Наурыз тойын тойлайық

Наурыз тойын тойлайық

Сабақтың тақырыбы: Наурыз тойын тойлайық

«Наурыз — біздің жаңа жыл» — А. Меңжанова — үйрену

«Саржайлау» — Тәттімбет — тыңдау

Сабақтың мақсаты: Ертеден келе жатқан халық дәстүрін, әдет ғұрпын, жақсылық пен ақ ниеттілікке толы бабалар дәстүрін жалғастыруі баулу. Наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Ұлыстың ұлы күні айтылатын тілек, бата туралы мағлұмат беру.

Сабақтың міндеті:

  1. Әнді мәнерлі, сезіммен орындауға баулу.
  2. Әннің мазмұнын аша білу дағдыларын арттыру.
  3. Қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғүрпын үйренуге, қадірлеуі тәрбиелеу.

Наурыз тойын тойлайық

Сабақтың барысы:

I. Кіріспе әңгіме

Қар, мұз еріп, су көбейіп,
Сай-салада ағады.
Бүршік шашып, жапырақ ашып,
Жер гүл шашақ тағады.
Қой маңырап, төл жамырап,
Жайлау малға толады.
Бөбектерім, айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады? (Көктем)

Коктем — жыл мезгілдерінің ішіндегі ең әдемісі. Күн жылынып, қар еріп, сай-саладан су ағып, ағаштар бүршік атып, табиғаттың жаңаратын мезгілі. Көктемде түркі тілдес елдер күн мен түн теңелетін 22 наурыз күні жыл басы деп санап, наурыз мерекесін тойлайды.

Наурыз мерекесі күні адамдар ерекше амандасады.

  • Ұлыстың үлы күні құтты болсын!
  • Құт дарысын!
  • Ұлыс оң болсын!
  • Ак мол болсын!
  • Қайда барсаң, жол болсын!
  • Ұлыс береке берсін, бәле-жала жерге енсін! — деп адамдар бір-біріні жақсы тілектер айтады, кариялар дәстүрлі бата береді.

Наурыз тойында ұлттық ойындар — аркан тарту, күрес, асық ату, кок пар, теңге алу, бәйге, т.б. ұйымдастырылады. Айтыс, мақал-мәтел, жұмбақ жаңылтпаш айту жарысы болады

Дастарқанға наурыз-көже, бауырсақ, қазы-қарта, кұрт, жент, т.б. қойылады.

(Оқулықтағы сурет бойынша әңгіме құрастыру)

II. Ән үйрену

А. Меңжанованың «Наурыз — біздің жаңа жыл» әні көңілді, шат сезіммен, қуанышты, орташа екпінде орындалады.

Композитор Айымгүл Меңжанова балаларға арналған көптеген шығармаларында мектеп өмірін, оқушылардың білім ордасы мектебіне деген сүйіспеншілігін әнге қосады.

Ән биіктігін, әсіресе қайырмасындағы музыка биіктігін қол қимылымен көрсетіп, таза орындауға ықпал жасалынады.

III. Музыка тыңдау

Тәттімбет Қазангапұлы шертпе күй орындау мектебінің негізін қалаушылардың бірі. Оның күйлерінде ойшылдық, терең толғаныс, сырлы сезім мол.

Тәттімбеттің «Саржайлауы» — шертпе күйге жатады. Туған жердің сұлу табиғатын бейнелейтін, ел ішіне кең тараған күй. Күйдің әсем де нәзік ырғағы тыңдаушыны бірде желпіндіріп, бірде тәтті мұңға бөлейді. Күйдің дыбыс бояуы жұмсақ, әуені нәзік естіледі. Күйді тыңдап, мазмұнын әңгімелеу.

Ақ бата

Көтерейік білекті,
Жырға бөлеп жүректі,
Бобекке бата берейін,
Ағынан айтып тілекті.
Сүйкімді бол, бал бөбек,
Табыла берсін бар керек.
Ісіңді тағдыр оңдасын,
Қайда жүрсе калыктап,
Қызыр баба қолдасын.
Жақсы жолды таңдасын,
Жаманнан тәлім алмасын,
Ата-баба дәстүрін
Жаңартсын да жалғасын!

IV. Сергіту сәті

Наурыз мерекесі күні әртүрлі ұлттық ойындар ойналады.

Сондай ойынның бірі — «Ақ серек, көк серек».

1-топ:

Ақ серек, көк серек,
Бізден сізге кім керек?

2-топ:

Бәсе, бізге кім керек?
Оқу десе тым зерек,
Бізге … деген ұл керек.

1-топ:

Ақ серек, көк серек,
Бізден сізге кім керек?

2-топ:

Бәсе, бізге кім керек?
Күй шерткенде шалқытқан,
Қорғасындай балқытқан,
Домбырашы … деген қыз керек.

1-топ:

Ақ серек, көк серек,
Бізден сізге кім керек?

2-топ:

Әуендетіп ән салар
Жезтаңдай әнші … деген қыз керек.

1-топ:

Ақ серек, кок серек,
Бізден сізге кім керек?

2-топ:

Бәсе, бізге кім керек?
Желден жүйрік желаяқ,
Көптен озар оң аяқ,
Жас жүлдегер … деген ул керек.

Осындай ойын арқылы баланың жан-жақты дамуы артып, жағымды қасиеттері пайда болуына ықпал жасалынады, көңіл күйі көтеріледі, муі калық талғамы қалыптасады.

V. Қорыту

Сұрактар мен тапсырмалар.

  1. Балалар, ән-күй сендерге үнады ма?
  2. Наурыз тойы қандай той?
  3. Бул тойды халық калай тойлайды?

«Наурыз тойы салтымыз» дегенді қалай түсінесің

Добавить комментарий