Қызыл кітап және оған тіркелген буынаяқты жәндіктер

Қызыл кітап және оған тіркелген буынаяқты жәндіктер

Сабақтың тақырыбы: Қызыл кітап және оған тіркелген буынаяқты жәндіктер. Зиянды бунақденелі жәндіктермен кұрес шаралары

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға Қызыл кітап және оған тіркелеген буынаяқты жәндіктердің ерекшелігі жайында, зиянды бунақденелі жәндіктермен күрес жүргізу жолдары туралы мағлұмат беру.
  2. Омыртқасыздар, яғни жәндіктер туралы таным білімдерін дамыту.
  3. Экологиялық сауатттылығын және мәдениетін қалыптастыру арқылы табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Түрі: аралас сабақ

Формасы: ұжымдық, жекеше, топтық

Тәсілі: баяндау, сұрақ-жауап, зерттеушілік, өздік жұмыс, т.б.

Көрнекілігі: жәндік суреттері, сызба нұсқалар, терминдер, т.б.

Қызыл кітап және оған тіркелген буынаяқты жәндіктер. Зиянды бунақденелі жәндіктермен кұрес шаралары

1. Ұйымдастыру
  • Оқушыларды түгендеу
  • Сабаққа дайындығы тексеру
  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
2. Үй тапсырмасын тексеру
  1. Анықтама — …
  2. Түр саны — …

1 тапсырма. Сызбаны толтыр

Тікентерілер типі

2 тапсырма. Теңізжұлдызының ішкі құрылысын ата.

  1. …………….
  2. …………….
  3. …………….
3. Білімін тексеру

Тест сұрақтары:

  1. Денесі хитинді қаңқамен қапталғандар
    А) ұлулар
    В) буынаяқтылар+
    С) тікентерілер
  2. Денесі баскөкіректен және құрсақтан тұратын жәндіктер
    А) кенелер
    В) көбелектер
    С) шаяндар+
  3. Қандай жәндіктердің жүруге арналған аяқтары алтау?
    А) шаянтәрізділер
    В) өрмекшітәрізділер
    С) бунақденелілер+
  4. Екі жұп мұртшасы бар жануарлар
    А) шаянтәрізділер+
    В) бунақденелілер
    С) өрмекшітәрізділер
  5. Денелері бас, көкірек және құрсақтан тұратын жәндіктер
    А) өрмекшілер
    В) шаяндар
    С) бунақденелілер+
  6. Сутүтікшелі аяқтарымен қозғалатындар
    А) ұлулар
    В) тікентерілер+
    С) ішекқуыстылар
  7. Толық түрленіп даму неше сатыдан тұрады?
    А) 2 сатыдан
    В) 3 сатыдан
    С) 4 сатыдан+
  8. Көздерінің құрылысы күрделі, мозаика сияқты өте көп ұсақ көзшелерден тұратын жәндіктер
    А) шаянтәрізділер
    В) бунақденелілер+
    С) өрмекшітәрізділер
  9. Сорғыш ауыздары бар жәндіктер
    А) бүргелер
    В) көбелектер+
    С) шыбындар
  10. Буынаяқтылардың қан таралу жүйесі қандай?
    А) тұйық
    В) ашық+
    С) мүлдем болмайды
4. Жаңа сабақтықтың мақсатымен таныстыру
  • Типі неге буынаяқтылар деп аталады?
  • Буынаяқтылар типі қанша класқа жіктеледі?
5. Жаңа материалды түсіндіру
  • Қызыл Кітап туралы не білесіңдер?
  • Неге Қызыл кітап деп аталады?

Оқушылар жауабын тыңдау.

Қызыл кітапқа енген бунақденелілер:

Инеліктің 3 түрі енген. Олар:

  • Нәзікқұйрық инелік — Сырдария өзенінің Арал теңізіне таяу су алабында тіршілік етеді.
  • Көркемше инелік — бұл инеліктің қанатында ерекше белгі болмайды.
  • Шолғын инелік — қанаттары ұзын,қысқа. Денесі ірі инелік

Оқушыларға жәндіктерді оқулықтан тауып, айтып беруді тапсыру.

Мұғалім:
Далалық кергі — өте сирек кездесетін жәндік. Негізгі мекені Солтүстік Қазақстан өңірі.
Партеногенездік жолмен көбейеді.
Бұғы қоңыз-саны кұрт кеміп бара жатқан жәндік. Олар еменді орманда өмір сүреді.

Зиянды бунақденелілерге тоқталу:

Зиянкестерге қарсы күрес шаралары тоқталу.

  1. Көбеюіне мүмкіндік бермеу үшін алдын алу
  2. Зиянкестердің жолын кесу, жерді өңдеу
  3. Оларға төтеп беретін мәдени өсімдіктер шығару
  4. Жеке бастың тазалығы, тұрғын жайды тазалау
  5. Биологиялық әдістер, химиялық әдістер
  6. Қарапайым әдістер
6. Жаңа білімді тексеру

Тақырып бойынша сұрақтар беру:

  • Қызыл кітап туралы не білдіңдер?
  • Ауыл шаруашылығына зиянын тигізетін бунақденелілердің қай түрлерін білесіңдер?
  • Жұқпалы ауруларды таратын зиянкестерді ата.
  • Зиянкестерді жоюға байланысты жасалатын шаралар туралы не білесіңдер?
7. Сабақты бекіту

Қорытынды айту.

8. Үйге тапсырма беру

49 тақырыпты оқу, «біліміңді сына» сұрақтарына жауап беру.

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы
«Қазатком орталау мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сабдалиева Гүлназ Сламжановна

Сабақтың тақырыбы: Қызыл кітап және оған тіркелген буынаяқты жәндіктер. Зиянды бунақденелі жәндіктермен кұрес шаралары

Добавить комментарий