- D) Қарашашпен
- E) Балаға
9. Шығыс септігінде тұрған сілтеу есімдігін табыңыз
- A) Бұны
- B) Бұлар
- C) Бұнысы
- D) Бұнымен
- E) Бұдан
10. Етістіктің нақ осы шақ түрінде тұрған сөзді көрсетіңіз
- A) Тұрасың
- B) Тұратынсың
- C) Тұрғанмын
- D) Тұрарсың
- E) Тұрмын
11. “Көзді ашып-жұмғанша” – тұрақты сөз тіркесінің мағынасын белгілеңіз
- A) Әдемі
- B) Жай жүру
- C) Лезде
- D) Алыс жер
- E) Момын
12. Тұрлаулы мүшелердің екеуі де сан есімнен болғанда қойылатын тыныс белгісін табыңыз
- A) Қос нүкте
- B) Көп нүкте
- C) Үтір
- D) Сызықша
- E) Дефис
13. Себеп-салдар салаластың шылауларын табыңыз
- A) Өйткені, сондықтан, сол себепті
- B) Сондықтан, және, әрі
- C) Өйткені, сол себепті, бірақ
- D) Дегенмен, әйтсе де, ал
- E) Немесе, бірде, кейде
14. Төл сөздің алдынан автор сөзі келсе, қойылатын белгіні көрсетіңіз
- A) Нүктелі үтір
- B) Қос нүкте
- C) Көп нүкте
- D) Үтір
- E) Нүкте
15. Тура мағыналы сөзді көрсетіңіз
- A) Баласы өсті.
- B) Бұл ойды мен өсірген емеспін.
- C) Өсу жолы — бұл емес.
- D) Халық саны өсуде.
- E) Сен өсіріп сөйлеме.
16. Омоним бола алмайтын сөзді табыңыз
- A) Өзек
- B) От
- C) Кітап
- D) Қазы
- E) Орыс
17. Дұрыс жасалған сөзді табыңыз
- A) Білімкер
- B) Білімпаз
- C) Білімжан
- D) Білімқой
- E) Білімгер
18. Жіктік жалғауы нені білдіреді, табыңыз
- A) Бағыт мағынасын
- B) Меншіктілікті
- C) Жақтық байланысты
- D) Көптік ұғымды
- E) Қимылдың орындалғанын
19. «Бас-басына», «өзді-өзі» — қос сөздерінің білдіретін мағынасын табыңыз
- A) Мәндес сөздер
- B) Жинақтау мәні
- C) Көптік мәнді
- D) Бөлшектеу, саралау
- E) Қайшы мәнді
20. Сөздердің тіркесуінен құралған күрделі үстеулердің әрбір сыңары қалай жазылатынын белгілеңіз
- A) Бөлек
- B) Бірге
- C) Қосарлану арқылы
- D) Дефис арқылы
- E) Қайталану арқылы
21. Толықтауышқа тән байланысу түрін көрсетіңіз
- A) Қабысу, матасу
- B) Жанасу, матасу
- C) Қиысу, қабысу
- D) Меңгеру, қиысу
- E) Меңгеру, жанасу
22. Қаратпа сөзді табыңыз
- A) Мүмкін, сәл кідіре тұрарсыз?
- B) Сөйтіп, ол Домалақ ана атанды.
- C) Немене, риза емеспісің?
- D) Амал қанша, осылай болды.
- E) Алма, алманы әкел.
23. Сөйлеушінің біреудің айтқан сөзін ешбір өзгертпей беруінің атауын табыңыз
- A) Автор сөзі
- B) Қыстырма сөз
- C) Төл сөз
- D) Төлеу сөз
- E) Қаратпа сөз
24. Бірыңғай мүшелерден кейін келген жалпылауыш сөздің алдынан қандай тыныс белгісі қойылатынын табыңыз
- A) Үтір
- B) Сызықша
- C) Қос нүкте
- D) Нүктелі үтір
- E) Дефис
25. Көнерген сөзді табыңыз
- A) Өзі оңбаған ант ұрған.
- B) Ол жанын шүберекке түйді.
- C) Отаның мен халқыңа еңбек ет.
- D) Жақсылық ағаш басында, жамандық аяқ астында.
- E) Сексен түйе үстінде
26. Бейнелеуіш сөзді көрсетіңіз
- A) Үлкен-кіші
- B) Ала жаздай
- C) Жалт қарады
- D) Көкпеңбек
- E) Он бес
27. Берілген сөйлем жай сөйлемнің қай түрі, көрсетіңіз
Бурабай көлінің ығындағы кішкене қаланы сол көл атымен “Бурабай” дейді.
- A) Толымсыз
- B) Жақты
- C) Атаулы
- D) Жақсыз
- E) Жалаң
28. Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмаластың сұрағын анықтаңыз
- A) Не еткен соң?
- B) Қайткендіктен?
- C) Қалай?
- D) Қашаннан бері?
- E) Не еткенше?
29. Сөйлемдердің арасында қай тыныс белгісі қойылмаған, дұрысын белгілеңіз.
Естіген нәрсені ұмытпасқа төрт түрлі себеп бар: әуелі көкірегі байлаулы, берік болмақ керек екінші — сол нәрсені көргенде я естігенде ғибратлану керек көңілденіп, тұщынып, ынтамен ұғу керек үшінші — сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек төртінші — ой кеселді нәрселерден қашық болу керек.
- A) Үтір
- B) Нүктелі үтір
- C) Нүкте
- D) Көп нүкте
- E) Қос нүкте
30. Техникалық әдебиет тілін қай қатарға жатқызамыз, белгілеңіз
- A) Публицистика тілі
- B) Ауызекі тіл
- C) Ғылыми тіл
- D) Көркем әдебиет тілі
- E) Ресми тіл
Қазақ тілі пәнінен тест сұрақтары 11 сынып
4 нұсқа
1. Езулік дауыстыны табыңыз
- A) ұ
- B) ү
- C) о
- D) а
- E) у
2. Деректі жалпы есімді көрсетіңіз
- A) Жел
- B) Өмір
- C) Ағаш
- D) Көңіл
- E) Ауа
3. Сан есім мағыналарына қарай нешеге бөлінетінін табыңыз
- A) 8
- B) 6
- C) 5
- D) 7
- E) 4
4. Еліктеуіш сөзді көрсетіңіз
- A) Жә
- B) Жарқ
- C) Шөре-шөре
- D) Тәйт
- E) Ту
5. Жай сөйлемнің қай түрі, көрсетіңіз
Жүйрік ат – ердің қанаты.
- A) Атаулы
- B) Сабақтас
- C) Жалаң
- D) Жайылма
- E) Жақсыз
6. Бірыңғай қатаң дауыссыз дыбыстарды табыңыз
- A) Ү, х, р, л
- B) Ф, щ, ч, т
- C) Т, с, б, в
- D) Ц, ш, й, һ
- E) С, б, в, н
7. Дұрыс жазылған сөзді табыңыз
- A) Құлұн
- B) Бүйрөк
- C) Құрық
- D) Қүйүк
- E) Жүрөк
8. Түбір сөзді көрсетіңіз
- A) Жазбалы
- B) Ой
- C) Аумалы
- D) Кірме
- E) Достық
9. Сілтеу есімдігін көрсетіңіз
- A) Бар
- B) Нешеу
- C) Міне
- D) Нәрсе
- E) Бір
10. Етістіктің мақсатты келер шақ түрін табыңыз
- A) Көрді
- B) Көрер
- C) Көрме
- D) Көрмекпіз
- E) Көрген
11. Шылауды табыңыз
- A) Басты мәселе – оқу үлгерімі.
- B) Сөз – өмірдің үлкен қаруы.
- C) Үміт өрге тартады, үмітсіздік көрге тартады.
- D) Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.
