Оқытудың белсенді әдістері – білім беру үдерісіндегі әрекетшіл және құзіретті қадам

Оқытудың белсенді әдістері – білім беру үдерісіндегі әрекетшіл және құзіретті қадам

Оқытудың белсенді әдістері – білім беру үдерісіндегі әрекетшіл және құзіретті қадам. Қазіргі кезде егеменді елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім алу кеңістігіне бағытталуда. ХХІ ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты адамын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында.

Білім берудің негізгі мақсаты

Білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнын жаңартумен қатар, окытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Жаңа заман мұғалімі өз білімін қолданумен қатар, шәкірттерінде зерттеушілік, ізденушілік әрекетін ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерін меңгеру керек. Жаңа технологияларды жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына, пәніне деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады. Қазіргі таңда әдіс-тәсілдердің тиімді жолдарын мұғалім өз еркімен таңдайды.

Әлемдік озық идеялар негізінде жасалынған жобалардың бірі –американдық-педагог ғалымдар Чарльз Темпл, Куртис Мередит, Джинни Стилл ұсынған «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы. Менің өз тәжірибемде қолданған технологиялардың бірі – «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы. «Сыни тұрғыдан оқу мен жазу» арқылы дамыту бағдарламасының дамыту жобасының идеяларын сабақ беру практикасында қолдану тиімді деп ойлаймын.

«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» жобасы неден және қалай басталды? Қандай жағдай болса да тиімді аяқталып немесе әрі қарай жалғасын табу үшін не істеу қажет деген ой туындайды. Әрине оған сыни тұрғыда баға беріп отыру қажет. «Сыни тұрғыдан оқу мен жазу» арқылы дамыту СТО жобасын енгізу нәтижесін бағалау 1999 жылы басталды.

RWCТ оқушының анкетасы

Алғаш рет RWCТ оқушының анкетасы деп аталатын сауалнама құрастырылды. Сауалнама құрастырушы – С. Мирсейтова. Сауалнама нәтижесі 2000 жылы «Дауыс пен Көрініс» журналында жарияланған. RWCТ — ағылшын тілінен аударғанда «оқу мен жазу сыни тұрғысынан ойлау үшін» дегенді білдіреді. Бұл — шыңдалған ойлау үлгісі. Сыни тұрғысынан ойлау технологиясының ең басты өлшем бірлігі – оның тиімділігі, нәтижелілігі, жаңашылдығы. Чарльз Темпл, Куртис Мередит, Джинни Стилл ұсынған «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» жобасы оқушы құзіреттілігін дамытуда маңызы зор екендігі дәлелденген.

«Құзіреттілік – оқушының іс-әрекеттердің әмбебап тәсілдерін меңгерумен көрінетін білім жүйесі. Ал құзірет дегеніміз — «алға қойған мақсаттарға жету үшін ішкі және сыртқы ресурстарды тиімді іске асыруға дайындық, оқушының білім беру жүйесіне деген әлеуметтік тапсырысты құрайтын жеке және қоғам талаптарын қанағаттандыру мақсатында табысты іс-әректке дайындығы» деп көрсетілген. Сонымен қатар, құзіреттілікті тәсілге де төмендегідей анықтама берілген: құзіреттілікті тәсіл – оқу процесінің түпкілікті құзіреттерді қалыптастыруға бағдарлануы, күтілетін нәтижелерге қол жеткізу аясында білім сапасын қамтамасыз ететін білім беру мақсаттарын анықтаудың, білім мазмұнын іріктеудің, білім беру процесін ұйымдастыру мен бағалаудың жиынтығы.

Тұлға құзіреттілігін дамыту үшін мұғалімнің құзіреттілік тәсілдерді меңгеруі, білім беру мазмұнын жетілдіру қажет екендігін ескере отырып, жаңа инновациялық әдіс-тәсілдердің ең тиімдісі — СТО дамыту жобасын пайдалану жоғары нәтиже береді деген болжам жасауға болады. Бұл бағдарлама басқа технологиялардан өзінің құрылымымен ерекшеленеді. Сабақ жоспарының құрылымы үш кезеңнен тұрады.

