Қазақ тілі пәнінен тест сұрақтары 11 сынып

Қазақ тілі пәнінен тест сұрақтары 11 сынып

Қазақ тілі пәнінен тест сұрақтары 11 сынып

1 нұсқа

1. Дұрыс жазылған сөзді  белгілеңіз

  • A) Ләззәт
  • B) Күләндә
  • C) Жәмила
  • D) Күлай
  • E) Дүдамал

2. Туынды сын есімді табыңыз

  • A) Нашар
  • B) Ақ
  • C) Аласа
  • D) Абырой
  • E) Аспалы

3. “Он төрт” – сан есiмнiң қай мағыналық түрi екенін белгілеңіз

  • A) Бөлшектiк
  • B) Есептiк
  • C) Болжалдық
  • D) Реттiк
  • E) Жинақтық

4. Өздік есімдігі қатысқан сөз тіркесін көрсетіңіз

  • A) Көңілді қария
  • B) Еңбектеген бала
  • C) Өзіміздің балалар
  • D) Өнерлі жастар
  • E) Мектеп оқушылары

5. Жай сөйлемнің қай түрі, көрсетіңіз

Жүйрік ат – ердің қанаты.

  • A) Жалаң
  • B) Жақсыз
  • C) Атаулы
  • D) Жайылма
  • E) Сабақтас

6. Мақалдың тақырыбын анықтаңыз

Білімді өлмес – қағазда аты қалар,

Ұста өлмес – істеген заты қалар.

  • A) Адамгершілік
  • B) Өнер-білім
  • C) Достық
  • D) Ерлік
  • E) Денсаулық

7. Антоним сөздерді көрсетіңіз

  • A) Шыбын — шіркей
  • B) Бұлғақтау — бұралаңдау
  • C) Аштық — тоқтық
  • D) Аға — әке
  • E) Көктем — жазғытұры

8. Заттық ұғымның атауы болатын сөзді табыңыз

  • A) Әлдеқалай, солай
  • B) Көрген, көрер
  • C) Анау, сонау
  • D) Демеуші, егінші
  • E) Сіз, сенен

9. Күрделі сөзді көрсетіңіз

  • A) Қабырғаңмен кеңес
  • B) Тіс жармады
  • C) Таза киім
  • D) Сары уайымға салынды
  • E) Жүріп келе жатыр еді

10. Негізі екі буыннан құралған еліктеуіш сөзді табыңыз

  • A) Лып
  • B) Қыңқ
  • C) Тыртың
  • D) Күмп
  • E) Арс

11. Тұрлаулы мүшелердің екеуі де сан есімнен болғанда қойылатын тыныс белгісін табыңыз

  • A) Сызықша
  • B) Дефис
  • C) Қос нүкте
  • D) Көп нүкте
  • E) Үтір

12. Сөйлемдегі анықтауыштың жасалу жолын белгілеңіз

Мектепте алты жүз бала оқиды.

  • A) Есімдік
  • B) Етістіктің есімше түрі
  • C) Зат есім
  • D) Сан есім
  • E) Сын есім

13. Көп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз

  • A) Күн түс ауа жылынып, сызды дала бусанып, ауыл сыртында әдемі бір көрініс туып еді.
  • B) Аттылар жақындаған сайын, Төлегеннің жүрегі орнына түсе бастады.
  • C) Ауыл адамдары мәз-мәйрам болып, мерекені жақсы өткізді.
  • D) Жаңа ғана талып қалғандай, Әбіш ешбір белгі бермей сұлқ жатты.
  • E) Әдейі танытпайын деп, ол бет-аузын таңып алыпты.

14. Шешенге ең қажетті қасиетті табыңыз

  • A) Сөзге тапқырлық
  • B) Келісімпаз болу
  • C) Көп сөйлеу
  • D) Өзін көрсету
  • E) Көп тіл білу

15. Омоним бола алмайтын сөзді көрсетіңіз

  • A) Найза
  • B) Қаралы
  • C) Мін
  • D) Жұт
  • E) Ара

16. Ілгерінді ықпалды табыңыз

  • A) Добым
  • B) Мәдениет
  • C) Машина
  • D) Қамысбай
  • E) Жанбады

17. Сөз аралығындағы кейінді ықпалды көрсетіңіз

  • A) Өлең өлшемі
  • B) Сұрап ал
  • C) Атты кісі
  • D) Көшенің бойы
  • E) Қиындықтан қашса

18. Қосымшалы қос сөзді көрсетіңіз

  • A) Балалы-шағалы
  • B) Үп-үлкен
  • C) Қып-қызыл
  • D) Төбе-төбе
  • E) Алыс-жақын

19.  Көмектес септіктің көнеленуінен қалыптасқан үстеуді белгілеңіз

  • A) Баяғыда
  • B) Әрең-әрең
  • C) Кеңінен
  • D) Жоғары
  • E) Кезекпен

20. Күшейткіш демеулікті табыңыз

  • A) дейін
  • B) сайын
  • C) -ау
  • D) ше
  • E) -ды

21. Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзі бар сөйлемді табыңыз

  • A) – Бұл үйдің жаны нешеу?, деді Итбай.
  • B) “Бұл үйдің жаны нешеу”: деді Итбай.
  • C) – Бұл үйдің жаны нешеу? деді: Итбай.
  • D) – Бұл үйдің жаны нешеу?: деді Итбай.
  • E) – Бұл үйдің жаны нешеу?- деді Итбай.

22. Кімің келіп кетті?

Сұраулы сөйлемнің жасалу жолын табыңыз

  • A) Зат есім
  • B) Сұраулық шылау
  • C) Дауыс интонациясы
  • D) Сұрау есімдігі
  • E) Көмекші етістік

23. Сен келіп қойғанбысың?

Сұраулық шылаудың түрлену түрін анықтаңыз

  • A) Септелді
  • B) Жіктелді
  • C) Тәуелденді
  • D) Көптік тұлғасында
  • E) Көмектес септікте

24. Сызықша қай жерде қойылатынын анықтаңыз

  • A) Одағай сөзден кейін
  • B) Бірыңғай  мүшелердің арасында
  • C) Атаулы сөйлемнен  кейін
  • D) Бастауыш пен баяндауыштың  арасында
  • E) Қыстырма сөзден кейін

25. Орфографиялық заңдылыққа қайшы сөзді көрсетіңіз

  • A) Бұрыш
  • B) Көрік
  • C) Отырыс
  • D) Көкшетау
  • E) Қиян-гескі

26. Көптік жалғауының дұрыс жалғанбағанын көрсетіңіз

  • A) Балалар
  • B) Құрылысшылар
  • C) Газеттер
  • D) Кітаптар
  • E) Ұндар

27. Түбір тұлғасы өзгеріске ұшырап біріккен сөзді табыңыз

  • A) Алатау
  • B) Әкел
  • C) Мұратәлі
  • D) Кейбір
  • E) Ешқашан

28. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз

  • A) Тас жүрек
  • B) Ашық күн
  • C) Жұлып тастады
  • D) Бас сүйек
  • E) Қара торы

29. Жай сөйлемдер арасына тыныс белгісін қойыңыз.

Күн бесіндіге келген кезде Көркемтайдың аулы астаң-кестең болды кемсеңдеп кемпір-шал жылады, қанын тартып сұрланып жастар тұрды.

  • A) Үтір, сызықша
  • B) Қос нүкте
  • C) Үтір
  • D) Сызықша
  • E) Нүктелі үтір

30. Тыныс белгісі дұрыс қойылған қыстырма сөзді сөйлемді көрсетіңіз

  • A) Бұл даусыз; бірақ осы қағиданың өңін айналдырмау керек.
  • B) Бұл даусыз – бірақ, осы қағиданың өңін айналдырмау керек.
  • C) Бұл даусыз, бірақ осы қағиданың өңін айналдырмау керек.
  • D) Бұл даусыз – бірақ — осы қағиданың өңін айналдырмау керек.
  • E) Бұл даусыз, бірақ, осы қағиданың өңін айналдырмау керек.

Қазақ тілі пәнінен тест сұрақтары 11 сынып

2 нұсқа

1. Екі буыннан құралған сөзді анықтаңыз

  • A) Бүгін
  • B) Кіріспе
  • C) Қаламгер
  • D) Бояушы
  • E) Оқушы

2. Тырнақшаға алынып жазылатын жалқы зат есімдерді көрсетіңіз

  • A) Қарағанды, Жетісу
  • B) Амангелді, Ақбота
  • C) Адай, Балбырауын
  • D) Іле, Лепсі
  • E) Балқаш, Зайсан

3. Сапалық сын есімді көрсетіңіз

  • A) Шоқпардай
  • B) Үлкенірек
  • C) Малды
  • D) Түнгі
  • E) Көтеріңкі

4.  Күрделі сан есімді көрсетіңіз

  • A) Жетеу
  • B) Үштен екі
  • C) Мың
  • D) Ондаған
  • E) Бесінші

5. Шылау сөздер білдіретін мәні мен сөйлемде атқаратын қызметіне қарай нешеге бөлінеді, көрсетіңіз

  • A) 2
  • B) 5
  • C) 3
  • D) 4
  • E) 1

6. Антонимдік жұпты көрсетіңіз

  • A) Әдейі — жорта
  • B) Тоқпақ — қол ағаш
  • C) Татуласу — жарасу
  • D) Ащы — тұщы
  • E) Тынығу — жату

7. «Ұжымдастыру» сөзіндегі ұяң дауыссыз нешеу екендігін көрсетіңіз

  • A) 2
  • B) 1
  • C) 5
  • D) 4
  • E) 3

8. Бірыңғай езулік, жіңішке дауыстылардан болған сөзді белгілеңіз

  • A) Еріншек
  • B) Бүлдірген
  • C) Жоңышқа
  • D) Мүсәпір
  • E) Бүлдіршін

9. Сілтеу есімдігін көрсетіңіз

  • A) Санау
  • B) Еш нәрсе
  • C) Сонау
  • D) Кейбіреу
  • E) Үшеу

10. Тұйық етістікті көрсетіңіз

Ашық күндерде кір жуу жақсы.