- E) Ой жетпейтін жер болмайды.
12. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтасты табыңыз
- A) Сәл нәрсеге ренжімейін деп, сезімін ақылға жеңдірді.
- B) Басталып қойған әңгімеге тез оралу үшін, одан өзімнің қалай айырылғанымды айтып берейін.
- C) Өміріңде қауіп-қатер төніп тұрса да, ата тегіңе кір келтіретін нәрсеге аяқ баспа.
- D) Балаларымыз білім алсын деп, елде барлық жағдай жасалған.
- E) Сын түзелмей, мін түзелмес.
13. Үтірі дұрыс қойылған жерді көрсетіңіз
- A) Не әскери мектепке, не химия институтына түседі.
- B) Ұра су, дами берсе, көл болады.
- C) Дана сөзді ұғу да, айту да, даналық.
- D) Шаңғы тепкен, із кескен, ит жүгірткен, адамдар көрінеді.
- E) Шөлде мына ағаштар өсе алады: сексеуіл итмұрын, тікенді, тал-шіліктер.
14. «Рецензия» сөзінің анықтамасын табыңыз
- A) Сынау
- B) Мазмұндау
- C) Ой түйіні
- D) Шолу
- E) Бағалау
15. Тілімізде бар сөздерді біріктіру арқылы жасалған жаңа термин сөзді көрсетіңіз
- A) Екібастұз
- B) Сөйтіп
- C) Бап
- D) Атауыз
- E) Әуежай
16. Буын үндестігі сақталмаған сөзді белгілеңіз
- A) Имандылық
- B) Үнемшілдік
- C) Рақымшылдық
- D) Егіншілер
- E) Адамгершілік
17. Тәуелдік жалғауынан соң жалғанып тұрған табыс жалғауын табыңыз
- A) Немересін
- B) Немереме
- C) Немересінде
- D) Немересінен
- E) Немереге
18. Өлшем атауына дұрыс жалғанған қосымшаны табыңыз
- A) смге
- B) ГАЗ-51 ге
- C) ИЛ-86-мен
- D) см-ден
- E) см. ден
19. Сапалық сын есімді табыңыз
- A) Ақшыл
- B) Желсіз
- C) Баласыз
- D) Мейірімді
- E) Базарлы
20. Мөлшер үстеулі тіркесті көрсетіңіз
- A) Мөлшерлеп болжау
- B) Кеше жіберді
- C) Соншалықты көбею
- D) Жоғары шығу
- E) Тезірек келу
21. Анықтауыш қатысып тұрған тіркесті табыңыз
- A) Кешке қарай
- B) Жалғыздың үні
- C) Қуанғанынан күлді
- D) Еріктен тыс
- E) Жүгіріп келді
22. Жалпылауыш сөзі бар сөйлемді табыңыз
- A) Ақылбай, Ербол және Мағаш келді.
- B) Жел қатайып кетті,-күн суытпады.
- C) Оқушылардың бәрі қысқы демалысқа тарады да, мектеп бос қалды.
- D) Үлкенді сыйлау — асыл қасиет.
- E) Қазақстанның ең ірі көлдері мыналар: Балқаш, Арал, Алакөл және Марқакөл.
23. Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзі бар сөйлемді табыңыз
- A) – Бұл үйдің жаны нешеу?- деді Итбай.
- B) – Бұл үйдің жаны нешеу? деді: Итбай.
- C) – Бұл үйдің жаны нешеу?: деді Итбай.
- D) – Бұл үйдің жаны нешеу?, деді Итбай.
- E) “Бұл үйдің жаны нешеу”: деді Итбай.
24. Қандай тыныс белгісі жетпей тұр, белгілеңіз
Мен тауда ойнаған қарт марал.
- A) Нүкте.
- B) Қос нүкте.
- C) Үтір.
- D) Нүктелі үтір.
- E) Сызықша.
25. Мақалды көрсетіңіз
- A) Көптің құрығы ұзын.
- B) Ат тұяғын тай басар.
- C) Ақылы асқанды аға тұт.
- D) Құрғақ қасық ауыз жыртар.
- E) Ақ түйенің қарны жарылды.
26. Диалект сөздерді көрсетіңіз
- A) Әдемі, көркем, сұлу.
- B) Шәугім, шаппа, меш.
- C) Өнеркәсіп, сым, леген.
- D) Айыр, күрек, тырма.
- E) Табан, бекіре, шортан.
27. Анықтауыштық қатынас қалай байланысқан есімді тіркестерге тән екенін белгілеңіз
- A) Қабыса, жанаса.
- B) Матаса, жанаса.
- C) Меңгере, жанаса.
- D) Меңгере, қабыса.
- E) Матаса, қабыса.
28. Салдар мәндісі екінші тұрған салаласты көрсетіңіз.
- A) Жанар бар шынын айтты, өйткені анасын ренжіткісі келмеді.
- B) Шұға мырс етіп күліп жіберді, оған Қадишаның ойы ұнаған жоқ.
- C) Ол бірде бір жиналысқа қатыса алмады, себебі өкіл емес еді.
- D) Ақан шын сүйді, сол себепті өз сүйгенін жамандыққа бұрмады.
- E) Біржан келесі өлеңін оқыған: мұнда ел билеушілерді сынап жазыпты.
29. Оқшау сөздердің белгісін көрсетіңіз
- A) Сөйлем мүшесі бола алмайды.
- B) Тұрлаулы мүше қызметінде жұмсалады.
- C) Қабысу, меңгеру, қиысу байланысына түсе алады.
- D) Сөйлем мүшесі бола алады.
- E) Тек бас әріппен жазылады.
30. Бір мәселе жайында айтылған ойдың кесек бөлшегін білдіретін белгіні көрсетіңіз
- A) Жаңа жол
- B) Үтір
- C) Сызықша
- D) Көп нүкте
- E) Нүкте
Қазақ тілі пәнінен тест сұрақтары 11 сынып
5 нұсқа
1. Дұрыс жазылған сөзді белгілеңіз
- A) Жәмила
- B) Күлай
- C) Күләндә
- D) Дүдамал
- E) Ләззәт
2. Туынды зат есімді көрсетіңіз
- A) Аға
- B) Күй
- C) Іні
- D) Әнші
- E) Үй
3. Күрделi сан есiмді анықтаңыз
- A) Алтау
- B) Үшiншi
- C) Тоғыз жүз елу
- D) Мың
- E) Жеті
4. “Тарс” сөзі қай сөз табына жататынын белгілеңіз
- A) Еліктеу сөз
- B) Қос сөз
- C) Көп мағыналы сөз
- D) Кәсіби сөз
- E) Біріккен сөз
5. Берілген сөйлем жай сөйлемнің қай түріне жататынын белгілеңіз
Мені танимысың?
- A) Толымды
- B) Жақты
- C) Жалаң
- D) Атаулы
- E) Жақсыз
6. Мақалдың тақырыбын анықтаңыз
Білімді өлмес – қағазда аты қалар,
Ұста өлмес – істеген заты қалар.
- A) Ерлік
- B) Достық
- C) Адамгершілік
- D) Денсаулық
- E) Өнер-білім
7. Жұп құрауға қабілеті жоқ дыбыстарды көрсетіңіз
- A) т, д
- B) ц, щ
- C) ж, ш
- D) қ, ғ
- E) х, с
8. Қосымшаның түбір сөзге дұрыс жалғанған түрін белгілеңіз
- A) Грамы
- B) Граммі
- C) Граммы
- D) Грамі
- E) Грамми
9. Күрделі сөзді табыңыз
- A) Күркілдек
- B) Бақташылық
- C) Парасат
- D) Ақмола
- E) Толқымалы
10. Жіктеу есімдігін табыңыз
- A) Неше
- B) Емен
- C) Мен
- D) Өзі
- E) Ел
11. Етістік құрамына қарай нешеге бөлінетінін табыңыз
- A) 2
- B) 5
- C) 3
- D) 6
- E) 4
12. «Мы», «мі», «бы», «бі», «пы», «пі» болып өзгеріп қалатын шылауды көрсетіңіз
- A) Менен, пенен
- B) Ма, ме, ба, бе, па, пе
- C) Я, яки, не, немесе
- D) -Ақ, -ай, -мыс, -міс
- E) Мен, бен, пен
13. Сөйлемдегі анықтауыштың жасалу жолын белгілеңіз
Мектепте алты жүз бала оқиды.