Сабақ жоспарының құрылымының үш кезеңі

Әр кезеңнің өзінің қызметі бар.

  • Қызығушылықты ояту – оқушылар үшін сабаққа қатысудағы алғашқы қадам. Сабақтың мазмұнына сай алынған стратегиялар арқылы оқушылардың ойы шыңдалып, ашылады, белсенділігі артады.
  • Мағынаны тану кезеңі — мұғалім жаңа ақпаратты таныстырады, жаңа сабақ түсіндіріледі,оқушылар жаңа ақпаратты меңгереді.

Әр кезеңде қолданылатын стратегиялар түрлері: қызығушылықты ояту кезеңі, болжау кестесі, тірек сөздер, венн диаграммасы, миға шабуыл, топтастыру, т.б.

Алғашқы кездерде барлық сынып ұжымымен өткізуге болады.

  • Мағынаны тану кезеңі пікір — талас,бағытталған оқу, INSERT түртіп алу, кубизм.
  • Ой толғаныс кезеңі — эссе,топтастыру, бес жолды өлең.

Миға шабуыл стратегиясының өзіндік ережесін сақтап, дұрыс пайдаланса оқушының шығармашылың ойлау қабілетін жақсы дамытады. RWCT бағдарламасындағы «Болжау, кубизм, пікірталас» т.б. стратегиялар оқушыларды ойлаудың жоғары деңгейіне көтереді. Ең бастысы шыңға шығуға талпыну бірте-бірте оқушының қажеттілігіне айналады. Ол ешкімнің жетектеуінсіз танымдық талпыныстар жасауға үйренеді.

Мәтінмен жұмыс істеген кезде қарындашпен жай ғана түртіп белгі қойып отырады. Көрсетілген жүйемен жұмыс істеп үйренген оқушы мәтінді оқымастан бұрын дайындалады, судыратып оқып шықпай, ой маржандарын түю, әдемі бір сыр сақтайтын туынды әзірлеу үшін мән бере түсініп мағынасын ажырата оқиды.

Химия пәні әрдайым сарамандық жұмыстар, демонстрациялық тәжірибелер арқылы ерекшеленеді ғой, ендеше «Болжау» стратегиясында қолданған тиімді. Мысалы: Активті металл натрий керосин ішінде сақталады, сумен әрекеттескенде реакция қалай өтеді, неге металл су бетінде жүгіреді? Білімі бар оқушы реакция нәтижесінде сутегі газы бөлінеді және газ туғызатын қысым әсерінен металл су бетінде жүгіреді деп жауап беруі керек, көп мөлшерде энергия бөлінеді, от шашып әрекеттесуі мүмкін:

2Na + 2Н2О =2NaОН+ Н2↑ + Q

Ой толғаныс кезеңі

Ой толғаныс кезеңі – үйрену процесінің соңғы кезеңі. Оқушылар жаңа білімге қорытындылар жасайды, жаңа идеялар мен ұғымды шығарады. Өз шығармашылықтарын көрсете алады. Осы кезеңдер әр түрлі стратегиялар арқылы жүзеге асады. Сабақ құрылымы үш кезеңнен тұрғанымен, ондағы қолданылатын стратегиялар ауыса береді.

Осы тұрғыда «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы өз уақытында қолға алынған технология деп айтуға болады. Химия пәні күрделі жаратылыстану ғылымы, одан көп оқушылар үркеді, қорқады, психологиялық кедергі туындайды. Сол кедергіні жоятын барлық оқушыға өз мүмкіндігінше жауап беруге жағдай жасайтын әдіс. Химия пәнінде сабақтың қай бөлігінде болмасын аталған стратегияларды қолдануға болады. Оқушылардың танымдық қабілеті дамиды, әрбір оқушы жеке, жұпта, топта бірлесе отырып шешім қабылдауға, бірін-бірі сыйлауға, пікірлерін қорғай алуға үйренеді.