  • A) Кір
  • B) Ашық
  • C) Күндерде
  • D) Жақсы
  • E) Жуу

11. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз

  • A) Жонынан таспа тілу
  • B) Кішкене тарақ
  • C) Толықша келіншек
  • D) Жаңбырлы күн
  • E) Томағасын сыпыру

12. Аралас құрмалас сөйлемді табыңыз

  • A) Жел үрлеген сайын, сапырылысып түскен сары жапырақтар жер бетін түгел жапты.
  • B) Жалғасы қызық болды, олар таңға көз ілмеді.
  • C) Үсен пышақтың сыртымен тасқа қатты ұрып еді, мақта тұтанды.
  • D) Дәркембай, Абылғазы, Қаңбақ, Тоқсан, Жұмыр да осында.
  • E) Кейде ұзақ жырлар жырланып, кейде ел ішінің әңгімелері айтылады, ауыл адамдары бұларды қызыға тыңдайды.

13. Тыныс белгісі дұрыс қойылған орынды көрсетіңіз

  • A) “Сөйлемді сауатты құрастырған жөн,” — деді мұғалім.
  • B) “Сөйлемді сауатты, құрастырған жөн,” — деді мұғалім.
  • C) “Сөйлемді сауатты құрастырған жөн” — деді мұғалім.
  • D) Сөйлемді сауатты: құрастырған жөн, — деді мұғалім!
  • E) Сөйлемді сауатты; құрастырған жөн деді мұғалім.

14. «Қазақ тілі — әрі бай, әрі көркем тіл» деген кімнің сөзі, табыңыз

  • A) К. Аханов
  • B) М. Әуезов
  • C) С. Мұқанов
  • D) А. Құнанбаев
  • E) Б. Момышұлы

15. Эвфемизмді табыңыз

  • A) Ұрланды
  • B) Табылмады
  • C) Іздеді
  • D) Қолды болды
  • E) Жоғалды

16. Кейінді ықпал әсерінен өзгеріске ұшырайтын сөзді табыңыз

  • A) Келу
  • B) Бал
  • C) Ара
  • D) Қар
  • E) Теп

17. Сөздердің қайсысы туынды түбір, көрсетіңіз

  • A) Аспанда
  • B) Сызғыш
  • C) Аста
  • D) Ақылым
  • E) Менде

18. Қайталама қос сөзді анықтаңыз

  • A) Ағыл-тегіл
  • B) Телегей-теңіз
  • C) Ата-ана
  • D) Жал-жая
  • E) Үйден-үйге

19. Қысқарған сөз қатысқан қатарды табыңыз

  • A) Аққулы көл
  • B) Педколледжге барды
  • C) Күні бойы ойнады
  • D) Талдықорғанда тұрады
  • E) Ата анасымен сөйлесті

20. Баяндауыш қандай сөз табынан жасалғанын көрсетіңіз.

Нағыз теңіз романтикасы деген осы.

  • A) Зат есім
  • B) Одағай
  • C) Есімдік
  • D) Үстеу
  • E) Етістік

21. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді анықтаңыз

  • A) Қазақстандағы ірі өзендер: мыналар Ертіс, Жайық, Сырдария.
  • B) Қазақстандағы ірі өзендер мыналар; Ертіс, Жайық, Сырдария.
  • C) Қазақстандағы ірі өзендер мыналар, Ертіс, Жайық, Сырдария.
  • D) Қазақстандағы ірі өзендер мыналар: Ертіс, Жайық, Сырдария.
  • E) Қазақстандағы ірі өзендер мыналар — Ертіс, Жайық, Сырдария.

22. Қаратпа сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз

  • A) Меніңше, Щербаков кемшіліктерді тауып айтты.
  • B) Апырау, Сүгірәлі ғой мынау!
  • C) Мүмкін, Баймақан бабын тапқан болар.
  • D) Шынын айту керек, өте оңай жеңдіңіз.
  • E) Сапарың құтты болсын, қарағым!

23. Төл сөздің автор сөзінен соң орналасып тұрған түрін көрсетіңіз

  • A) Мен колхозшыларға: »Өзім бұл жерде туғаным жоқ», — дедім.
  • B) »Біз қайда жатырмыз? — деді, — кеше кеткен жоқпыз ба?».
  • C) »Иә,-деді Дина, басын изеп, — тіл мен үн арасында айырма жоқ».
  • D) »Біз қайда жатырмыз?» — деп сұрады.
  • E) Ол бірде маған шынын айтты: »Сенімен сапарға шықсам, көңілім бір түрлі көтеріңкі болады».

24. Сөйлемдердегі бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылған сызықшаны табыңыз

  • A) Қарқаралы деген округтің әміршісі — Құнанбай мен осы Майыр.
  • B) Алыс-берісіміз көп, ағайын адамбыз.
  • C) Ағаш арасын қаратса — жоқ.
  • D) Жұрт айтты — көне берді.
  • E) Аяғы жоқ, — жүреді, аузы жоқ, — сөйлейді.

25. Көп мағынаға ие бола алатын сөзді көрсетіңіз.

Бәрін қойып, ашық әңгімеге кірісейік.

  • A) Әңгімеге
  • B) Қойып
  • C) Кірісейік
  • D) Ашық
  • E) Бәрін

26. Мезгіл үстеулі сөйлемді көрсетіңіз

  • A) Әйелдер Бәкеңнің үйін сыпырып жатыр.
  • B) Олар егіннен мол өнім алу үшін жанталасады.
  • C) Жомарт биыл келген.
  • D) Құс қанатымен ұшып, құйрығымен қонады.
  • E) Аяғы жазылды ма өзінің?

27. Негізгі еліктеу сөзді көрсетіңіз

  • A) Кілтің
  • B) Торсаң
  • C) Быжың
  • D) Шіңк
  • E) Сымпың

28. Жақты сөйлемді табыңыз

  • A) Қап, ұят болған екен!
  • B) Бұлт астында жылжыған ай.
  • C) Бүгін жиналысқа қатысуға тиіссіз.
  • D) Саған соны ғана айтқым келеді.
  • E) Қатерліден осылай құтылар болар.

29. Түсіндірмелі салаласты көрсетіңіз

  • A) Ол – көпті көрген дана қарт.
  • B) Бір қарағанда-ақ біліп қойдым: бұл — Алматының және қала маңының картасы екен.
  • C) Бес-алты айда келді.
  • D) Қыздар тоғайға шие теруге кетті.
  • E) Анықтама ұқыпты жазылғанмен, қария оқи алмады.

30. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз

  • A) Шешім — шығарма сюжетінің де шешуші кезеңдерінің бірі — күллі құбылыс-көріністердің соңғы сахнасы.
  • B) Шешім шығарма сюжетінің де шешуші кезеңдерінің бірі, күллі құбылыс-көріністердің соңғы сахнасы.
  • C) Шешім шығарма сюжетінің де шешуші кезеңдерінің бірі; күллі құбылыс-көріністердің соңғы сахнасы.
  • D) Шешім — шығарма сюжетінің де шешуші кезеңдерінің бірі, күллі құбылыс-көріністердің соңғы сахнасы.
  • E) Шешім шығарма сюжетінің де шешуші кезеңдерінің бірі күллі құбылыс-көріністердің соңғы сахнасы.

Қазақ тілі пәнінен тест сұрақтары 11 сынып

3 нұсқа

1. «О» дыбысы қандай дыбыс екенін белгілеңіз

  • A) Ұяң
  • B) Дауысты
  • C) Дауыссыз
  • D) Үнді
  • E) Қатаң

2. Жалпы есім қатарын анықтаңыз

  • A) Қала, көше
  • B) Айна, Гүлдария
  • C) Әйгерім, Батыр
  • D) Көпір, Ертіс
  • E) «Жас Алаш», «Парасат»

3. Негізгі сын есімді көрсетіңіз

  • A) Биік
  • B) Тұсаулы
  • C) Табыскер
  • D) Білгіш
  • E) Шаруақор

4. Қосарлану арқылы жасалған топтау сан есiмiн табыңыз

  • A) Қырықтаған
  • B) Төртеу
  • C) Жүз бес
  • D) Он-оннан
  • E) Жиырмасыншы

5. Мына сөйлемге қай шылау лайық, көрсетіңіз

Алтынсары қадалған …, оның кескіні құбыла бастады.

  • A) Таман
  • B) Туралы
  • C) Қарай
  • D) Сайын
  • E) Тарта

6. Ұяңнан басталып, ұяңға аяқталған сөзді табыңыз

  • A) Бір
  • B) Тоғыз
  • C) Төрт
  • D) Жүз
  • E) Сегіз

7. Қате жазылған сөзді табыңыз

  • A) Доб ойнау
  • B) Өзенге
  • C) Бара алмады
  • D) Құлын
  • E) Жібек

8. Үндестік заңына бағынбайтын қосымшалы сөзді белгілеңіз

  • A) Арманды
  • B) Ертеңгіміз
  • C) Үшінші
  • D) Қарашашпен
  • E) Балаға

9. Шығыс септігінде тұрған сілтеу есімдігін табыңыз

  • A) Бұны
  • B) Бұлар
  • C) Бұнысы
  • D) Бұнымен
  • E) Бұдан

10. Етістіктің нақ осы шақ түрінде тұрған сөзді көрсетіңіз

  • A) Тұрасың
  • B) Тұратынсың
  • C) Тұрғанмын
  • D) Тұрарсың
  • E) Тұрмын

11. “Көзді ашып-жұмғанша” – тұрақты сөз тіркесінің мағынасын белгілеңіз

  • A) Әдемі
  • B) Жай жүру
  • C) Лезде
  • D) Алыс жер
  • E) Момын

12. Тұрлаулы мүшелердің екеуі де сан есімнен болғанда қойылатын тыныс белгісін табыңыз

  • A) Қос нүкте
  • B) Көп нүкте
  • C) Үтір
  • D) Сызықша
  • E) Дефис

13. Себеп-салдар салаластың шылауларын табыңыз

  • A) Өйткені, сондықтан, сол себепті
  • B) Сондықтан, және, әрі
  • C) Өйткені, сол себепті, бірақ
  • D) Дегенмен, әйтсе де, ал
  • E) Немесе, бірде, кейде

14. Төл сөздің алдынан автор сөзі келсе, қойылатын белгіні көрсетіңіз

  • A) Нүктелі үтір
  • B) Қос нүкте
  • C) Көп нүкте
  • D) Үтір
  • E) Нүкте

15. Тура мағыналы сөзді көрсетіңіз

  • A) Баласы өсті.
  • B) Бұл ойды мен өсірген емеспін.
  • C) Өсу жолы — бұл емес.
  • D) Халық саны өсуде.
  • E) Сен өсіріп сөйлеме.