- A) Зат есім
- B) Етістіктің есімше түрі
- C) Сан есім
- D) Есімдік
- E) Сын есім
14. Шешенге ең қажетті қасиетті табыңыз
- A) Келісімпаз болу
- B) Көп тіл білу
- C) Сөзге тапқырлық
- D) Көп сөйлеу
- E) Өзін көрсету
15. Синонимдік қатарды табыңыз
- A) Біреу, кейбіреу, әркім
- B) Келесі, ендігі, бұрынғы
- C) Кенет, тосын, мүлде
- D) Жақсы, тәуір, оңды
- E) Көкшіл, көгілдір, жасыл
16. Біріккен сөздегі кейінді ықпалды белгілеңіз
- A) Бірқазан
- B) Шалкөде
- C) Жетіген
- D) Дауылпаз
- E) Сазсырнай
17. «Би» сөзіне түбірлес етістік қатарын табыңыз
- A) Биыл, бинт, билет
- B) Биосфера, биржа, бизнес
- C) Бие, биолог, биология
- D) Биязы, биялай, бидай
- E) Билеу, билік, билікқұмар
18. Есім сөздерден жасалған сын есімді көрсетіңіз
- A) Жабысқақ, сүріншек
- B) Жазғы, қысқы
- C) Қызба, толық
- D) Ашпалы, көтермелі
- E) Ұрысқақ, тайғақ
19. Сөз тіркесіндегі матасуды табыңыз
- A) Сегіз жас
- B) Он жеті
- C) Айтып бер
- D) Сенің үйің
- E) Ала тай
20. Сызықшаның қойылу себебін анықтаңыз
Бұл – үлкен бақыт.
- A) Жіктеу есімдік — зат есім
- B) Есім — етістік
- C) Сілтеу есімдігі — зат есім
- D) Есімдік — сын есім
- E) Зат есім — зат есім
21. Көп құрамды төл сөзді табыңыз
- A) Абай былай деген: «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы»
- B) – Көлтауысар, көлдің суын құрт! – деді Төстік.
- C) Мұхтар Абай ауылынан екенін айтты.
- D) – Қалада не хабар бар? – деп сұрады.
- E) – Мен барамын, – деді Айгүл. – Мен бұл киноны қанша көрсем де, барғым келеді, – деді нақтылай түсіп, – Маған хабарласыңдар.
22. Кімің келіп кетті?
Сұраулы сөйлемнің жасалу жолын табыңыз.
- A) Зат есім
- B) Сұраулық шылау
- C) Сұрау есімдігі
- D) Көмекші етістік
- E) Дауыс интонациясы
23. Қыстырма сөзге байланысты қойылып тұрған тыныс белгіні табыңыз.
- A) Менің бұлай ашық мойындап отырғаныма-байқаймын-кейбір бала қайран.
- B) Менің бұлай ашық мойындап отырғаныма, байқаймын, кейбір бала қайран.
- C) Менің бұлай ашық мойындап отырғаныма байқаймын, кейбір бала қайран.
- D) Менің бұлай ашық, мойындап- отырғаныма кейбір бала, қайран.
- E) Менің бұлай ашық мойындап отырғаныма, байқаймын кейбір бала қайран.
24. Сызықша қай жерде қойылатынын анықтаңыз
- A) Бастауыш пен баяндауыштың арасында.
- B) Бірыңғай мүшелердің арасында.
- C) Атаулы сөйлемнен кейін.
- D) Одағай сөзден кейін.
- E) Қыстырма сөзден кейін.
25. Араб тілінен енген сөзді табыңыз
- A) Бос, бер, жұлдыз
- B) Бала, берік, жақсы
- C) Әдемі, көркем, жаман
- D) Ине, ер, сұлу
- E) Емтихан, кітап, мұғалім
26. Орфографиялық заңдылыққа қайшы сөзді көрсетіңіз
- A) Отырыс
- B) Көкшетау
- C) Көрік
- D) Қиян-гескі
- E) Бұрыш
27. Бағыныңқысы үстеуден болатын етістіктің тіркес түрін белгілеңіз
- A) Жанасу
- B) Қабысу
- C) Меңгеру
- D) Қиысу
- E) Матасу
28. Жай сөйлемдер арасына тыныс белгісін қойыңыз
Күн бесіндіге келген кезде Көркемтайдың аулы астаң-кестең болды кемсеңдеп кемпір-шал жылады, қанын тартып сұрланып жастар тұрды.
- A) Үтір, сызықша
- B) Нүктелі үтір
- C) Сызықша
- D) Үтір
- E) Қос нүкте
29. Шартты бағыныңқы сабақтасты көрсетіңіз
- A) Ержан үйге кіріп кеткенде, Асқар мен Серік тыста қалды.
- B) Жаңа жұмысшыларға техника қауіпсіздігін ұғындырмайынша, шахтаға жіберуге тыйым салған.
- C) Жұмыс бізді үш үлкен жамандықтан: зерігуден, аурудан, жоқшылықтан құтқарады.
- D) Білікті адам айтпай-ақ жаныңды ұғар.
- E) Әңгімені басынан бастау үшін, Саржанмен кездескен күнді есіме түсірдім.
30. Сөйлемдегі ойға, оның айтылу тәсіліне айтушының көзқарасын білдіретін сөзді табыңыз
- A) Қаратпа сөз
- B) Төл сөз
- C) Одағай сөз
- D) Қыстырма сөз
- E) Төлеу сөз
Қазақ тілі пәнінен тест сұрақтары 11 сынып
6 нұсқа
1. У дыбысы жіңішке болып тұрған сөзді көрсетіңіз
- A) Жазу
- B) Жабу
- C) Жағу
- D) Табу
- E) Сену
2. Деректі зат есімді табыңыз
- A) Жігер
- B) Сана
- C) Жайдары
- D) Сызғыш
- E) Адамгершілік
3. Бөлшектік сан есімді көрсетіңіз
- A) Он-оннан
- B) Тоқсан
- C) Алпысыншы
- D) Үш ширек
- E) Отызға тарта
4. Шартты райдың жұрнағын табыңыз
- A) -са, -се
- B) -сын, -сін
- C) -айық, -ейік
- D) -дар, -дер
- E) -й
5. Жай сөйлемнің қай түрі екенін белгілеңіз
Біркелкі жақсы өсіпті.
- A) Атаулы
- B) Толымды
- C) Салалас
- D) Сабақтас
- E) Толымсыз
6. Қатаң дауыссыздар қатарын табыңыз
- A) П, Ф, К
- B) Й, Ш, Б
- C) П, Ф, Г
- D) Һ, С, Т
- E) Р, Ғ, Ц
7. “У” дыбысы екі рет дауысты болған сөзді белгілеңіз
- A) Татуласу
- B) Таулық
- C) Баулық
- D) Жауласу
- E) Қауышу
8. Ілгерінді ықпалды табыңыз
- A) Қырықаяқ
- B) Асхана
- C) Штабта
- D) Бозжігіт
- E) Көре кел
9. Қосымшаның қанша болатынын көрсетіңіз
- A) 1
- B) 3
- C) 4
- D) 5
- E) 2
10. Сұрау есімдігінің тәуелденген түрін көрсетіңіз
- A) Нешеуі?
