Аяулы әжемнен үлгі алып өсемін мен 8 наурыз сайысы

Аяулы әжемнен үлгі алып өсемін мен 8 наурыз сайысы

Аяулы әжемнен үлгі алып өсемін мен 8 наурыз сайысы

Құрметті қонақтар, ата-аналар! Бүгінгі 8-наурыз Халықаралық аналар мерекесіне арналған кешке қош келдіңіздер! Аяулы әжелер, ардақты аналар, гүл-гүл жайнаған қыздар, мерекелеріңіз құтты болсын! (әуен орындалып тұрады)

Ақтөбенің төрінде, Алғаның жерінде, 3-ші «а» қалашығында Шыңғысхан деген патша өмір сүріпті.

(әуенмен патша кіреді)

Патшаның екі ерке қызы болыпты. Олардың күнің атысы, түннің батысы ойыннан қолдары босамапты. Екеуі көрікті болғанымен оқуға, тоқуға жалқау екен. Осының барлығын уайымдаған патша бірде мынандай жарлық шығарады:

«Ең ақылды, ең шебер, ең өнерлі аналар мен қыздар сайысын өткіземін. Жеңіп шыққандар менің қыздарыма тәлімгер болады. Оларды өнер-білімге үйрететін болады» — деген екен.

Шыңғысхан патшаның жарлығы бойынша сайысымызды бастаймыз.

«Аяулы әжемнен үлгі алып өсемін мен» — деп келген немерелерді әжелерімен ортаға шақырамыз.

(Бүгінгі сайыстың шеберлігін бағалайтын әділқазылар мүшелерімен таныстыру)

Ал, халайық, ықыласпен демелік
Аналардың бүгінгі сайыстарын көрелік.
Әжесі мен немересіне қарап біз
Әділдікпен бағаларын берелік
(таныстыру)

1-бөлім: Таныстыру

Әжелер өздерін таныстырып және қызының атын кім қойды, неліктен олай атағаны туралы түсіндіру.

Ән «Менің анам алтын»

Қазақ халқы өнегелі бай екен,
Өнер деген мол қазына кең екен.
Би билеп, ән айтып жырламайтын
Өнерсіз қазақ жоқ екен.

2-бөлім: Өнерлі өрге жүзер

Әжесі мен қызы өнерлерін көрсетеді

Тақпақтар

Ал, аналар, қалыспа
Бүгін енді жалықпа,
Саусақтарың майысып
Шеберлік көрсет халыққа

3-бөлім: «Шебердің қолы алтын»

Ою түрлерімен жұмыс жасау.

Би «Көктем вальсі»

Қайсысы білгір білімді,
Талабына қарайық.
Кімдер зерек, кім жылдам,
Таланттарын табайық.

4-бөлім: «Кімнің ойы ұшқыр!»

Таңдап алған әріп бойынша сұрақтарға жауап беру.

Хор «Ақ мамам»

5-бөлім: Сол жерде қызына көйлек тігу.

(әр түрлі пакеттермен)

Ұлдар грузин биімен

Қыздарды құттықтау, сайыстың жеңімпаздарын анықтау.

Тақпақтар

Жер жүзілік мерекең
Құтты болсын анашым.
Өзің бақыт — берекем
Мәпелейтін баласын.

Анашым ортамызға келсең күліп
Болады Алатаудан еңсем биік
Мен сенің қарызыңды өтермін де
Әлемнің жақсылығын берсең жиып.

Күн нұрындай шуақты
Мейірбанды нұр жүзің
Сау бол әр кез қуатты
Деп тілейді ұл қызың

Апам мені «Айым» дейді,
Мен мұңайсам уайым жейді.
Апам мені «Күнім» дейді,
Мен қуансам күлімдейді.

Менің апам бұл апам,
Айтқан сөзі дәл апам.
Аман болса көреді,
Қызығымды әлі апам.

Мәпелейсің мені анам,
Қолыңдағы құсыңдай.
Құлпыра өсіп дем алам,
Құшағыңда қысылмай.

Ана-өмірдің қуанышы, тірегі,
Бала- оның жұбанышы, жүрегі.
Ана алдында ел жауы да бас иген
Олар дәйім тыныштықты тіледі.

Патша:

— Уа, халайық, жарайсыңдар! Мен сендерге ризамын.

Қызы:

— Әке, дұрыс айтасың. Мен бүгін мына қыздарды көріп, өзім де шебер, өнерлі болғым келеді. Мен үйренуге дайынмын.

Қызы:

Мен де өте ризамын. Біздің 3 «а» қалашығында осындай шеберлер тұратынына қуандым. Мен де үйренуге дайынмын.

Ендеше, сайысымызды қорытындылау үшін кезекті әділқазылар алқасына береміз. Сайысқа қатысушылар мынадай номинациялармен марапатталады:

  1. «Шебер әже»
  2. «Ақылды әже»
  3. «Өнерлі әже»
  4. «Тапқыр әже»
  5. «Әнші әже»

Бәрі:

Ана — біздің күніміз,
Ананың біз гүліміз.
Балаларды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз. – деп бүгінгі кешті аяқтаймыз.

Әже туралы тақпақтар:

Әже деген көп шығар,
Әжемдейі жоқ шығар.
Мейірімді бұл кісі
Қандай ғажап күлкісі.

«Айналайын» дегені
Жанға рақат береді.
Көңіліңді табады
Әнді қалай салады.

Ертекке ол сенеді —
Күнде айтып береді.
Ертек қандай көп еді
Таусылмай-ақ келеді.

Таусылмайды өлеңі
Күнде айтып береді.
Барған сайын қонаққа
Кәмпит алып келеді.
Әжем мені өйткені
Өте жақсы көреді.

Аналарды сүйеміз
Ақылын ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз.

Добавить комментарий