16. Омоним бола алмайтын сөзді табыңыз

  • A) Өзек
  • B) От
  • C) Кітап
  • D) Қазы
  • E) Орыс

17. Дұрыс жасалған сөзді табыңыз

  • A) Білімкер
  • B) Білімпаз
  • C) Білімжан
  • D) Білімқой
  • E) Білімгер

18. Жіктік жалғауы нені білдіреді, табыңыз

  • A) Бағыт мағынасын
  • B) Меншіктілікті
  • C) Жақтық байланысты
  • D) Көптік ұғымды
  • E) Қимылдың орындалғанын

19. «Бас-басына», «өзді-өзі» — қос сөздерінің білдіретін мағынасын табыңыз

  • A) Мәндес сөздер
  • B) Жинақтау мәні
  • C) Көптік мәнді
  • D) Бөлшектеу, саралау
  • E) Қайшы мәнді

20. Сөздердің тіркесуінен құралған күрделі үстеулердің әрбір сыңары қалай жазылатынын белгілеңіз

  • A) Бөлек
  • B) Бірге
  • C) Қосарлану арқылы
  • D) Дефис арқылы
  • E) Қайталану арқылы

21. Толықтауышқа тән байланысу түрін көрсетіңіз

  • A) Қабысу, матасу
  • B) Жанасу, матасу
  • C) Қиысу, қабысу
  • D) Меңгеру, қиысу
  • E) Меңгеру, жанасу

22. Қаратпа сөзді табыңыз

  • A) Мүмкін, сәл кідіре тұрарсыз?
  • B) Сөйтіп, ол Домалақ ана атанды.
  • C) Немене, риза емеспісің?
  • D) Амал қанша, осылай болды.
  • E) Алма, алманы әкел.

23. Сөйлеушінің біреудің айтқан сөзін ешбір өзгертпей беруінің атауын табыңыз

  • A) Автор сөзі
  • B) Қыстырма сөз
  • C) Төл сөз
  • D) Төлеу сөз
  • E) Қаратпа сөз

24. Бірыңғай мүшелерден кейін келген жалпылауыш сөздің алдынан қандай тыныс белгісі қойылатынын табыңыз

  • A) Үтір
  • B) Сызықша
  • C) Қос нүкте
  • D) Нүктелі үтір
  • E) Дефис

25. Көнерген сөзді табыңыз

  • A) Өзі оңбаған ант ұрған.
  • B) Ол жанын шүберекке түйді.
  • C) Отаның мен халқыңа еңбек ет.
  • D) Жақсылық ағаш басында, жамандық аяқ астында.
  • E) Сексен түйе үстінде

26. Бейнелеуіш сөзді көрсетіңіз

  • A) Үлкен-кіші
  • B) Ала жаздай
  • C) Жалт қарады
  • D) Көкпеңбек
  • E) Он бес

27. Берілген сөйлем жай сөйлемнің қай түрі, көрсетіңіз

Бурабай көлінің ығындағы кішкене қаланы сол көл атымен “Бурабай” дейді.

  • A) Толымсыз
  • B) Жақты
  • C) Атаулы
  • D) Жақсыз
  • E) Жалаң

28. Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмаластың сұрағын анықтаңыз

  • A) Не еткен соң?
  • B) Қайткендіктен?
  • C) Қалай?
  • D) Қашаннан бері?
  • E) Не еткенше?

29. Сөйлемдердің арасында қай тыныс белгісі қойылмаған, дұрысын белгілеңіз.

Естіген нәрсені ұмытпасқа төрт түрлі себеп бар: әуелі көкірегі байлаулы, берік болмақ керек екінші — сол нәрсені көргенде я естігенде ғибратлану керек көңілденіп, тұщынып, ынтамен ұғу керек үшінші — сол  нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек төртінші — ой кеселді нәрселерден қашық болу керек.

  • A) Үтір
  • B) Нүктелі үтір
  • C) Нүкте
  • D) Көп нүкте
  • E) Қос нүкте

30. Техникалық әдебиет тілін қай қатарға жатқызамыз, белгілеңіз

  • A) Публицистика тілі
  • B) Ауызекі тіл
  • C) Ғылыми тіл
  • D) Көркем әдебиет тілі
  • E) Ресми тіл

Қазақ тілі пәнінен тест сұрақтары 11 сынып

4 нұсқа

1.  Езулік дауыстыны табыңыз

  • A) ұ
  • B) ү
  • C) о
  • D) а
  • E) у

2. Деректі жалпы есімді көрсетіңіз

  • A) Жел
  • B) Өмір
  • C) Ағаш
  • D) Көңіл
  • E) Ауа

3. Сан есім мағыналарына қарай нешеге бөлінетінін табыңыз

  • A) 8
  • B) 6
  • C) 5
  • D) 7
  • E) 4

4. Еліктеуіш сөзді көрсетіңіз

  • A) Жә
  • B) Жарқ
  • C) Шөре-шөре
  • D) Тәйт
  • E) Ту

5. Жай сөйлемнің қай түрі, көрсетіңіз

Жүйрік ат – ердің қанаты.

  • A) Атаулы
  • B) Сабақтас
  • C) Жалаң
  • D) Жайылма
  • E) Жақсыз

6. Бірыңғай қатаң дауыссыз дыбыстарды табыңыз

  • A) Ү, х, р, л
  • B) Ф, щ, ч, т
  • C) Т, с, б, в
  • D) Ц, ш, й, һ
  • E) С, б, в, н

7. Дұрыс жазылған сөзді табыңыз

  • A) Құлұн
  • B) Бүйрөк
  • C) Құрық
  • D) Қүйүк
  • E) Жүрөк

8. Түбір сөзді көрсетіңіз

  • A) Жазбалы
  • B) Ой
  • C) Аумалы
  • D) Кірме
  • E) Достық

9. Сілтеу есімдігін көрсетіңіз

  • A) Бар
  • B) Нешеу
  • C) Міне
  • D) Нәрсе
  • E) Бір

10. Етістіктің мақсатты келер шақ түрін табыңыз

  • A) Көрді
  • B) Көрер
  • C) Көрме
  • D) Көрмекпіз
  • E) Көрген

11. Шылауды табыңыз

  • A) Басты мәселе – оқу үлгерімі.
  • B) Сөз – өмірдің үлкен қаруы.
  • C) Үміт өрге тартады, үмітсіздік көрге тартады.
  • D) Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.
  • E) Ой жетпейтін жер болмайды.

12. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтасты табыңыз

  • A) Сәл нәрсеге ренжімейін деп, сезімін ақылға жеңдірді.
  • B) Басталып қойған әңгімеге тез оралу үшін, одан өзімнің қалай айырылғанымды айтып берейін.
  • C) Өміріңде қауіп-қатер төніп тұрса да, ата тегіңе кір келтіретін нәрсеге аяқ баспа.
  • D) Балаларымыз білім алсын деп, елде барлық жағдай жасалған.
  • E) Сын түзелмей, мін түзелмес.

13. Үтірі дұрыс қойылған жерді көрсетіңіз

  • A) Не әскери мектепке, не химия институтына түседі.
  • B) Ұра су, дами берсе, көл болады.
  • C) Дана сөзді ұғу да, айту да, даналық.
  • D) Шаңғы тепкен, із кескен, ит жүгірткен, адамдар көрінеді.
  • E) Шөлде мына ағаштар өсе алады: сексеуіл итмұрын, тікенді, тал-шіліктер.

14. «Рецензия» сөзінің анықтамасын табыңыз

  • A) Сынау
  • B) Мазмұндау
  • C) Ой түйіні
  • D) Шолу
  • E) Бағалау

15. Тілімізде бар сөздерді біріктіру арқылы жасалған жаңа термин сөзді көрсетіңіз

  • A) Екібастұз
  • B) Сөйтіп
  • C) Бап
  • D) Атауыз
  • E) Әуежай

16. Буын үндестігі сақталмаған сөзді белгілеңіз

  • A) Имандылық
  • B) Үнемшілдік
  • C) Рақымшылдық
  • D) Егіншілер
  • E) Адамгершілік

17. Тәуелдік жалғауынан соң жалғанып тұрған табыс жалғауын табыңыз

  • A) Немересін
  • B) Немереме
  • C) Немересінде
  • D) Немересінен
  • E) Немереге

18. Өлшем атауына дұрыс жалғанған қосымшаны табыңыз

  • A) смге
  • B) ГАЗ-51 ге
  • C) ИЛ-86-мен
  • D) см-ден
  • E) см. ден

19. Сапалық сын есімді табыңыз

  • A) Ақшыл
  • B) Желсіз
  • C) Баласыз
  • D) Мейірімді
  • E) Базарлы

20. Мөлшер үстеулі тіркесті көрсетіңіз

  • A) Мөлшерлеп болжау
  • B) Кеше жіберді
  • C) Соншалықты көбею
  • D) Жоғары шығу
  • E) Тезірек келу

21. Анықтауыш қатысып тұрған тіркесті табыңыз

  • A) Кешке қарай
  • B) Жалғыздың үні
  • C) Қуанғанынан күлді
  • D) Еріктен тыс
  • E) Жүгіріп келді

22. Жалпылауыш сөзі бар сөйлемді табыңыз

  • A) Ақылбай, Ербол және Мағаш келді.
  • B) Жел қатайып кетті,-күн суытпады.
  • C) Оқушылардың бәрі қысқы демалысқа тарады да, мектеп бос қалды.
  • D) Үлкенді сыйлау — асыл қасиет.
  • E) Қазақстанның ең ірі көлдері мыналар: Балқаш, Арал, Алакөл және Марқакөл.

23. Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзі бар сөйлемді табыңыз

  • A) – Бұл үйдің жаны нешеу?- деді Итбай.
  • B) – Бұл үйдің жаны нешеу? деді: Итбай.
  • C) – Бұл үйдің жаны нешеу?: деді Итбай.
  • D) – Бұл үйдің жаны нешеу?, деді Итбай.
  • E) “Бұл үйдің жаны нешеу”: деді Итбай.

24. Қандай тыныс белгісі жетпей тұр, белгілеңіз

Мен тауда ойнаған қарт марал.

  • A) Нүкте.
  • B) Қос нүкте.
  • C) Үтір.
  • D) Нүктелі үтір.
  • E) Сызықша.

25. Мақалды көрсетіңіз

  • A) Көптің құрығы ұзын.
  • B) Ат тұяғын тай басар.
  • C) Ақылы асқанды аға тұт.
  • D) Құрғақ қасық ауыз жыртар.
  • E) Ақ түйенің қарны жарылды.

