Жерасты сулары

Сабақтың тақырыбы: Жерасты сулары

Дүниетану: 4 сынып

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділігі: Оқушылардың білім – білік дағдыларын қалыптастыра отырып, табиғат, табиғаттағы су айналымы, су, су қасиетін еске түсіре отырып, жерасты сулары, олардың қалай пайда болатындығы туралы, сондай-ақ, құдық, бұлақ, тұма, өзен, көлдер және олардың адамға тигізер пайдасы туралы білімдерін қалыптастыру.
  • Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын, логикасын, ойлау қабілеттерін, есте сақтау қабілетін, дүниетанымын, ой-өрістерінің дамуына жағдай туғызу. Логикалық ойлау, елестету, қабылдау, есте сақтау, бақылағыштық қасиеттерін дамыту.
  • Тәрбиелігі: Айнала қоршаған ортаны, табиғатты, жер бетіндегі тіршілікті сүюге, қорғауға, қамқор, әрі бауырмал болуға, білімпаз, табиғаттың қорғаушылары болуға тәрбиелеу.

Түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сын тұрғысынан ойлау элементтерін қолдану, сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, топпен жұмыс.

Көрнекілігі: «Табиғаттағы су айналымы» сызбасы, карточка-сызбалар.

Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, еңбекке баулу.

Жерасты сулары

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі
  1. Сәлемдесу.
  2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындау.
  3. Оқушыларды тексеру, сабаққа келмеу себебін анықтау. Жұмыстың жүргізілу түріне қарай топтастырып отырғызу.
  4. Оқушылардың көңілін, назарын, сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.
  5. Ойға шақыру.
ІІ. Өткен материалды еске түсіру / Жалпылау
  1. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру.
  2. Оқушылардың өткен сабақты қаншалықты меңгергенін, түсінгенін байқау, анықтау.
  3. Оқушының сөйлеу қабілетін, сөйлеу тілін сөздік қорын байқау.
  4. Неге көңіл аудару қажеттілігін анықтау, ескеру. Жан-жақты тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ

Жер бетіндегі ең көп таралған зат – су. Глобусқа немесе жартышарлар картасына қара. Онда Жер шарының төрттен үш бөлігі көгілдір түске боялған. Ол – су: мұхиттар, теңіздер, өзендер, көлдер. Судың біразы жер астына шоғырланған.

«Суқойма» сөзіне ассоциация жасау.

  • Өзің тұратын жерде су қоймасы бар ма?
  • Әр жер мезгілінде өзендер қалай суын толықтырады?
ІV. Сергіту сәті

Қорбаңдаған аюдың, Теріп – теріп алайық,
Құлпынайы көп екен. Қалтамызға салайық!

V. Сабақты қорытындылау

Кескін картасымен жұмыс:

  • Қазақстан ең үлкен көлді тауып, оны физикалық картамен салыстыр.
  • Мәтіндегі тұма, бұлақ, жерасты сулары туралы жазылған бөліктерді белгіле.

Мониторинг кестесі

  • Мен білемін
  • Мен білмеймін
  • Мені таңғалдырғаны?
  • Мен білгім келеді

Пікір – талас

  • Арал теңізіне не болды? Оны құтқаруға бола ма?
  • Бұлақтар туралы не білдің ?
  • Жерасты сулары дегеніміз не?
VI. Үй жұмысы

38-39 беттегі мәтінді оқып, мәліметтер іздеп, жалпы шолу жасау. Зерттеу жұмысын толықтыру.

VII. Бағалау

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, жеткен жетістіктерін айта отырып білімдерін бағалау.

Добавить комментарий