- B) Кімдер?
- C) Қайдан?
- D) Барлығы
- E) Әр оқушы
11. Барыс септіктегі сөздермен тіркесетін шылауларды табыңыз
- A) Қатар, бірге, қабат
- B) Дейін, шейін, таман, қарай
- C) Кейін, соң, гөрі, әрі, бері
- D) Ма, ме, ба, бе
- E) Жайында, жөнінде, үшін, сайын
12. Жалпылауыш сөзі сан есімнен болған сөйлемді анықтаңыз
- A) Өнерлі бала сүйкімді.
- B) Отан — оттан да ыстық.
- C) Тіл — қылыштан өткір.
- D) Шолпан, Дана — екеуі жарыста озып шықты.
- E) Айлалы батыр алдырмас.
13. Үтірдің қойылу себебі, дұрысын белгілеңіз
Мүмкін, келіп қалар.
- A) Одағай
- B) Еліктеу
- C) Қыстырма
- D) Шылау
- E) Қаратпа
14. Қазақ тілінде неше стиль бар, дұрысын көрсетіңіз
- A) 2
- B) 3
- C) 7
- D) 4
- E) 6
15. Синоним сөздерді көрсетіңіз
- A) Сынау, зерттеу
- B) Таңдау, таныс
- C) Несібелі, ырысты
- D) Әңгіме, ертегі
- E) Таңертең, түсте
16. Тәуелдік жалғауының екінші жағында, сыпайы түрде тұрған сөзді табыңыз
- A) Қалаларыңда
- B) Ұлттарымыз
- C) Асылым
- D) Үйіміздегі
- E) Қазынаңызда
17. Зат есімнен жасалған біріккен сөзді көрсетіңіз
- A) Ендігәрі
- B) Шегара
- C) Биыл
- D) Былтыр
- E) Әлдекім
18. Жай шырайды табыңыз
- A) Орасан зор жетістік.
- B) Жанат кең үйге кірді.
- C) Мына үй биігірек екен.
- D) Армансыз адам қанатсыз құспен тең.
- E) Арман өте қызықты кітап оқыпты.
19. Сөйлемдегі еліктеу сөз қай сөйлем мүшесі болып тұрғанын белгілеңіз
Мен бір тарсыл естідім.
- A) Толықтауыш
- B) Бастауыш
- C) Баяндауыш
- D) Анықтауыш
- E) Пысықтауыш
20. Бастауыштан кейін сызықша қай сөйлемде қойылатынын көрсетіңіз
- A) Бұл үйдің балалары естияр еді.
- B) Бұл істі көпке қалдырмау керек.
- C) Бұл күз айында болған әңгіме.
- D) Бұл баланың таланты бар екен.
- E) Мен бұл жағын білмеп ем.
21. Қарсылықты салалас сөйлемді көрсетіңіз
- A) Мен кеше сабаққа келген жоқпын.
- B) Бұл шөп әдемі, бірақ зияны да бар.
- C) Біресе ол барады, біресе Айгүл барады.
- D) Айжан дүкенге кетті.
- E) Күн де шығып тұр, жел де соғып тұр.
22. Қаратпа сөзді табыңыз
- A) Мейманым, жақсы жатып, жайлы тұрдың ба?
- B) Дала тақыр, бірақ тығыз бетегемен жайнаған.
- C) Тәк-тәк, айтпа енді.
- D) Таныды да таң болды.
- E) Қой, не болса да кетейік.
23. Қос нүктенің қойылу себебін анықтаңыз
Бұл жолы інге кірген із жалғыз: ақ тиіннің барында еш күмән жоқ еді.
- A) Кезектес салалас
- B) Ыңғайлас салалас
- C) Себеп-салдар салалас
- D) Талғау мәнді салалас
- E) Қарсылықты салалас
24. Бастауыштан кейін қойылған сызықшаны табыңыз
- A) Қыздардың үлкені Майра да, кішісі — Сайра.
- B) Қыздардың — үлкені Майра да, кішісі Сайра.
- C) Қыздардың үлкені Майра да — кішісі Сайра.
- D) Қыздардың үлкені — Майра да, кішісі — Сайра.
- E) Қыздардың-үлкені Майра, кішісі Сайра.
25. Диалект сөздерді көрсетіңіз
- A) Қара, ат
- B) Орман, тоғай
- C) Бөз, боз
- D) Оның, соған, тасбиық
- E) Көпшік, дарбаза
26. Басқа тілден енген сөздер қатарын көрсетіңіз
- A) Секунд, пиала, кеуірт
- B) Иман, үшбұрыш
- C) Класс, күрке, ханзада
- D) Кірпіш, билет, пальто
- E) Әдебиет, зымыран, жүйе
27. Сөздердің қайталануынан, қосарлануынан жасалған үстеулер қандай тыныс белгісі арқылы жазылатынын белгілеңіз
- A) Жақша
- B) Дефис
- C) Қос нүкте
- D) Тырнақша
- E) Үтір
28. Пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркесін көрсетіңіз
- A) Баланың кітабы
- B) Оқуды бітірді
- C) Көпір арқылы өту
- D) Менің оқушым
- E) Хатқа жауап
29. Шартты бағыныңқы сабақтасты табыңыз
- A) Кітабын оқып болғандықтан, досына бере салды.
- B) Ертең апам келеді.
- C) Табиғаттың тұла бойы — тұнған сыр, оның тілін білсең, ешқашан қор болмайсың.
- D) Маған жақындап келгенде ғана, өзімнің шәкіртім екенін таныдым.
- E) Бүгін жаңа ай туды.
30. Диалогтің көбіне қай стильге тән екенін белгілеңіз
- A) Ғылыми стиль
- B) Ауызекі сөйлеу стилі
- C) Іс-қағаздар стилі
- D) Құжаттар стилі
- E) Публицистикалық стиль
Қазақ тілі пәнінен тест сұрақтары 11 сынып
7 нұсқа
1. Ауыспалы мағыналы сөзді табыңыз
- A) Қисық бұтақ
- B) Қызыл гүл
- C) Білімді оқушы
- D) Қоңыр дауыс
- E) Қара сиялы қалам
2. Жалпы есімді табыңыз
- A) Балқаш
- B) Абай
- C) Тау
- D) Алатау
- E) Көкшетау
3. Сын есiмдi табыңыз
- A) Сонау, мына
- B) Бес, отыз
- C) Әрине, мүмкiн
- D) Кiтап, оқушы
- E) Қызыл, көк
4. Топтау сан есiмді көрсетіңіз
- A) Әркiм
- B) Туып-өскен
- C) Әйгiлi
- D) Үш-үштен
- E) Бәйтерек
5. Өздік есімдігі қатысқан мақал-мәтелді табыңыз
- A) Ырыс алды – ынтымақ.
- B) Ел-елдің бәрі жақсы, Өз елің бәрінен жақсы.
- C) Туған үйдің түтіні жылы.
- D) Ел іші – алтын бесік.
- E) Еңбек – ырыстың бұлағы.
6. Жуан дауысты дыбысты көрсетіңіз
- A) а, о
- B) ы, и
- C) у, і
- D) о, э
- E) ұ, і
7. Бірыңғай үнді дауыссыздан құралған сөйлемді белгілеңіз
- A) Елімнің байтақ даласы.
- B) Елімнің ерен ерлері.
- C) Елімнің сұлу көлдері.
- D) Елімнің мөлдір бұлағы.
- E) Елімнің асқар шыңдары.