26. Диалект сөздерді көрсетіңіз

  • A) Әдемі, көркем, сұлу.
  • B) Шәугім, шаппа, меш.
  • C) Өнеркәсіп, сым, леген.
  • D) Айыр, күрек, тырма.
  • E) Табан, бекіре, шортан.

27. Анықтауыштық қатынас қалай байланысқан есімді тіркестерге тән екенін белгілеңіз

  • A) Қабыса, жанаса.
  • B) Матаса, жанаса.
  • C) Меңгере, жанаса.
  • D) Меңгере, қабыса.
  • E) Матаса, қабыса.

28. Салдар мәндісі екінші тұрған салаласты көрсетіңіз.

  • A) Жанар бар шынын айтты, өйткені анасын ренжіткісі келмеді.
  • B) Шұға мырс етіп күліп жіберді, оған Қадишаның ойы ұнаған жоқ.
  • C) Ол бірде бір жиналысқа қатыса алмады, себебі өкіл емес еді.
  • D) Ақан шын сүйді, сол себепті  өз сүйгенін жамандыққа бұрмады.
  • E) Біржан келесі өлеңін оқыған: мұнда ел билеушілерді сынап жазыпты.

29. Оқшау сөздердің белгісін көрсетіңіз

  • A) Сөйлем мүшесі бола алмайды.
  • B) Тұрлаулы мүше қызметінде жұмсалады.
  • C) Қабысу, меңгеру, қиысу байланысына түсе алады.
  • D) Сөйлем мүшесі бола алады.
  • E) Тек бас әріппен жазылады.

30. Бір мәселе жайында айтылған ойдың кесек бөлшегін білдіретін белгіні көрсетіңіз

  • A) Жаңа жол
  • B) Үтір
  • C) Сызықша
  • D) Көп нүкте
  • E) Нүкте

Қазақ тілі пәнінен тест сұрақтары 11 сынып

5 нұсқа

1. Дұрыс жазылған сөзді  белгілеңіз

  • A) Жәмила
  • B) Күлай
  • C) Күләндә
  • D) Дүдамал
  • E) Ләззәт

2. Туынды зат есімді көрсетіңіз

  • A) Аға
  • B) Күй
  • C) Іні
  • D) Әнші
  • E) Үй

3. Күрделi сан есiмді анықтаңыз

  • A) Алтау
  • B) Үшiншi
  • C) Тоғыз жүз елу
  • D) Мың
  • E) Жеті

4. “Тарс” сөзі қай сөз табына жататынын белгілеңіз

  • A) Еліктеу сөз
  • B) Қос сөз
  • C) Көп мағыналы сөз
  • D) Кәсіби сөз
  • E) Біріккен сөз

5. Берілген сөйлем жай сөйлемнің қай түріне жататынын белгілеңіз

Мені танимысың?

  • A) Толымды
  • B) Жақты
  • C) Жалаң
  • D) Атаулы
  • E) Жақсыз

6. Мақалдың тақырыбын анықтаңыз

Білімді өлмес – қағазда аты қалар,

Ұста өлмес – істеген заты қалар.

  • A) Ерлік
  • B) Достық
  • C) Адамгершілік
  • D) Денсаулық
  • E) Өнер-білім

7. Жұп құрауға қабілеті жоқ дыбыстарды көрсетіңіз

  • A) т, д
  • B) ц, щ
  • C) ж, ш
  • D) қ, ғ
  • E) х, с

8. Қосымшаның түбір сөзге дұрыс жалғанған түрін белгілеңіз

  • A) Грамы
  • B) Граммі
  • C) Граммы
  • D) Грамі
  • E) Грамми

9. Күрделі сөзді табыңыз

  • A) Күркілдек
  • B) Бақташылық
  • C) Парасат
  • D) Ақмола
  • E) Толқымалы

10. Жіктеу есімдігін табыңыз

  • A) Неше
  • B) Емен
  • C) Мен
  • D) Өзі
  • E) Ел

11. Етістік құрамына қарай нешеге бөлінетінін табыңыз

  • A) 2
  • B) 5
  • C) 3
  • D) 6
  • E) 4

12. «Мы», «мі», «бы», «бі», «пы», «пі» болып өзгеріп қалатын шылауды көрсетіңіз

  • A) Менен, пенен
  • B) Ма, ме, ба, бе, па, пе
  • C) Я, яки, не, немесе
  • D) -Ақ, -ай, -мыс, -міс
  • E) Мен, бен, пен

13. Сөйлемдегі анықтауыштың жасалу жолын белгілеңіз

Мектепте алты жүз бала оқиды.

  • A) Зат есім
  • B) Етістіктің есімше түрі
  • C) Сан есім
  • D) Есімдік
  • E) Сын есім

14. Шешенге ең қажетті қасиетті табыңыз

  • A) Келісімпаз болу
  • B) Көп тіл білу
  • C) Сөзге тапқырлық
  • D) Көп сөйлеу
  • E) Өзін көрсету

15. Синонимдік қатарды табыңыз

  • A) Біреу, кейбіреу, әркім
  • B) Келесі, ендігі, бұрынғы
  • C) Кенет, тосын, мүлде
  • D) Жақсы, тәуір, оңды
  • E) Көкшіл, көгілдір, жасыл

16. Біріккен сөздегі кейінді ықпалды белгілеңіз

  • A) Бірқазан
  • B) Шалкөде
  • C) Жетіген
  • D) Дауылпаз
  • E) Сазсырнай

17. «Би» сөзіне түбірлес етістік қатарын табыңыз

  • A) Биыл, бинт, билет
  • B) Биосфера, биржа, бизнес
  • C) Бие, биолог, биология
  • D) Биязы, биялай, бидай
  • E) Билеу, билік, билікқұмар

18. Есім сөздерден жасалған сын есімді көрсетіңіз

  • A) Жабысқақ, сүріншек
  • B) Жазғы, қысқы
  • C) Қызба, толық
  • D) Ашпалы, көтермелі
  • E) Ұрысқақ, тайғақ

19. Сөз тіркесіндегі матасуды табыңыз

  • A) Сегіз жас
  • B) Он жеті
  • C) Айтып бер
  • D) Сенің үйің
  • E) Ала тай

20. Сызықшаның қойылу себебін анықтаңыз

Бұл –  үлкен бақыт.

  • A) Жіктеу есімдік — зат есім
  • B) Есім — етістік
  • C) Сілтеу есімдігі — зат есім
  • D) Есімдік — сын есім
  • E) Зат есім — зат есім

21. Көп құрамды төл сөзді табыңыз

  • A) Абай былай деген: «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы»
  • B) – Көлтауысар, көлдің суын құрт! – деді Төстік.
  • C) Мұхтар Абай ауылынан екенін айтты.
  • D) – Қалада не хабар бар? – деп сұрады.
  • E) – Мен барамын, – деді Айгүл. – Мен бұл киноны қанша көрсем де, барғым келеді, – деді нақтылай түсіп, – Маған хабарласыңдар.

22. Кімің келіп кетті?

Сұраулы сөйлемнің жасалу жолын табыңыз.

  • A) Зат есім
  • B) Сұраулық шылау
  • C) Сұрау есімдігі
  • D) Көмекші етістік
  • E) Дауыс интонациясы

23. Қыстырма сөзге байланысты қойылып тұрған тыныс белгіні табыңыз.

  • A) Менің бұлай ашық мойындап отырғаныма-байқаймын-кейбір бала қайран.
  • B) Менің бұлай ашық мойындап отырғаныма, байқаймын, кейбір бала қайран.
  • C) Менің бұлай ашық мойындап отырғаныма байқаймын, кейбір бала қайран.
  • D) Менің бұлай ашық, мойындап- отырғаныма кейбір бала, қайран.
  • E) Менің бұлай ашық мойындап отырғаныма, байқаймын кейбір бала қайран.

24. Сызықша қай жерде қойылатынын анықтаңыз

  • A) Бастауыш пен баяндауыштың арасында.
  • B) Бірыңғай мүшелердің арасында.
  • C) Атаулы сөйлемнен кейін.
  • D) Одағай сөзден кейін.
  • E) Қыстырма сөзден кейін.

25. Араб тілінен енген сөзді табыңыз

  • A) Бос, бер, жұлдыз
  • B) Бала, берік, жақсы
  • C) Әдемі, көркем, жаман
  • D) Ине, ер, сұлу
  • E) Емтихан, кітап, мұғалім

26. Орфографиялық заңдылыққа қайшы сөзді көрсетіңіз

  • A) Отырыс
  • B) Көкшетау
  • C) Көрік
  • D) Қиян-гескі
  • E) Бұрыш

27. Бағыныңқысы үстеуден болатын етістіктің тіркес түрін белгілеңіз

  • A) Жанасу
  • B) Қабысу
  • C) Меңгеру
  • D) Қиысу
  • E) Матасу

28. Жай сөйлемдер арасына тыныс белгісін қойыңыз

Күн бесіндіге келген кезде Көркемтайдың аулы астаң-кестең болды кемсеңдеп кемпір-шал жылады, қанын тартып сұрланып жастар тұрды.

  • A) Үтір, сызықша
  • B) Нүктелі үтір
  • C) Сызықша
  • D) Үтір
  • E) Қос нүкте

29. Шартты бағыныңқы сабақтасты көрсетіңіз

  • A) Ержан үйге кіріп кеткенде, Асқар мен Серік тыста қалды.
  • B) Жаңа жұмысшыларға техника қауіпсіздігін      ұғындырмайынша, шахтаға жіберуге тыйым салған.
  • C) Жұмыс бізді үш үлкен жамандықтан: зерігуден, аурудан, жоқшылықтан құтқарады.
  • D) Білікті адам айтпай-ақ жаныңды ұғар.
  • E) Әңгімені басынан бастау үшін, Саржанмен кездескен күнді есіме түсірдім.

30. Сөйлемдегі ойға, оның айтылу тәсіліне айтушының көзқарасын білдіретін сөзді табыңыз

  • A) Қаратпа сөз
  • B) Төл сөз
  • C) Одағай сөз
  • D) Қыстырма сөз
  • E) Төлеу сөз

Қазақ тілі пәнінен тест сұрақтары 11 сынып

6 нұсқа

1.  У дыбысы жіңішке болып тұрған сөзді көрсетіңіз

  • A) Жазу
  • B) Жабу
  • C) Жағу
  • D) Табу
  • E) Сену

2. Деректі зат есімді табыңыз

  • A) Жігер
  • B) Сана
  • C) Жайдары
  • D) Сызғыш
  • E) Адамгершілік

3. Бөлшектік сан есімді көрсетіңіз

  • A) Он-оннан
  • B) Тоқсан
  • C) Алпысыншы
  • D) Үш ширек
  • E) Отызға тарта

4. Шартты райдың жұрнағын табыңыз

  • A) -са, -се
  • B) -сын, -сін
  • C) -айық, -ейік
  • D) -дар, -дер
  • E) -й

5. Жай сөйлемнің қай түрі екенін белгілеңіз

Біркелкі жақсы өсіпті.

