Сабақтың тақырыбы: Жерасты сулары
Дүниетану: 4 сынып
Сабақтың мақсаты:
- Білімділігі: Оқушылардың білім – білік дағдыларын қалыптастыра отырып, табиғат, табиғаттағы су айналымы, су, су қасиетін еске түсіре отырып, жерасты сулары, олардың қалай пайда болатындығы туралы, сондай-ақ, құдық, бұлақ, тұма, өзен, көлдер және олардың адамға тигізер пайдасы туралы білімдерін қалыптастыру.
- Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын, логикасын, ойлау қабілеттерін, есте сақтау қабілетін, дүниетанымын, ой-өрістерінің дамуына жағдай туғызу. Логикалық ойлау, елестету, қабылдау, есте сақтау, бақылағыштық қасиеттерін дамыту.
- Тәрбиелігі: Айнала қоршаған ортаны, табиғатты, жер бетіндегі тіршілікті сүюге, қорғауға, қамқор, әрі бауырмал болуға, білімпаз, табиғаттың қорғаушылары болуға тәрбиелеу.
Түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сын тұрғысынан ойлау элементтерін қолдану, сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, топпен жұмыс.
Көрнекілігі: «Табиғаттағы су айналымы» сызбасы, карточка-сызбалар.
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, еңбекке баулу.
Жерасты сулары
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу.
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындау.
- Оқушыларды тексеру, сабаққа келмеу себебін анықтау. Жұмыстың жүргізілу түріне қарай топтастырып отырғызу.
- Оқушылардың көңілін, назарын, сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.
- Ойға шақыру.
ІІ. Өткен материалды еске түсіру / Жалпылау
- Үй тапсырмасын сұрау, тексеру.
- Оқушылардың өткен сабақты қаншалықты меңгергенін, түсінгенін байқау, анықтау.
- Оқушының сөйлеу қабілетін, сөйлеу тілін сөздік қорын байқау.
- Неге көңіл аудару қажеттілігін анықтау, ескеру. Жан-жақты тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ
Жер бетіндегі ең көп таралған зат – су. Глобусқа немесе жартышарлар картасына қара. Онда Жер шарының төрттен үш бөлігі көгілдір түске боялған. Ол – су: мұхиттар, теңіздер, өзендер, көлдер. Судың біразы жер астына шоғырланған.
«Суқойма» сөзіне ассоциация жасау.
- Өзің тұратын жерде су қоймасы бар ма?
- Әр жер мезгілінде өзендер қалай суын толықтырады?
ІV. Сергіту сәті
Қорбаңдаған аюдың, Теріп – теріп алайық,
Құлпынайы көп екен. Қалтамызға салайық!
V. Сабақты қорытындылау
Кескін картасымен жұмыс:
- Қазақстан ең үлкен көлді тауып, оны физикалық картамен салыстыр.
- Мәтіндегі тұма, бұлақ, жерасты сулары туралы жазылған бөліктерді белгіле.
Мониторинг кестесі
- Мен білемін
- Мен білмеймін
- Мені таңғалдырғаны?
- Мен білгім келеді
Пікір – талас
- Арал теңізіне не болды? Оны құтқаруға бола ма?
- Бұлақтар туралы не білдің ?
- Жерасты сулары дегеніміз не?
VI. Үй жұмысы
38-39 беттегі мәтінді оқып, мәліметтер іздеп, жалпы шолу жасау. Зерттеу жұмысын толықтыру.
VII. Бағалау
Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, жеткен жетістіктерін айта отырып білімдерін бағалау.