Оқытудың белсенді әдістері – білім беру үдерісіндегі әрекетшіл және құзіретті қадам

Осындай әдіс-тәсілдер арқылы өткізген сабақ жоспарының үлгілері мен слайдтары:

Сабақтың тақырыбы: §18 Фосфор

Мақсаты:

  • а) Фосфордың атом құрылысы, физикалық, химиялық қасиеттері,
    ерекшеліктері туралы жалпы мағлұмат беру, таныстыру.
  • б) Оқушыларға фосфордың аллотропиялық түр өзгерістері, алынуы, қолданылуы, табиғатта таралуы туралы түсінік бере отырып, химиялық білімдерін, ойлау қабілетін, танымдылығын, пәнге қызығушылығын арттыру.
  • в) Химиялық заттардың көптүрлілігі жайлы білуге, қасиеттерін, пайдасы мен зиянын ажырата білуге, теориялық білімдерін практикада қолдана білуге, өз бетімен жүйелі жұмыс істеуге үйрету.

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың түрі: Дәстүрден тыс

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Венн диаграммасы, тірек-сызбалар, сұрақ-жауап, баяндау, түсіндіру, СТО стратегиялары.

Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, «Фосфор» тақырыбына суреттер (аллоптропиялық түр өзгерістері, химиялық қасиеттері, қолданылуы)

Сабақтың барысы

  • І Ұйымдастыру
    а) Психологиялық дайындық
  • ІІ Үй тапсырмасын тексеру
    І кезең – «Ой шақыру»
    (сұрақтар қою арқылы, топтастыру, өткен сабақтарға шолу)
    ІІ кезең — «Қызығуды ояту»
    а) кесте толтыру «+» белгісін қою
    б) Реакция өнімі қандай зат?
    (реакцияны шешу)
    в) «Миға шабуыл» сөзжұмбағы
    (сөзжұмбақ шешіледі, фосфор сөзі шығып, тақтаға жаңа сабақтың тақырыбын жазамыз.)
  • ІІІ кезең – «Мағынаны табу»
  • IV кезең – «Ой толғаныс»
    а) (Оқулықпен жұмыс істеп, Венн диаграммасын толтырады).
    б) білімді тиянақтау
Фосфор
  1. Фосфорға сипаттама
    Р – V топ (А), ІІІ период
    Ar (P)=31
    Z (P)=15
    Ядро заряды — +15, электрон саны — 15
  2. Атом құрылысы
    Р+15
    2e 8e 5e
    1s 2s 2p 3s 3p 3d III
    Графиктік P
    формуласы:
    Электрондық формуласы: 1s2 2s2 2p6 3s2 3p3
    3s 3p 3d V
    3S13P33d1 P

Тотығу дәрежелері: +5, -3, +3, 0.

Фосфордың валентті электрондық конфигурациясы азоттікі тәрізді ns2 np3. Бірақ азот атомына қарағанда фосфор атомының иондану энергиясы төмендеу және оның радиусы үлкен. Бұл азотқа қарағанда фосфордың бейметалдық қасиеттенің әлсіздеу екендігін көрсетеді. Сондықтан фосфор үшін -3 дәрежесі сиректеу. Ал +5 жиерек кездеседі.
Фосфор атомының азотпен салыстырғанда өлшемі үлкен, электр терістілігі аз, яғни бұл фосфордың бей Ме қасиетінің әлсіз екендігін білдіреді.

Оттекті қосылыстарында: V III
P2+5O-25 P+32O-23

Сутекті қосылыстарында: ІІІ
P-3H+13

Фосфорды 1669 жылы неміс алхимигі Х.Бранд ашты.

Табиғатта таралуы: Жер қыртысында – 0,12 % кездеседі. Бос күйінде кездеспейді. Қосылыстардың құрамына кіреді. Көп тараған қосылыстарының бірі фосфорит, апатит. Фосфор олардың құрамында Са3(PO4)2 түрінде болады.