8. Буын талғайтын дыбыстар қатарын белгілеңіз
- A) У, І
- B) О, Ы
- C) Е, И
- D) А, Ы
- E) О, Ө
9. Көмектес септігіндегі сөзді табыңыз
- A) Қаламым, қолым, баласы
- B) Атаммен, ініңізбен, шегемен
- C) Баланың, ұжымның, үйдің
- D) Оқушысың, ұстазбын, данасың
- E) Атамнан, ініңізден, шегеден
10. Күрделі нақ осы шақты табыңыз
- A) Беріп жібер
- B) Беріп жатыр
- C) Берер
- D) Бере сал
- E) Бере бер
11. “Ертең жүрмекші” тіркесінің лексика-грамматикалық мағынасын айқындаңыз
- A) Істің мезгілі
- B) Істің себебі
- C) Қимыл-сын
- D) Істің мөлшері
- E) Істің салдары
12. Кімім? Нем? – сұрағына жауап беретін сөйлем мүшесін табыңыз
- A) Пысықтауыш
- B) Толықтауыш
- C) Баяндауыш
- D) Бастауыш
- E) Анықтауыш
13. Сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз
- A) Семинарияны бітіргеннен кейін, мен осы кім боламын деген ой орала беріп еді.
- B) Адам баласының ең жаманы — талапсыздығы.
- C) Соны тағы оқып шығайын деп едім: маған бір жері қатты ұнады.
- D) Өнер алды — бірлік, ырыс алды — тірлік.
- E) Ұлтшыл адам біреуге зорлық қылады да, содан соң Отанының дәуірлеуін іздейді.
14. Пікір алысу үшін ең алдымен не керек екенін көрсетіңіз
- A) Тіл
- B) Хабар
- C) Дерек
- D) Сөйлеу
- E) Ойлау
15. Омоним болатын сөзді табыңыз
- A) Кел
- B) Қозы
- C) Буын
- D) Сызғыш
- E) Елп
16. Сөз аралығындағы кейінді ықпалды көрсетіңіз
- A) Көшенің бойы
- B) Қиындықтан қашса
- C) Өлең өлшемі
- D) Сұрап ал
- E) Атты кісі
17. Туынды сөзді табыңыз
- A) Еңбекші
- B) Еңбекті
- C) Еңбегің
- D) Еңбектен
- E) Еңбекпен
18. Дәстүрлі принцип бойынша жазылған сөзді табыңыз
- A) Әлдебір
- B) Әлдекім
- C) Тұрманбек
- D) Есболат
- E) Ендігәрі
19. Сұраулық шылау қатысып тұрған қатарды көрсетіңіз
- A) Сен әкел(ме)
- B) Өтірік айт(па)
- C) Сенейін(бе), сенбейін(бе)
- D) Жаман әдетке үйрен(бе)
- E) Сен сен(бе)
20. Сапалық сын есім қатысып тұрған тіркесті табыңыз
- A) Көк аспан
- B) Он оқушы
- C) Малдың шөбі
- D) Ақылды адам
- E) Білгеннің пайдасы
21. Қыстырма сөзді сөйлемді көрсетіңіз
- A) Жә, мырза, мына келе жатқан біздің көшіміз еді.
- B) Біреулері ызғарлы, біреулері көңілді отыр екен.
- C) Өмірде бәрі кездеседі, дегенмен жақсылық жеңеді.
- D) Не ексең, соны орасың.
- E) Әрине, адам өмірінде көп қиындықтар кездеседі.
22. Сен келіп қойғанбысың?
Сұраулық шылаудың түрлену түрін анықтаңыз
- A) Көмектес септікте
- B) Көптік тұлғасында
- C) Септелді
- D) Тәуелденді
- E) Жіктелді
23. «Абай» операсы — қазақ музыкасын биік белге шығарған ірі туынды. Сызықшаның қойылу себебі
- A) Бастауыш сын есім, баяндауыш зат есім
- B) Қосарлы айқындауыш
- C) Бастауыш — сан есім, баяндауыш — етістік
- D) Бастауыш та, баяндауыш та атау тұлғадағы зат есім
- E) Бастауыш — есім, баяндауыш — есім
24. Тырнақшаның қойылу себебі, дұрысын белгілеңіз
Қоян «батыр» қорыққаннан зыта жөнелді.
- A) Жалқы есім атауы
- B) Жеке ұғым атауы
- C) Кері мағынадағы сөз
- D) Әдет — салт аты
- E) Ерекше объект етіп алынған сөз
25. Антонимді табыңыз
- A) Үйір — табын
- B) Арсыз — әдепсіз
- C) Жина — шаш
- D) Жүрдім — бардым
- E) Шұғыл — жедел
26. Үстеудің сөйлемде негізінен қандай қызмет атқаратынын табыңыз
- A) Бастауыш
- B) Баяндауыш
- C) Анықтауыш
- D) Пысықтауыш
- E) Толықтауыш
27. Еліктеу сөзді тіркесті көрсетіңіз
- A) Күз келді
- B) Үй-үйімізге тарадық
- C) Қиқаң-қиқаң етті
- D) Сендер үйге келіңдер
- E) Жан-жануар көп
28. Атаулы сөйлемді көрсетіңіз
- A) Білесің бе?
- B) Қыс.
- C) Білмесең, тыңда!
- D) Сен – оқушысың!
- E) Ол жақын жерде орналасқан.
29. Жарыспалы көп бағыныңқы сабақтасты табыңыз
- A) Үй іші мұздап, сырттағы ызғырық азынай бастаса, Бұзаубақ пен Айжан пештің жанына бөстекті төсеп, бір-біріне тығыла түсіп бүрсиіп отыратын.
- B) Жұмысың өнсін десең, өткенге өкінгің келмесе, әр минутыңды ұқыпты пайдалана біл.
- C) Сыйластық – адамның ақыл-ой, мінез-құлқын, санасы мен мәдениеттілігін аңғартатын қасиеттердің бірі.
- D) Оқудағы қызы келіп еді, туыстары жиналып, той-думан өткізді.
- E) Ұсақ балалардың көпшілігі жеке-жеке тайға мініп, бірен-сарандары екі-екіден мінгесіп алып, Абайларға ілесе шапқанда, жұрттың бәрінің артында қалғаны Оспан болды.
30. Төл сөз бен автор сөзін байланыстырушы дәнекер сөздің тұлғасын көрсетіңіз
Төле би: “Қарап отырғанша, бір нәрсеге жарап отыр”, — деп ақыл айтты.
- A) Күрделі етістік
- B) Етістік
- C) Көсемше
- D) Көсемше тұлғалы негізгі етістік
- E) Көсемше тұлғалы көмекші етістік
Қазақ тілі пәнінен тест сұрақтары 11 сынып
8 нұсқа
1. Ауыспалы мағыналы сөзді табыңыз
- A) Ақырын қозғалу
- B) Жел мінез
- C) Жүйрік ат
- D) Ұйқыдан ояту
- E) Бұзаулы сиыр
2. Деректі зат есімдер қатарын табыңыз
- A) Ой, сана
- B) Мектеп, ағаш
- C) Ақыл, ес
- D) Көңіл, сезім
- E) Ауа, жел
3. Қатыстық сын есімді көрсетіңіз
- A) Тәтті
- B) Ақшыл
- C) Қымбат
- D) Жарық
- E) Аттылы
4. Жинақтық сан есiмдерiн белгілеңіз
- A) Екi, сегiз
- B) Бiреу, жетеу
- C) Бестен үш, он бүтiн оннан үш
- D) Ондаған, мыңдаған
- E) Бесiншi, алтыншы
5. Көсемше жұрнақтарын табыңыз
- A) -ар, -ер, -р
- B) -қан, -кен
- C) -мақ, -мек
- D) -па, -пе
- E) -ғалы, -гелі
6. Бірыңғай езулік дауысты сөзді ажыратыңыз
- A) Бұлбұл
- B) Көмір
- C) Дос
- D) Тұрғылықты
- E) Партизан
7. Ұяң дауыссыздар қатар тұрған сөзді анықтаңыз
- A) Жаңбыр
- B) Кітап
- C) Қаздар
- D) Аспан
- E) Наурыз
8. Буын үндестігіне бағынбайтын біріккен сөзді табыңыз
- A) Көкқұтан
- B) Қосаяқ
- C) Қарақұрт
- D) Тасбақа
- E) Жолбарыс
9. Жалпылау есімдігін табыңыз
- A) Кей шақта
- B) Бүкіл
- C) Дәнеңе
- D) Неге
- E) Әрқашан
10. Ыңғайлас жалғаулықты анықтаңыз
- A) әлде, болмаса, өйткені
- B) бірақ, неге десең, егер
- C) алайда, себебі, онда
- D) я, немесе, біресе
- E) мен, да, және
11. Хабарлы сөйлемді көрсетіңіз
- A) Балалар далада ойнап жүр
- B) Жауап берсең ше
- C) Сен қашан келесің
- D) Келгеніңе қанша болды
- E) Әттең, кешігіп қалдың-ау
12. Жалпылауыш сөзге тән тыныс белгілерін көрсетіңіз
- A) Тырнақша, жақша
- B) Нүкте, дефис
- C) Нүктелі үтір, леп белгісі
- D) Үтір, сұрақ белгісі
- E) Қос нүкте, сызықша
13. Көп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз
- A) Күн түс ауа жылынып, сызды дала бусанып, ауыл сыртында әдемі бір көрініс туып еді.