  • A) Атаулы
  • B) Толымды
  • C) Салалас
  • D) Сабақтас
  • E) Толымсыз

6. Қатаң дауыссыздар қатарын табыңыз

  • A) П, Ф, К
  • B) Й, Ш, Б
  • C) П, Ф, Г
  • D) Һ, С, Т
  • E) Р, Ғ, Ц

7. “У” дыбысы екі рет дауысты болған сөзді белгілеңіз

  • A) Татуласу
  • B) Таулық
  • C) Баулық
  • D) Жауласу
  • E) Қауышу

8. Ілгерінді ықпалды табыңыз

  • A) Қырықаяқ
  • B) Асхана
  • C) Штабта
  • D) Бозжігіт
  • E) Көре кел

9. Қосымшаның қанша болатынын көрсетіңіз

  • A) 1
  • B) 3
  • C) 4
  • D) 5
  • E) 2

10. Сұрау есімдігінің тәуелденген түрін көрсетіңіз

  • A) Нешеуі?
  • B) Кімдер?
  • C) Қайдан?
  • D) Барлығы
  • E) Әр оқушы

11. Барыс септіктегі сөздермен тіркесетін шылауларды табыңыз

  • A) Қатар, бірге, қабат
  • B) Дейін, шейін, таман, қарай
  • C) Кейін, соң, гөрі, әрі, бері
  • D) Ма, ме, ба, бе
  • E) Жайында, жөнінде, үшін, сайын

12. Жалпылауыш сөзі сан есімнен болған сөйлемді анықтаңыз

  • A) Өнерлі бала сүйкімді.
  • B) Отан — оттан да ыстық.
  • C) Тіл — қылыштан өткір.
  • D) Шолпан, Дана — екеуі жарыста озып шықты.
  • E) Айлалы батыр алдырмас.

13. Үтірдің қойылу себебі, дұрысын белгілеңіз

Мүмкін, келіп қалар.

  • A) Одағай
  • B) Еліктеу
  • C) Қыстырма
  • D) Шылау
  • E) Қаратпа

14. Қазақ тілінде неше стиль бар, дұрысын көрсетіңіз

  • A) 2
  • B) 3
  • C) 7
  • D) 4
  • E) 6

15. Синоним сөздерді көрсетіңіз

  • A) Сынау, зерттеу
  • B) Таңдау, таныс
  • C) Несібелі, ырысты
  • D) Әңгіме, ертегі
  • E) Таңертең, түсте

16. Тәуелдік жалғауының екінші жағында, сыпайы түрде тұрған сөзді табыңыз

  • A) Қалаларыңда
  • B) Ұлттарымыз
  • C) Асылым
  • D) Үйіміздегі
  • E) Қазынаңызда

17. Зат есімнен жасалған біріккен сөзді көрсетіңіз

  • A) Ендігәрі
  • B) Шегара
  • C) Биыл
  • D) Былтыр
  • E) Әлдекім

18. Жай шырайды табыңыз

  • A) Орасан зор жетістік.
  • B) Жанат кең үйге кірді.
  • C) Мына үй биігірек екен.
  • D) Армансыз адам қанатсыз құспен тең.
  • E) Арман өте қызықты кітап оқыпты.

19. Сөйлемдегі еліктеу сөз қай сөйлем мүшесі болып тұрғанын белгілеңіз

Мен бір тарсыл естідім.

  • A) Толықтауыш
  • B) Бастауыш
  • C) Баяндауыш
  • D) Анықтауыш
  • E) Пысықтауыш

20. Бастауыштан кейін сызықша қай сөйлемде қойылатынын көрсетіңіз

  • A) Бұл үйдің балалары естияр еді.
  • B) Бұл істі көпке қалдырмау керек.
  • C) Бұл күз айында болған әңгіме.
  • D) Бұл баланың таланты бар екен.
  • E) Мен бұл жағын білмеп ем.

21. Қарсылықты салалас сөйлемді көрсетіңіз

  • A) Мен кеше сабаққа келген жоқпын.
  • B) Бұл шөп әдемі, бірақ зияны да бар.
  • C) Біресе ол барады, біресе Айгүл барады.
  • D) Айжан дүкенге кетті.
  • E) Күн де шығып тұр, жел де соғып тұр.

22. Қаратпа сөзді табыңыз

  • A) Мейманым, жақсы жатып, жайлы тұрдың ба?
  • B) Дала тақыр, бірақ тығыз бетегемен жайнаған.
  • C) Тәк-тәк, айтпа енді.
  • D) Таныды да таң болды.
  • E) Қой, не болса да кетейік.

23. Қос нүктенің қойылу себебін анықтаңыз

Бұл жолы інге кірген із жалғыз: ақ тиіннің барында еш күмән жоқ еді.

  • A) Кезектес салалас
  • B) Ыңғайлас салалас
  • C) Себеп-салдар салалас
  • D) Талғау мәнді салалас
  • E) Қарсылықты салалас

24. Бастауыштан кейін қойылған сызықшаны табыңыз

  • A) Қыздардың үлкені Майра да, кішісі — Сайра.
  • B) Қыздардың — үлкені Майра да, кішісі Сайра.
  • C) Қыздардың үлкені Майра да — кішісі Сайра.
  • D) Қыздардың үлкені — Майра да, кішісі — Сайра.
  • E) Қыздардың-үлкені Майра, кішісі Сайра.

25. Диалект сөздерді көрсетіңіз

  • A) Қара, ат
  • B) Орман, тоғай
  • C) Бөз, боз
  • D) Оның, соған, тасбиық
  • E) Көпшік, дарбаза

26. Басқа тілден енген сөздер қатарын көрсетіңіз

  • A) Секунд, пиала, кеуірт
  • B) Иман, үшбұрыш
  • C) Класс, күрке, ханзада
  • D) Кірпіш, билет, пальто
  • E) Әдебиет, зымыран, жүйе

27. Сөздердің қайталануынан, қосарлануынан жасалған үстеулер қандай тыныс белгісі арқылы жазылатынын белгілеңіз

  • A) Жақша
  • B) Дефис
  • C) Қос нүкте
  • D) Тырнақша
  • E) Үтір

28. Пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркесін көрсетіңіз

  • A) Баланың кітабы
  • B) Оқуды бітірді
  • C) Көпір арқылы өту
  • D) Менің оқушым
  • E) Хатқа жауап

29. Шартты бағыныңқы сабақтасты табыңыз

  • A) Кітабын оқып болғандықтан, досына бере салды.
  • B) Ертең апам келеді.
  • C) Табиғаттың тұла бойы — тұнған сыр, оның тілін білсең, ешқашан қор болмайсың.
  • D) Маған жақындап келгенде ғана, өзімнің шәкіртім екенін таныдым.
  • E) Бүгін жаңа ай туды.

30. Диалогтің көбіне қай стильге тән екенін белгілеңіз

  • A) Ғылыми стиль
  • B) Ауызекі сөйлеу стилі
  • C) Іс-қағаздар стилі
  • D) Құжаттар стилі
  • E) Публицистикалық стиль

Қазақ тілі пәнінен тест сұрақтары 11 сынып

7 нұсқа

1. Ауыспалы мағыналы сөзді табыңыз

  • A) Қисық бұтақ
  • B) Қызыл гүл
  • C) Білімді оқушы
  • D) Қоңыр дауыс
  • E) Қара сиялы қалам

2. Жалпы есімді табыңыз

  • A) Балқаш
  • B) Абай
  • C) Тау
  • D) Алатау
  • E) Көкшетау

3. Сын есiмдi табыңыз

  • A) Сонау, мына
  • B) Бес, отыз
  • C) Әрине, мүмкiн
  • D) Кiтап, оқушы
  • E) Қызыл, көк

4. Топтау сан есiмді көрсетіңіз

  • A) Әркiм
  • B) Туып-өскен
  • C) Әйгiлi
  • D) Үш-үштен
  • E) Бәйтерек

5. Өздік есімдігі қатысқан мақал-мәтелді табыңыз

  • A) Ырыс алды – ынтымақ.
  • B) Ел-елдің бәрі жақсы, Өз елің бәрінен жақсы.
  • C) Туған үйдің түтіні жылы.
  • D) Ел іші – алтын бесік.
  • E) Еңбек – ырыстың бұлағы.

6. Жуан дауысты дыбысты көрсетіңіз

  • A) а, о
  • B) ы, и
  • C) у, і
  • D) о, э
  • E) ұ, і

7. Бірыңғай үнді дауыссыздан құралған сөйлемді белгілеңіз

  • A) Елімнің байтақ даласы.
  • B) Елімнің ерен ерлері.
  • C) Елімнің сұлу көлдері.
  • D) Елімнің мөлдір бұлағы.
  • E) Елімнің асқар шыңдары.

8. Буын талғайтын дыбыстар қатарын белгілеңіз

  • A) У, І
  • B) О, Ы
  • C) Е, И
  • D) А, Ы
  • E) О, Ө

9. Көмектес септігіндегі сөзді табыңыз

  • A) Қаламым, қолым, баласы
  • B) Атаммен, ініңізбен, шегемен
  • C) Баланың, ұжымның, үйдің
  • D) Оқушысың, ұстазбын, данасың
  • E) Атамнан, ініңізден, шегеден

10. Күрделі нақ осы шақты табыңыз

  • A) Беріп жібер
  • B) Беріп жатыр
  • C) Берер
  • D) Бере сал
  • E) Бере бер

11. “Ертең жүрмекші” тіркесінің лексика-грамматикалық мағынасын айқындаңыз

  • A) Істің мезгілі
  • B) Істің себебі
  • C) Қимыл-сын
  • D) Істің  мөлшері
  • E) Істің салдары

12. Кімім? Нем? – сұрағына жауап беретін сөйлем мүшесін табыңыз

  • A) Пысықтауыш
  • B) Толықтауыш
  • C) Баяндауыш
  • D) Бастауыш
  • E) Анықтауыш

13. Сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз

  • A) Семинарияны бітіргеннен кейін, мен осы кім боламын деген ой орала беріп еді.
  • B) Адам баласының ең жаманы — талапсыздығы.
  • C) Соны тағы оқып шығайын деп едім: маған бір жері қатты ұнады.
  • D) Өнер алды — бірлік, ырыс алды — тірлік.
  • E) Ұлтшыл адам біреуге зорлық қылады да, содан соң Отанының дәуірлеуін іздейді.