Фосфордың физиологиялық әсері

Маңыздылығы, физиологиялық әсері
Өсімдік дәнінде
Жануар сүтінде
Р қанның құрамында
Ми, жүйке ұлпаларында (5г)
Сүйекте (600г), етте (56г)кездеседі.

Сүйектің қалыпты өсуіне әсер етеді. Жүйке жүйесін, ақыл-ойды күшейтеді. Фосфор жайында академик Ферсман былай деген: «Фосфор – ақыл-ой элементі». Адамда фосфор, кальций элементтерінің жетіспеуінен жүйке жүйесі дұрыс жұмыс атқармайды, сонымен сүйектің қалыпты өсуі тежеледі, тіс ауруы күшейеді.

Физикалық қасиеттері

Азотпен салыстырғанда Фосфор элементінің бейметалдық қасиеті әлсіздеу. Бейметалдық қасиетінің төмендеуі оның жай заттарының қасиеттеріне әсер етеді. (Р элементі жай зат ретінде бірнеше аллотропиялық түр өзгерістерін түзеді.) Аллотропиялық түр өзгерістерінің ішіндегі маңыздылары – ақ және қызыл фосфор.

IV кезең – Ой толғаныс

(Оқулықпен жұмыс істеп, Венн диаграммасын толтырады).
Мұғалім толықтырып, қорытындылайды.

Фосфордың аллотропиялық түр өзгерістерінің қасиеті олардың құрылысымен түсіндіріледі. Соның ішінде ақ фосфордың құрылысы толық зерттелген. Оның молекулалық кристалл торы бар. Ақ фосфордың молекуласы төрт атомды Р4 және үш қырлы пирамида тәріздес. Фосфордың әрбір атомы пирамиданың төбесіне орналасқан, кристалл торы молекулалы болғандықтан жеңіл, тез балқиды және ұшқыш, органикалық заттар жақсы ериді. Қызыл, қара фосфорда атомдық кристалл торы бар. Сондықтан органикалық еріткіштерде ерімейді, ұшпайды, улы емес.

Химиялық қасиеттері
  1. Ақ фосфор қызыл Р-н химиялық қасиеттері бойынша да қатты ерекшеленеді. Мысалы ақ фосфор ауада жеңіл тотығады, өздігінен шығарады, химиялық энергияны тікелей жарық энергиясына тұтанады, химиялық энергияны тікелей жарық энергиясына айналдырады,со ндықтан оны су астында сақтайды, қараңғы да жарық шығарады,
  2. 6e II+2IІI-3
    2P0+3Z0n→Zn3P2 тотықтырғыш
    6e
  3. 2P0+3CL02 →2P+3CL-13
    10e
    2P0+5Cl02→2P+5Cl-15 тотықсыздан.
    20e
  4. 2P+5O2→2P+52O-25
    6e
  5. 2P+3H2→2P-3H+13 тотықтырғыш
    Тотықтырғыш тотықсыздандырғыш
Сәйкестендіру тест:

Zn3P2 салыстырғанда негіздік қасиеті әлсіз.
PH3 зиянкес кемірушілерге қарсы қолданылады
NH3 ерекше иісі бар, өте улы зат.
Қолданылуы /тірек-сызба арқылы, экраннан түсіндіріледі/
Шырпының басына жанғыш заттар – күкірт пен KClO3 қоспасы желіммен отырғызылады. Қораптың жанына – қызыл фосфор мен шыны ұнтағы желіммен отырғызылады. Шырпының басын қорапқа үйкегенде, қызыл фосфор бертолле тұзынан (KClO3) от алып тұтанады./оқушылар тиісті реакция теңдеулерін жазады/

VI кезең
  1. Үйге тапсырма
  2. Оқушыларды бағалау.

Оқытудың белсенді әдістері – білім беру үдерісіндегі әрекетшіл және құзіретті қадам

Хромтау қаласы №5 мектеп-гимназиясының химия пәні мұғалімі

Жаржанова Гүлжазира Керейқызы

Добавить комментарий