- B) Жаңа ғана талып қалғандай, Әбіш ешбір белгі бермей сұлқ жатты.
- C) Аттылар жақындаған сайын, Төлегеннің жүрегі орнына түсе бастады.
- D) Ауыл адамдары мәз-мәйрам болып, мерекені жақсы өткізді.
- E) Әдейі танытпайын деп, ол бет — аузын таңып алыпты.
14. Азот, оттегі, масса, лексикология терминдері қай стильде кездеседі, белгілеңіз
- A) Публицистика
- B) Іс — қағаздар
- C) Көркем әдебиет
- D) Ғылыми
- E) Ауызекі
15. Мына сөздердің ішінен синонимдік қатарды табыңыз
- A) Қайрат, жігер, ел
- B) Жаратылыс, табиғат, дүние
- C) Өлең, жыр, ән, терме, күй
- D) Бет, жүз, оң, ауыз
- E) Еңбек, іскер, жалқау
16. Ілгерінді ықпалды табыңыз
- A) Қарасу
- B) Сенбілік ұйымдастыру
- C) Бірқыдыру
- D) Жақсы-жаман
- E) Кендебай
17. Сөз түрлендіруші жұрнағы бар сөзді табыңыз
- A) Қызғылт
- B) Көрме
- C) Үрле
- D) Күлкілі
- E) Бағала
18. Тәуелдік жалғауынан соң жалғанып тұрған табыс жалғауын табыңыз
- A) Әкені
- B) Әкеме
- C) Әкемнің
- D) Әкеміз
- E) Әкесін
19. Еш, әр, кей, бір, әлде сөздерімен келген есімдіктердің жазылу тәртібін табыңыз
- A) Қосарлы түрде
- B) Бөлек
- C) Бірге
- D) Қысқарған түрде
- E) Тіркес түрде
20. Сырттай қарағанда сөз тіркесіне ұқсас сөздер тобының қатарын көрсетіңіз
- A) Сәнді киім
- B) Келе жатыр
- C) Қызу еңбек
- D) Кеше келді
- E) Ақ ешкі
21. Мақсат бағыныңқы сабақтасты көрсетіңіз
- A) Ол сабағын жазып отыр, бірақ ойынан бүгінгі жайсыздық шықпайды.
- B) Ол жеткенше, Қанабек тықыршып тұр.
- C) Кең даланы сұлу сағым басты.
- D) Әңгімені басынан бастамақ болып, Саржанмен кездескен күнді есіме толық түсіріп көрейін.
- E) Қыруар уақыт өткенмен, жаңбыр басылмады.
22. Қыстырма сөзі бар сөйлемді табыңыз
- A) Жаман айтпай, жақсы жоқ.
- B) Үлкенді сыйлау – асыл қасиет.
- C) Тұрмыс құр, балам.
- D) Мен, шынымды айтайын, қорқудамын.
- E) Көктем айларында біресе жаңбыр, біресе қар жауады.
23. Көп нүкте қай жерге қойылмайтынын табыңыз
- A) Оқиға толық айтылмай тоқталса.
- B) Ой белгілі себеппен бөліп-бөліп айтылғанда.
- C) Ойға өте алшақ нәрсе қосылып кетсе.
- D) Ой санамалап айтылса.
- E) Ойдың бас жағынан, арасынан, соңынан сөз қалдырылса.
24. Төл сөздің жетпеген (қойылмаған) тыныс белгісін табыңыз
Аты Төлеген екен, Жібегін іздеп жүрген көрінеді, — деп, күлісті құрбылары.
- A) Үтір
- B) Дефис
- C) Қос нүкте
- D) Сызықша
- E) Нүктелі үтір
25. Антонимді табыңыз
- A) Ақ — қызыл
- B) Көп — қыруар
- C) Бұзу — жөндеу
- D) Дос — жолдас
- E) Халайық — әлеумет
26. Үстеудің қызметін анықтаңыз
Жата-жастана қонуымызды өтінеді.
- A) Пысықтауыш
- B) Бастауыш
- C) Анықтауыш
- D) Толықтауыш
- E) Баяндауыш
27. Баяндауыш болатын еліктеу сөзді табыңыз
- A) Алыстан дабырлаған дауыс естілді.
- B) Оның сөзіне елең еткен адам болмады.
- C) Иық тірескен қоңыр таулар тағы күңк етті.
- D) Жарқ етіп шам жанды.
- E) Шоқан қалжыңға түсініп, қарқ-қарқ күлді.
28. Жақсыз сөйлемді табыңыз
- A) Екі қолын жылы суға салды.
- B) Тәтем көршімен әңгімелесті.
- C) Балаларға сыныпта секіруге болмайды.
- D) Түс ауа жайлауға келдік.
- E) Жандос қалада тұрады.
29. Тыныс белгісі дұрыс қойылған диалогты белгілеңіз
- A) –Абайды да білемін. Ол Құнанбайдың өлеңші баласы емес пе?
- B) –Абайды да білемін. Ол – Құнанбайдың өлеңші баласы емес пе?
- C) –Абайды да білемін? Ол Құнанбайдың өлеңші баласы емес пе?
- D) –Абайды да білемін, Ол Құнанбайдың өлеңші-баласы емес пе?
- E) –Абайды да білемін. Ол Құнанбайдың өлеңші баласы емес пе.
30. Жайылмалы әрі өз ішінде үтірлері бар бірыңғай мүшелердің арасына қойылатын тыныс белгісін табыңыз
- A) Нүкте
- B) Қос нүкте
- C) Үтір
- D) Нүктелі үтір
- E) Көп нүкте
Қазақ тілі пәнінен тест сұрақтары 11 сынып
9 нұсқа
1. Синоним сөзді көрсетіңіз
- A) Шын, өтірік
- B) Жаңбыр, дауыл
- C) Қарулы, нашар
- D) Оқулық, оқушы
- E) Құнды, бағалы
2. «У» дыбысы жуан болып тұрған сөзді көрсетіңіз
- A) Кету
- B) Жүру
- C) Жету
- D) Секіру
- E) Қайту
3. Зат есімді көрсетіңіз
- A) Өлең айт
- B) Осында
- C) Әдемі
- D) Білім
- E) Сұр
4. “Дейін, шейін, таман” шылаудың қай түрі екенін белгілеңіз
- A) Жалғаулық
- B) Септеулік
- C) Болжалдық демеулік
- D) Демеулік
- E) Шектік демеулік
5. Сөйлемнің қай мүшесі бірыңғайласып тұрғанын көрсетіңіз
Көрген, білген әңгімелерді кітап қылып тартамын.