14. Пікір алысу үшін ең алдымен не керек екенін көрсетіңіз

  • A) Тіл
  • B) Хабар
  • C) Дерек
  • D) Сөйлеу
  • E) Ойлау

15. Омоним болатын сөзді табыңыз

  • A) Кел
  • B) Қозы
  • C) Буын
  • D) Сызғыш
  • E) Елп

16. Сөз аралығындағы кейінді ықпалды көрсетіңіз

  • A) Көшенің бойы
  • B) Қиындықтан қашса
  • C) Өлең өлшемі
  • D) Сұрап ал
  • E) Атты кісі

17. Туынды сөзді табыңыз

  • A) Еңбекші
  • B) Еңбекті
  • C) Еңбегің
  • D) Еңбектен
  • E) Еңбекпен

18. Дәстүрлі принцип бойынша жазылған сөзді табыңыз

  • A) Әлдебір
  • B) Әлдекім
  • C) Тұрманбек
  • D) Есболат
  • E) Ендігәрі

19. Сұраулық шылау қатысып тұрған қатарды көрсетіңіз

  • A) Сен әкел(ме)
  • B) Өтірік айт(па)
  • C) Сенейін(бе), сенбейін(бе)
  • D) Жаман әдетке үйрен(бе)
  • E) Сен сен(бе)

20. Сапалық сын есім қатысып тұрған тіркесті табыңыз

  • A) Көк аспан
  • B) Он оқушы
  • C) Малдың шөбі
  • D) Ақылды адам
  • E) Білгеннің пайдасы

21. Қыстырма сөзді сөйлемді көрсетіңіз

  • A) Жә, мырза, мына келе жатқан біздің көшіміз еді.
  • B) Біреулері ызғарлы, біреулері көңілді отыр екен.
  • C) Өмірде бәрі кездеседі, дегенмен жақсылық жеңеді.
  • D) Не ексең, соны орасың.
  • E) Әрине, адам өмірінде көп қиындықтар кездеседі.

22. Сен келіп қойғанбысың?

Сұраулық шылаудың түрлену түрін анықтаңыз

  • A) Көмектес септікте
  • B) Көптік тұлғасында
  • C) Септелді
  • D) Тәуелденді
  • E) Жіктелді

23. «Абай» операсы — қазақ музыкасын биік белге шығарған ірі туынды. Сызықшаның қойылу себебі

  • A) Бастауыш сын есім, баяндауыш зат есім
  • B) Қосарлы айқындауыш
  • C) Бастауыш — сан есім, баяндауыш — етістік
  • D) Бастауыш та, баяндауыш та атау тұлғадағы зат есім
  • E) Бастауыш — есім, баяндауыш — есім

24. Тырнақшаның қойылу себебі, дұрысын белгілеңіз

Қоян «батыр» қорыққаннан зыта жөнелді.

  • A) Жалқы есім атауы
  • B) Жеке ұғым атауы
  • C) Кері мағынадағы сөз
  • D) Әдет — салт аты
  • E) Ерекше объект етіп алынған сөз

25. Антонимді табыңыз

  • A) Үйір — табын
  • B) Арсыз — әдепсіз
  • C) Жина — шаш
  • D) Жүрдім — бардым
  • E) Шұғыл — жедел

26. Үстеудің сөйлемде негізінен қандай қызмет атқаратынын табыңыз

  • A) Бастауыш
  • B) Баяндауыш
  • C) Анықтауыш
  • D) Пысықтауыш
  • E) Толықтауыш

27. Еліктеу сөзді тіркесті көрсетіңіз

  • A) Күз келді
  • B) Үй-үйімізге тарадық
  • C) Қиқаң-қиқаң етті
  • D) Сендер үйге келіңдер
  • E) Жан-жануар көп

28. Атаулы сөйлемді көрсетіңіз

  • A) Білесің бе?
  • B) Қыс.
  • C) Білмесең, тыңда!
  • D) Сен – оқушысың!
  • E) Ол жақын жерде орналасқан.

29. Жарыспалы көп бағыныңқы сабақтасты табыңыз

  • A) Үй іші мұздап, сырттағы ызғырық азынай бастаса, Бұзаубақ пен Айжан пештің жанына бөстекті төсеп, бір-біріне тығыла түсіп бүрсиіп отыратын.
  • B) Жұмысың өнсін десең, өткенге өкінгің келмесе, әр минутыңды ұқыпты пайдалана біл.
  • C) Сыйластық – адамның ақыл-ой, мінез-құлқын, санасы мен мәдениеттілігін аңғартатын қасиеттердің бірі.
  • D) Оқудағы қызы келіп еді, туыстары жиналып, той-думан өткізді.
  • E) Ұсақ балалардың көпшілігі жеке-жеке тайға мініп, бірен-сарандары екі-екіден мінгесіп алып, Абайларға ілесе шапқанда, жұрттың бәрінің артында қалғаны Оспан болды.

30. Төл сөз бен автор сөзін байланыстырушы дәнекер сөздің тұлғасын көрсетіңіз

Төле би: “Қарап отырғанша, бір нәрсеге жарап отыр”, — деп ақыл айтты.

  • A) Күрделі етістік
  • B) Етістік
  • C) Көсемше
  • D) Көсемше тұлғалы негізгі етістік
  • E) Көсемше тұлғалы көмекші етістік

Қазақ тілі пәнінен тест сұрақтары 11 сынып

8 нұсқа

1. Ауыспалы мағыналы сөзді табыңыз

  • A) Ақырын қозғалу
  • B) Жел мінез
  • C) Жүйрік ат
  • D) Ұйқыдан ояту
  • E) Бұзаулы сиыр

2. Деректі зат есімдер қатарын табыңыз

  • A) Ой, сана
  • B) Мектеп, ағаш
  • C) Ақыл, ес
  • D) Көңіл, сезім
  • E) Ауа, жел

3. Қатыстық сын есімді көрсетіңіз

  • A) Тәтті
  • B) Ақшыл
  • C) Қымбат
  • D) Жарық
  • E) Аттылы

4. Жинақтық сан есiмдерiн белгілеңіз

  • A) Екi, сегiз
  • B) Бiреу, жетеу
  • C) Бестен үш, он бүтiн оннан үш
  • D) Ондаған, мыңдаған
  • E) Бесiншi, алтыншы

5. Көсемше жұрнақтарын табыңыз

  • A) -ар, -ер, -р
  • B) -қан, -кен
  • C) -мақ, -мек
  • D) -па, -пе
  • E) -ғалы, -гелі

6. Бірыңғай езулік дауысты сөзді ажыратыңыз

  • A) Бұлбұл
  • B) Көмір
  • C) Дос
  • D) Тұрғылықты
  • E) Партизан

7. Ұяң дауыссыздар қатар тұрған сөзді анықтаңыз

  • A) Жаңбыр
  • B) Кітап
  • C) Қаздар
  • D) Аспан
  • E) Наурыз

8. Буын үндестігіне бағынбайтын біріккен сөзді табыңыз

  • A) Көкқұтан
  • B) Қосаяқ
  • C) Қарақұрт
  • D) Тасбақа
  • E) Жолбарыс

9. Жалпылау есімдігін табыңыз

  • A) Кей шақта
  • B) Бүкіл
  • C) Дәнеңе
  • D) Неге
  • E) Әрқашан

10. Ыңғайлас жалғаулықты анықтаңыз

  • A) әлде, болмаса, өйткені
  • B) бірақ, неге десең, егер
  • C) алайда, себебі, онда
  • D) я, немесе, біресе
  • E) мен, да, және

11. Хабарлы сөйлемді көрсетіңіз

  • A) Балалар далада ойнап жүр
  • B) Жауап берсең ше
  • C) Сен қашан келесің
  • D) Келгеніңе қанша болды
  • E) Әттең, кешігіп қалдың-ау

12. Жалпылауыш сөзге тән тыныс белгілерін көрсетіңіз

  • A) Тырнақша, жақша
  • B) Нүкте, дефис
  • C) Нүктелі үтір, леп белгісі
  • D) Үтір, сұрақ белгісі
  • E) Қос нүкте, сызықша

13. Көп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз

  • A) Күн түс ауа жылынып, сызды дала бусанып, ауыл сыртында әдемі бір көрініс туып еді.
  • B) Жаңа ғана талып қалғандай, Әбіш ешбір белгі бермей сұлқ жатты.
  • C) Аттылар жақындаған сайын, Төлегеннің жүрегі орнына түсе бастады.
  • D) Ауыл адамдары мәз-мәйрам болып, мерекені жақсы өткізді.
  • E) Әдейі танытпайын деп, ол бет — аузын таңып алыпты.

14. Азот, оттегі, масса, лексикология терминдері қай стильде кездеседі, белгілеңіз

  • A) Публицистика
  • B) Іс — қағаздар
  • C) Көркем әдебиет
  • D) Ғылыми
  • E) Ауызекі

15. Мына сөздердің ішінен синонимдік қатарды табыңыз

  • A) Қайрат, жігер, ел
  • B) Жаратылыс, табиғат, дүние
  • C) Өлең, жыр, ән, терме, күй
  • D) Бет, жүз, оң, ауыз
  • E) Еңбек, іскер, жалқау

16. Ілгерінді ықпалды табыңыз

  • A) Қарасу
  • B) Сенбілік ұйымдастыру
  • C) Бірқыдыру
  • D) Жақсы-жаман
  • E) Кендебай

17. Сөз түрлендіруші жұрнағы бар сөзді табыңыз

  • A) Қызғылт
  • B) Көрме
  • C) Үрле
  • D) Күлкілі
  • E) Бағала

18. Тәуелдік жалғауынан соң жалғанып тұрған табыс жалғауын табыңыз

  • A) Әкені
  • B) Әкеме
  • C) Әкемнің
  • D) Әкеміз
  • E) Әкесін

19. Еш, әр, кей, бір, әлде сөздерімен келген есімдіктердің жазылу тәртібін табыңыз

  • A) Қосарлы түрде
  • B) Бөлек
  • C) Бірге
  • D) Қысқарған түрде
  • E) Тіркес түрде

20. Сырттай қарағанда сөз тіркесіне ұқсас сөздер тобының қатарын көрсетіңіз

  • A) Сәнді киім
  • B) Келе жатыр
  • C) Қызу еңбек
  • D) Кеше келді
  • E) Ақ ешкі

21. Мақсат бағыныңқы сабақтасты көрсетіңіз

  • A) Ол сабағын жазып отыр, бірақ ойынан бүгінгі жайсыздық шықпайды.
  • B) Ол жеткенше, Қанабек тықыршып тұр.
  • C) Кең даланы сұлу сағым басты.
  • D) Әңгімені басынан бастамақ болып, Саржанмен кездескен күнді есіме толық түсіріп көрейін.
  • E) Қыруар уақыт өткенмен, жаңбыр басылмады.

22. Қыстырма сөзі бар сөйлемді табыңыз

  • A) Жаман айтпай, жақсы жоқ.
  • B) Үлкенді сыйлау – асыл қасиет.
  • C) Тұрмыс құр, балам.
  • D) Мен, шынымды айтайын, қорқудамын.
  • E) Көктем айларында біресе жаңбыр, біресе қар жауады.

23. Көп нүкте қай жерге қойылмайтынын табыңыз

  • A) Оқиға толық айтылмай тоқталса.
  • B) Ой белгілі себеппен бөліп-бөліп айтылғанда.
  • C) Ойға өте алшақ нәрсе қосылып кетсе.
  • D) Ой санамалап айтылса.
  • E) Ойдың бас жағынан, арасынан, соңынан сөз қалдырылса.

24. Төл сөздің жетпеген (қойылмаған) тыныс белгісін табыңыз

Аты Төлеген екен, Жібегін іздеп жүрген көрінеді, — деп, күлісті құрбылары.

  • A) Үтір
  • B) Дефис
  • C) Қос нүкте
  • D) Сызықша
  • E) Нүктелі үтір

25. Антонимді табыңыз

  • A) Ақ — қызыл
  • B) Көп — қыруар
  • C) Бұзу — жөндеу
  • D) Дос — жолдас
  • E) Халайық — әлеумет

26. Үстеудің қызметін анықтаңыз

Жата-жастана қонуымызды өтінеді.

  • A) Пысықтауыш
  • B) Бастауыш
  • C) Анықтауыш
  • D) Толықтауыш
  • E) Баяндауыш

27. Баяндауыш болатын еліктеу сөзді табыңыз

  • A) Алыстан дабырлаған дауыс естілді.
  • B) Оның сөзіне елең еткен адам болмады.
  • C) Иық тірескен қоңыр таулар тағы күңк етті.
  • D) Жарқ етіп шам жанды.
  • E) Шоқан қалжыңға түсініп, қарқ-қарқ күлді.

28. Жақсыз сөйлемді табыңыз

  • A) Екі қолын жылы суға салды.
  • B) Тәтем көршімен әңгімелесті.
  • C) Балаларға сыныпта секіруге болмайды.
  • D) Түс ауа жайлауға келдік.
  • E) Жандос қалада тұрады.

29. Тыныс белгісі дұрыс қойылған диалогты белгілеңіз

  • A) –Абайды да білемін. Ол Құнанбайдың өлеңші баласы емес пе?
  • B) –Абайды да білемін. Ол – Құнанбайдың өлеңші баласы емес пе?
  • C) –Абайды да білемін? Ол Құнанбайдың өлеңші баласы емес пе?
  • D) –Абайды да білемін, Ол Құнанбайдың өлеңші-баласы емес пе?
  • E) –Абайды да білемін. Ол Құнанбайдың өлеңші баласы емес пе.

30. Жайылмалы әрі өз ішінде үтірлері бар бірыңғай мүшелердің арасына қойылатын тыныс белгісін табыңыз

  • A) Нүкте
  • B) Қос нүкте
  • C) Үтір
  • D) Нүктелі үтір
  • E) Көп нүкте

Қазақ тілі пәнінен тест сұрақтары 11 сынып

9 нұсқа

1. Синоним сөзді көрсетіңіз

  • A) Шын, өтірік
  • B) Жаңбыр, дауыл
  • C) Қарулы, нашар
  • D) Оқулық, оқушы
  • E) Құнды, бағалы

2. «У» дыбысы жуан болып тұрған сөзді көрсетіңіз

  • A) Кету
  • B) Жүру
  • C) Жету
  • D) Секіру
  • E) Қайту

3. Зат есімді көрсетіңіз

  • A) Өлең айт
  • B) Осында
  • C) Әдемі
  • D) Білім
  • E) Сұр

4. “Дейін, шейін, таман” шылаудың қай түрі екенін белгілеңіз

  • A) Жалғаулық
  • B) Септеулік
  • C) Болжалдық демеулік
  • D) Демеулік
  • E) Шектік демеулік

5. Сөйлемнің қай мүшесі бірыңғайласып тұрғанын көрсетіңіз

Көрген, білген әңгімелерді кітап қылып тартамын.

  • A) Бірыңғай толықтауыш
  • B) Бірыңғай анықтауыш
  • C) Бірыңғай баяндауыш
  • D) Бірыңғай пысықтауыш
  • E) Бірыңғай бастауыш

6. Ілгерінді ықпалды табыңыз

  • A) Қара қой
  • B) Ақ үй
  • C) Бас штаб
  • D) Жылқының
  • E) Өмірінде

7. Үндестік заңына бағынбайтын қосымшаны табыңыз

  • A) — лар
  • B) — кеш
  • C) — ым
  • D) — лық
  • E) — шы

8. Туынды сөзді көрсетіңіз

  • A) Үсті
  • B) Соң
  • C) Қуырдақ
  • D) Алыстан
  • E) Қызғылт

9. Жіктік жалғауында тұрған сөзді табыңыз

  • A) Ауылданбыз
  • B) Табалдырық
  • C) Санақ
  • D) Сепкіш
  • E) Кеншінің

10. Болымсыздық есімдігін көрсетіңіз

  • A) Әсемпаз
  • B) Әлдеқайда
  • C) Жайраңда
  • D) Отыздарда
  • E) Ешқайсысы

11. Тұйық етістікті көрсетіңіз

  • A) Оқыды
  • B) Салғыз
  • C) Жалпаңдау
  • D) Оқыған
  • E) Бесеу

12. Атаулы сөйлемді табыңыз

  • A) Сайын дала
  • B) Ауа желсіз екен
  • C) Жарыс жалғаса берді
  • D) Баламен ойнады
  • E) Бізге уақытты ұту керек

13. Құрамында бірнеше бағыныңқысы бар сөйлем қалай аталатынын табыңыз

  • A) Сатылы бағыныңқылы
  • B) Аралас құрмалас
  • C) Көп бағыныңқылы
  • D) Жарыспалы бағыныңқылы
  • E) Көп басыңқылы

14. Сызықша дұрыс қойылған сөйлемді табыңыз

  • A) Ата-ананың – ақ тілеуі ақ жол.
  • B) Ата-ананың ақ тілеуі – ақ жол.
  • C) Сұрмерген аң  аулап жүрсе – алдынан үш елік қаша жөнелді.
  • D) Білім адамның – қанаты.
  • E) Бозбаламын – мен де енді.

15. Омоним бола алмайтын сөзді көрсетіңіз

  • A) Жұт
  • B) Қаралы
  • C) Мін
  • D) Ара
  • E) Найза

16. Терминдерге тән белгілерді табыңыз

  • A) Көнерген сөздер болады
  • B) Ғылым, техника салаларына телінген сөздер
  • C) Белгілі мекенде қолданылатын сөздер
  • D) Жаңа сөздер болады
  • E) Кәсіпке байланысты сөздер

17. Ілгерінді ықпалды табыңыз

  • A) Машина
  • B) Мәдениет
  • C) Добым
  • D) Қамысбай
  • E) Жанбады

18. Қосымшалы қос сөзді көрсетіңіз

  • A) Алыс-жақын
  • B) Үп-үлкен
  • C) Қып-қызыл
  • D) Балалы-шағалы
  • E) Төбе-төбе

19. Сын есім — қандай сөйлем мүшесі, белгілеңіз

Еркін  сабағын жақсы оқитын.

  • A) Бастауыш
  • B) Баяндауыш
  • C) Анықтауыш
  • D) Пысықтауыш
  • E) Толықтауыш

20. Сын-бейне үстеулі тіркесті көрсетіңіз

  • A) Әрең қозғалады
  • B) Жолшыбай кездесті
  • C) Әрқашан біргеміз
  • D) Анағұрлым көп
  • E) Елжіреді

21. Сөйлемдегі сан есім қандай мағынада жұмсалып, сөйлемнің қай мүшесі екенін көрсетіңіз

Еламан жеті-сегіздей балықшымен ұлы теңізге қарай беттеді.

  • A) Жинақтық, баяндауыш
  • B) Топтау, пысықтауыш
  • C) Болжалдық, анықтауыш
  • D) Болжалдық, пысықтауыш
  • E) Бөлшектік, толықтауыш

22. Қаратпа сөзге байланысты қойылып тұрған тыныс белгісін көрсетіңіз

  • A) Ісің өнімді болсын, Қуат.
  • B) Алматы — Республиканың ең үлкен қаласы.
  • C) Әрине, бұл істе кім озары белгісіз.
  • D) Үлгілі үйдің – ұл-қызы ұялтпайды.
  • E) Ойпырай, мына күннің қағынуын-ай.

23. Қойылуға тиісті тыныс белгісін көрсетіңіз.

Дауысты а дыбысы — жуан дыбыс.

  • A) Сызықша
  • B) Нүктелі үтір
  • C) Дефис
  • D) Тырнақша
  • E) Үтір

24. Тыныс белгісі дұрыс қойылған орынды көрсетіңіз

  • A) Елге мойнымды созам: көрінбейді.
  • B) Елге мойнымды созам- көрінбейді.
  • C) Елге мойнымды созам,- көрінбейді.
  • D) Елге мойнымды созам; көрінбейді.
  • E) Елге мойнымды созам, көрінбейді.

25. Сан есімді лайықты сөзімен тіркестіріңіз

Бір шөкім …

  • A) тұз
  • B) бұлт
  • C) нан
  • D) шай
  • E) сөз

26. Сөйлемнен еліктеу сөзді табыңыз

Қанаттары елбелеңдеген сұр жапалақ кеңк-кеңк етіп, төбеден қайта-қайта түнеріп өтті.