- A) Бірыңғай толықтауыш
- B) Бірыңғай анықтауыш
- C) Бірыңғай баяндауыш
- D) Бірыңғай пысықтауыш
- E) Бірыңғай бастауыш
6. Ілгерінді ықпалды табыңыз
- A) Қара қой
- B) Ақ үй
- C) Бас штаб
- D) Жылқының
- E) Өмірінде
7. Үндестік заңына бағынбайтын қосымшаны табыңыз
- A) — лар
- B) — кеш
- C) — ым
- D) — лық
- E) — шы
8. Туынды сөзді көрсетіңіз
- A) Үсті
- B) Соң
- C) Қуырдақ
- D) Алыстан
- E) Қызғылт
9. Жіктік жалғауында тұрған сөзді табыңыз
- A) Ауылданбыз
- B) Табалдырық
- C) Санақ
- D) Сепкіш
- E) Кеншінің
10. Болымсыздық есімдігін көрсетіңіз
- A) Әсемпаз
- B) Әлдеқайда
- C) Жайраңда
- D) Отыздарда
- E) Ешқайсысы
11. Тұйық етістікті көрсетіңіз
- A) Оқыды
- B) Салғыз
- C) Жалпаңдау
- D) Оқыған
- E) Бесеу
12. Атаулы сөйлемді табыңыз
- A) Сайын дала
- B) Ауа желсіз екен
- C) Жарыс жалғаса берді
- D) Баламен ойнады
- E) Бізге уақытты ұту керек
13. Құрамында бірнеше бағыныңқысы бар сөйлем қалай аталатынын табыңыз
- A) Сатылы бағыныңқылы
- B) Аралас құрмалас
- C) Көп бағыныңқылы
- D) Жарыспалы бағыныңқылы
- E) Көп басыңқылы
14. Сызықша дұрыс қойылған сөйлемді табыңыз
- A) Ата-ананың – ақ тілеуі ақ жол.
- B) Ата-ананың ақ тілеуі – ақ жол.
- C) Сұрмерген аң аулап жүрсе – алдынан үш елік қаша жөнелді.
- D) Білім адамның – қанаты.
- E) Бозбаламын – мен де енді.
15. Омоним бола алмайтын сөзді көрсетіңіз
- A) Жұт
- B) Қаралы
- C) Мін
- D) Ара
- E) Найза
16. Терминдерге тән белгілерді табыңыз
- A) Көнерген сөздер болады
- B) Ғылым, техника салаларына телінген сөздер
- C) Белгілі мекенде қолданылатын сөздер
- D) Жаңа сөздер болады
- E) Кәсіпке байланысты сөздер
17. Ілгерінді ықпалды табыңыз
- A) Машина
- B) Мәдениет
- C) Добым
- D) Қамысбай
- E) Жанбады
18. Қосымшалы қос сөзді көрсетіңіз
- A) Алыс-жақын
- B) Үп-үлкен
- C) Қып-қызыл
- D) Балалы-шағалы
- E) Төбе-төбе
19. Сын есім — қандай сөйлем мүшесі, белгілеңіз
Еркін сабағын жақсы оқитын.
- A) Бастауыш
- B) Баяндауыш
- C) Анықтауыш
- D) Пысықтауыш
- E) Толықтауыш
20. Сын-бейне үстеулі тіркесті көрсетіңіз
- A) Әрең қозғалады
- B) Жолшыбай кездесті
- C) Әрқашан біргеміз
- D) Анағұрлым көп
- E) Елжіреді
21. Сөйлемдегі сан есім қандай мағынада жұмсалып, сөйлемнің қай мүшесі екенін көрсетіңіз
Еламан жеті-сегіздей балықшымен ұлы теңізге қарай беттеді.
- A) Жинақтық, баяндауыш
- B) Топтау, пысықтауыш
- C) Болжалдық, анықтауыш
- D) Болжалдық, пысықтауыш
- E) Бөлшектік, толықтауыш
22. Қаратпа сөзге байланысты қойылып тұрған тыныс белгісін көрсетіңіз
- A) Ісің өнімді болсын, Қуат.
- B) Алматы — Республиканың ең үлкен қаласы.
- C) Әрине, бұл істе кім озары белгісіз.
- D) Үлгілі үйдің – ұл-қызы ұялтпайды.
- E) Ойпырай, мына күннің қағынуын-ай.
23. Қойылуға тиісті тыныс белгісін көрсетіңіз.
Дауысты а дыбысы — жуан дыбыс.
- A) Сызықша
- B) Нүктелі үтір
- C) Дефис
- D) Тырнақша
- E) Үтір
24. Тыныс белгісі дұрыс қойылған орынды көрсетіңіз
- A) Елге мойнымды созам: көрінбейді.
- B) Елге мойнымды созам- көрінбейді.
- C) Елге мойнымды созам,- көрінбейді.
- D) Елге мойнымды созам; көрінбейді.
- E) Елге мойнымды созам, көрінбейді.
25. Сан есімді лайықты сөзімен тіркестіріңіз
Бір шөкім …
- A) тұз
- B) бұлт
- C) нан
- D) шай
- E) сөз
26. Сөйлемнен еліктеу сөзді табыңыз
Қанаттары елбелеңдеген сұр жапалақ кеңк-кеңк етіп, төбеден қайта-қайта түнеріп өтті.
- A) Кеңк-кеңк етіп
- B) Түнеріп өтті
- C) Сұр жапалақ
- D) Қайта-қайта түнеріп
- E) Төбеден өтті
27. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз
- A) Малдың тұяғын да іске асыруға болады.
- B) Алыстан дүрсілдеген ат тұяғының дыбысы естілді.
- C) Артында қалған бір тұяқ бар еді.
- D) Омардың ірілі-ұсақты он бес тұяғы бар.
- E) Жұт тігерге тұяқ қалдырмады.
28. Себеп бағыныңқы сабақтас сөйлемді көрсетіңіз
- A) Мен оқыған кітап қызық-ақ!
- B) Түн.
- C) Әңгіме жалпақ елдің жайына көшкен кезде Абай шешіле түсті.
- D) Оның сөздік қоры мол болғандықтан, өз ойын еркін жеткізеді.
- E) Әдейі танытпайын деп, ол бет-аузын таңып алыпты.
29. Төл сөзді сөйлемді табыңыз
- A) Розаның ’’Әлиясын’’бүкіл қазақ сүйіп тыңдайды.
- B) Апасының ’’кішкенесі’’- 20 жаста.
- C) ’’Шұға айныса, амалым жоқ,’’- деді Әбдірахман.
- D) Өлеңдері ’’Жас Алашта’’ жарияланды.
- E) Естігенді ұмытпас үшін не істеу керектігі айтылды.
30. Автор, шешеннің дәлелдеп қорғайтын түйінді қорытындысының атауын табыңыз
- A) Конспект
- B) Рецензия
- C) Аннотация
- D) Резюме
- E) Тезис
Қазақ тілі пәнінен тест сұрақтары 11 сынып
10 нұсқа
1. Ауыспалы мағыналы сөзді табыңыз
- A) Қара сиялы қалам
- B) Қисық бұтақ
- C) Қоңыр дауыс
- D) Білімді оқушы
- E) Қызыл гүл
2. Дауыстылар ерін мен езудің қатысына қарай қанша түрге бөлінетінін белгілеңіз
- A) 8
- B) 3
- C) 4
- D) 1
- E) 2
3. Қосарлану арқылы жасалған сөзді табыңыз
- A) Қазақтың тілі
- B) Құрбы-құрдас
- C) Ашудас
- D) Көкшіл
- E) Жезтырнақ
4. Жалқы есімді табыңыз
- A) Қарлыға
- B) Дуадақ
- C) Қарға
- D) Сауысқан
- E) Тауық
5. Топтау сан есімді табыңыз
- A) Екіден
- B) Қырыққа таяу
- C) Екі жарым
- D) Ондаған
- E) Алпыстай
6. Жіңішкелік белгісіне (ь) біткен сөзге дұрыс жалғанбай тұрған жалғауды табыңыз.
- A) Hольден
- B) Бинокльінен
- C) Лагерьге
- D) Артельде
- E) Рульді
7. Орфографиялық принципке бағынған сөзді табыңыз
- A) Бейсембі
- B) Өнөр
- C) Күндүз
- D) Еңкею
- E) Жұлдұз
8. Тәуелдік жалғаулы сөзді табыңыз
- A) Маған айтты
- B) Аяқ-табақ
- C) Айнашпен сөйлесті
- D) Жақсы жаман
- E) Үйдің іші
9. 2-жақ көпше түрінде тұрған етістікті табыңыз
- A) Жатырсың
- B) Жатырсыз
- C) Жатырмыз
- D) Жатырсыңдар
- E) Жатырмын
10. Мен, бен, пен тұлғасымен келген шылауды табыңыз
- A) Қайрат(пен) ақыл жол табар, қашқанға да қуғанға.
- B) Ағаш тамыры(мен), адам ұрпағы(мен) мықты.
- C) Машина(мен) келдім.
- D) Ықылас(пен) тоқылық.
- E) Жарбаңдасып жас күлер құрбысы(мен).
11. Сөздердің жалғау арқылы байланысу тәсілін көрсетіңіз
- A) Үшінші сынып
- B) Отыр екен
- C) Үйге келсем
- D) Қызыл сиыр
- E) Өзің үшін үйрен
12. Сөйлемдегі анықтауыштың жасалу жолын белгілеңіз
Мектепте алты жүз бала оқиды.
- A) Сан есім
- B) Сын есім
- C) Есімдік
- D) Етістіктің есімше түрі
- E) Зат есім
13. Қуанышты жасыруға болмайды
Сөйлем түрін анықтаңыз.
- A) Жақты
- B) Құрмалас
- C) Атаулы
- D) Жақсыз
- E) Толымды
14. Стиль түрін ажыратыңыз
Тіл – тіліп түсер наркескен, сөз — өткір жебе тау тескен.
- A) Ресми
- B) Ғылыми
- C) Публицистикалық
- D) Көркем әдебиет
- E) Ауызекі
15. Дауыссыз дыбыстардың үндесуін табыңыз
- A) Екпін
- B) Сингармонизм
- C) Дыбыс үндестігі
- D) Буын үндестігі
- E) Үндестік заңы
16. Қатыстық сын есімді көрсетіңіз
- A) Гүлге, ерге
- B) Қысқы, басыңқы
- C) Қызыл ала, үлкенірек
- D) Бермес, назар
- E) Кеше, бүгін
17. Белгісіздік есімдікті көрсетіңіз
- A) Баршамыз
- B) Біздің
- C) Өзіміздің
- D) Бәріміз
- E) Қайсыбіреу
18. Бірыңғай толықтауышты табыңыз
- A) Өмірді сүйген — өмірден орын табады.
- B) Далба тауында атақты Бұқар жырау күмбезі бой көтерді.
- C) Бозторғайлар жер бауырлай ұшады.
- D) Ақан жастайынан әнге, өлеңге, домбыраға әуес болады.
- E) Тәрбие тілден басталады.
19. Салаластың түрін ажыратыңыз
Ән басылып қалды, бірақ гитара сазы тоқталған жоқ.
- A) Ыңғайлас
- B) Қарсылықты
- C) Түсіндірмелі
- D) Кезектес
- E) Талғаулы
20. Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз
- A) Бұл түн менің ең соңғы көрген дүнием болғандықтан, көп нәрселер әлі көз алдымда тұрады.
- B) Өзеннің суы тайыз болғанмен, жағасы тік.
- C) Біресе жаңбыр жауып, біресе қар жауады.
- D) Жақыпбек ойлардан серпілгісі келіп, романның бірін алып оқуға кірісті.
- E) Шай жиналысымен, қонақтарды Мырзаш шақырып әкетті.
21. Төл сөзге байланысты тыныс белгісінің дұрыс қойылған жерін көрсетіңіз
- A) Шаhар әміршісі әл-Фарабиді сынамақ болып — Өзіңе лайықты орын тауып отыр — дейді.
- B) Шаhар әміршісі әл-Фарабиді сынамақ болып өзіңе лайықты орын тауып отыр — дейді.
- C) Шаhар әміршісі әл-Фарабиді сынамақ болып: «Өзіңе лайықты орын тауып отыр», — дейді.
- D) Шаhар әміршісі әл-Фарабиді сынамақ болып: «Өзіңе лайықты орын тауып отыр» дейді.
- E) Шаhар әміршісі әл-Фарабиді сынамақ болып: Өзіңе лайықты орын тауып отыр — дейді.
22. Одағай сөзді табыңыз
- A) Ахмет, Ержанды шақыршы.
- B) Күлкінің иесі ақ сары қыз екен.
- C) Жарайды, тазалығыңа сендім.
- D) Мен саған мұны ақыл ретінде айтамын.
- E) Шөге ғой, түйем, шөк-шөк.
23. Драмалық шығармалардағы кейіпкерлердің аты — жөндерінен кейін қойылатын белгіні табыңыз
- A) Нүктелі үтір
- B) Жақша
- C) Көп нүкте
- D) Қос нүкте
- E) Нүкте
24. Тырнақша не үшін қойылған, дұрысын белгілеңіз
«Қалауын тапса, қар жанар» деген мақал — үлкен философия.
- A) Диалог
- B) Төл сөз
- C) Объекті етіп алынған мақал
- D) Объект етіп алынған сөз
- E) Дәйексөз
25. Сөйлемдерден омоним сөздерді табыңыз
- A) Театрға жастар көп келді.
- B) Бүгін кеш ояндық. Бүгін емтихан болады.
- C) Кеш көңілді өтті. Қателегімді кеш.
- D) Көктем ерте шықты. Ол көктемде ауылына барады.
- E) Менің басым ауырды. Бас ауырса, дәрі ішу керек.
26. Антонимді табыңыз
- A) Соқтығыс — қақтығыс
- B) Маңдай алды — бетке ұстар
- C) Нәтижелі — жемісті
- D) Жомарт — сараң
- E) Жоламау — жуымау
27. Туынды зат есім жасап тұрған жұрнақты көрсетіңіз
- A) Күзем
- B) Немесе
- C) Жануарлары
- D) Алатау
- E) Сана
28. Күшейткіш үстеуі бар сөйлемді табыңыз
- A) Аққасқаны Қасен мен Бейсенбай зорға айырып алды.
- B) Аққасқа көлденең келіп, Көксеректі құлақ шекеден ала түсті.
- C) Шарасыздан айтқанға келісті.
- D) Жаздыгүнгідей емес, ауыл үйлері біріне-бірі әдейі жақын қонған.
- E) Ауыл реңі мүлдем жүдеу еді.
29. Қаратпа сөзді анықтаңыз
- A) Бала, бала деп құрақ ұшады.
- B) Ескертуден қорытынды шығар, бала.
- C) Келіп кеткен — сол бала.
- D) Бала тілі — бал.
- E) Бала, баланың ісі — шала.
30. Дефис дұрыс қойылған орынды белгілеңіз
- A) Ежелгі-дос
- B) Турсун-заде
- C) Алты аласы-бес бересі
- D) Жүре-сөйлеу
- E) Микро-биология
с ответами бы