  • A) Кеңк-кеңк етіп
  • B) Түнеріп өтті
  • C) Сұр жапалақ
  • D) Қайта-қайта түнеріп
  • E) Төбеден өтті

27. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз

  • A) Малдың тұяғын да іске асыруға болады.
  • B) Алыстан дүрсілдеген ат тұяғының дыбысы естілді.
  • C) Артында қалған бір тұяқ бар еді.
  • D) Омардың ірілі-ұсақты он бес тұяғы бар.
  • E) Жұт тігерге тұяқ қалдырмады.

28. Себеп бағыныңқы сабақтас сөйлемді көрсетіңіз

  • A) Мен оқыған кітап қызық-ақ!
  • B) Түн.
  • C) Әңгіме жалпақ елдің жайына көшкен кезде Абай шешіле түсті.
  • D) Оның сөздік қоры мол болғандықтан, өз ойын еркін жеткізеді.
  • E) Әдейі танытпайын деп, ол бет-аузын таңып алыпты.

29. Төл сөзді сөйлемді табыңыз

  • A) Розаның ’’Әлиясын’’бүкіл қазақ сүйіп тыңдайды.
  • B) Апасының ’’кішкенесі’’- 20 жаста.
  • C) ’’Шұға айныса, амалым жоқ,’’- деді Әбдірахман.
  • D) Өлеңдері ’’Жас Алашта’’ жарияланды.
  • E) Естігенді ұмытпас үшін не істеу керектігі айтылды.

30. Автор, шешеннің дәлелдеп қорғайтын түйінді қорытындысының атауын табыңыз

  • A) Конспект
  • B) Рецензия
  • C) Аннотация
  • D) Резюме
  • E) Тезис

Қазақ тілі пәнінен тест сұрақтары 11 сынып

10 нұсқа

1. Ауыспалы мағыналы сөзді табыңыз

  • A) Қара сиялы қалам
  • B) Қисық бұтақ
  • C) Қоңыр дауыс
  • D) Білімді оқушы
  • E) Қызыл гүл

2. Дауыстылар ерін мен езудің қатысына қарай қанша түрге бөлінетінін белгілеңіз

  • A) 8
  • B) 3
  • C) 4
  • D) 1
  • E) 2

3. Қосарлану арқылы жасалған сөзді табыңыз

  • A) Қазақтың тілі
  • B) Құрбы-құрдас
  • C) Ашудас
  • D) Көкшіл
  • E) Жезтырнақ

4. Жалқы есімді табыңыз

  • A) Қарлыға
  • B) Дуадақ
  • C) Қарға
  • D) Сауысқан
  • E) Тауық

5. Топтау сан есімді табыңыз

  • A) Екіден
  • B) Қырыққа таяу
  • C) Екі жарым
  • D) Ондаған
  • E) Алпыстай

6. Жіңішкелік белгісіне (ь) біткен сөзге дұрыс жалғанбай тұрған жалғауды табыңыз.

  • A) Hольден
  • B) Бинокльінен
  • C) Лагерьге
  • D) Артельде
  • E) Рульді

7. Орфографиялық принципке бағынған сөзді табыңыз

  • A) Бейсембі
  • B) Өнөр
  • C) Күндүз
  • D) Еңкею
  • E) Жұлдұз

8. Тәуелдік жалғаулы сөзді табыңыз

  • A) Маған айтты
  • B) Аяқ-табақ
  • C) Айнашпен сөйлесті
  • D) Жақсы жаман
  • E) Үйдің іші

9. 2-жақ көпше түрінде тұрған етістікті табыңыз

  • A) Жатырсың
  • B) Жатырсыз
  • C) Жатырмыз
  • D) Жатырсыңдар
  • E) Жатырмын

10. Мен, бен, пен тұлғасымен келген шылауды табыңыз

  • A) Қайрат(пен) ақыл жол табар, қашқанға да қуғанға.
  • B) Ағаш тамыры(мен), адам ұрпағы(мен) мықты.
  • C) Машина(мен) келдім.
  • D) Ықылас(пен) тоқылық.
  • E) Жарбаңдасып жас күлер құрбысы(мен).

11. Сөздердің жалғау арқылы байланысу тәсілін көрсетіңіз

  • A) Үшінші сынып
  • B) Отыр екен
  • C) Үйге келсем
  • D) Қызыл сиыр
  • E) Өзің үшін үйрен

12. Сөйлемдегі анықтауыштың жасалу жолын белгілеңіз

Мектепте алты жүз бала оқиды.

  • A) Сан есім
  • B) Сын есім
  • C) Есімдік
  • D) Етістіктің есімше түрі
  • E) Зат есім

13. Қуанышты жасыруға болмайды

Сөйлем түрін анықтаңыз.

  • A) Жақты
  • B) Құрмалас
  • C) Атаулы
  • D) Жақсыз
  • E) Толымды

14. Стиль түрін ажыратыңыз

Тіл – тіліп түсер наркескен, сөз — өткір жебе тау тескен.

  • A) Ресми
  • B) Ғылыми
  • C) Публицистикалық
  • D) Көркем әдебиет
  • E) Ауызекі

15. Дауыссыз дыбыстардың үндесуін табыңыз

  • A) Екпін
  • B) Сингармонизм
  • C) Дыбыс үндестігі
  • D) Буын үндестігі
  • E) Үндестік заңы

16. Қатыстық сын есімді көрсетіңіз

  • A) Гүлге, ерге
  • B) Қысқы, басыңқы
  • C) Қызыл ала, үлкенірек
  • D) Бермес, назар
  • E) Кеше, бүгін

17. Белгісіздік есімдікті көрсетіңіз

  • A) Баршамыз
  • B) Біздің
  • C) Өзіміздің
  • D) Бәріміз
  • E) Қайсыбіреу

18. Бірыңғай толықтауышты табыңыз

  • A) Өмірді сүйген — өмірден орын табады.
  • B) Далба тауында атақты Бұқар жырау күмбезі бой көтерді.
  • C) Бозторғайлар жер бауырлай ұшады.
  • D) Ақан жастайынан әнге, өлеңге, домбыраға әуес болады.
  • E) Тәрбие тілден басталады.

19. Салаластың түрін ажыратыңыз

Ән басылып қалды, бірақ гитара сазы тоқталған жоқ.

  • A) Ыңғайлас
  • B) Қарсылықты
  • C) Түсіндірмелі
  • D) Кезектес
  • E) Талғаулы

20. Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз

  • A) Бұл түн менің ең соңғы көрген дүнием болғандықтан, көп нәрселер әлі көз алдымда тұрады.
  • B) Өзеннің суы тайыз болғанмен, жағасы тік.
  • C) Біресе жаңбыр жауып, біресе қар жауады.
  • D) Жақыпбек ойлардан серпілгісі келіп, романның бірін алып оқуға кірісті.
  • E) Шай жиналысымен, қонақтарды Мырзаш шақырып әкетті.

21. Төл сөзге байланысты тыныс белгісінің дұрыс қойылған жерін көрсетіңіз

  • A) Шаhар әміршісі әл-Фарабиді сынамақ болып — Өзіңе лайықты орын тауып отыр — дейді.
  • B) Шаhар әміршісі әл-Фарабиді сынамақ болып өзіңе лайықты орын тауып отыр — дейді.
  • C) Шаhар әміршісі әл-Фарабиді сынамақ болып: «Өзіңе лайықты орын тауып отыр», — дейді.
  • D) Шаhар әміршісі әл-Фарабиді сынамақ болып: «Өзіңе лайықты орын тауып отыр» дейді.
  • E) Шаhар әміршісі әл-Фарабиді сынамақ болып: Өзіңе лайықты орын тауып отыр — дейді.

22. Одағай сөзді табыңыз

  • A) Ахмет, Ержанды шақыршы.
  • B) Күлкінің иесі ақ сары қыз екен.
  • C) Жарайды, тазалығыңа сендім.
  • D) Мен саған мұны ақыл ретінде айтамын.
  • E) Шөге ғой, түйем, шөк-шөк.

23. Драмалық шығармалардағы кейіпкерлердің аты — жөндерінен кейін қойылатын белгіні табыңыз

  • A) Нүктелі үтір
  • B) Жақша
  • C) Көп нүкте
  • D) Қос нүкте
  • E) Нүкте

24. Тырнақша не үшін қойылған, дұрысын белгілеңіз

«Қалауын тапса, қар жанар» деген мақал — үлкен философия.

  • A) Диалог
  • B) Төл сөз
  • C) Объекті етіп алынған мақал
  • D) Объект етіп алынған сөз
  • E) Дәйексөз

25. Сөйлемдерден омоним сөздерді табыңыз

  • A) Театрға жастар көп келді.
  • B) Бүгін кеш ояндық. Бүгін емтихан болады.
  • C) Кеш көңілді өтті. Қателегімді кеш.
  • D) Көктем ерте шықты. Ол көктемде ауылына барады.
  • E) Менің басым ауырды. Бас ауырса, дәрі ішу керек.

26. Антонимді табыңыз

  • A) Соқтығыс — қақтығыс
  • B) Маңдай алды — бетке ұстар
  • C) Нәтижелі — жемісті
  • D) Жомарт — сараң
  • E) Жоламау — жуымау

27. Туынды зат есім жасап тұрған жұрнақты көрсетіңіз

  • A) Күзем
  • B) Немесе
  • C) Жануарлары
  • D) Алатау
  • E) Сана

28. Күшейткіш үстеуі бар сөйлемді табыңыз

  • A) Аққасқаны Қасен мен Бейсенбай зорға айырып алды.
  • B) Аққасқа көлденең келіп, Көксеректі құлақ шекеден ала түсті.
  • C) Шарасыздан айтқанға келісті.
  • D) Жаздыгүнгідей емес, ауыл үйлері біріне-бірі әдейі жақын қонған.
  • E) Ауыл реңі мүлдем жүдеу еді.

29. Қаратпа сөзді анықтаңыз

  • A) Бала, бала деп құрақ ұшады.
  • B) Ескертуден қорытынды шығар, бала.
  • C) Келіп кеткен — сол бала.
  • D) Бала тілі — бал.
  • E) Бала, баланың ісі — шала.

30. Дефис дұрыс қойылған орынды белгілеңіз

  • A) Ежелгі-дос
  • B) Турсун-заде
  • C) Алты аласы-бес бересі
  • D) Жүре-сөйлеу
  • E) Микро-биология

Добавить комментарий