Қысым

Қысым

Сабақтың тақырыбы: Қысым

Мақсаты:

  1. Білімділік: қысымды анықтау туралы оқушылардың алған білімдерін нақтылау, білім деңгейін тексеру, бақылау.
  2. Дамытушылық: оқушылардың қызығушылығын, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
  3. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу .

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту.

Сабақтың әдісі: баяндау, есептер шығарту, тәжірибе жасау, тест тапсырмаларын орындау.

Сабаққа қажетті құрал–жабдықтар: Компьютер арқылы жасалған слайдтар, тәжірибе жасауға арналған құралдар.

Техникалық құрал–жабдықтар: компьютер, интерактивті тақта.

Пәнаралық байланыс: математика, еңбек.

Қысым

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгендеу, назарларын сабаққа аудару

II. Үй тапсырмасын сұрау

«Ой қозғау»

Экранда әртүрлі түспен боялған шеңберлер, олардың артында сұрақтар жасырылған. Әр оқушы сурақты оқып, жауабын жазады, оқушы жауабын дұрыс жауаппен салыстырамыз.

  1. Күш дегеніміз не? Жауабы: Күш – денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын физикалық шама.
  2. Ауырлық күшінің анықтамасын көрсет. Жауабы: Денелердің жерге тартылу күші ауырлық күші деп аталады.
  3. Тығыздықтың формуласы, өлшем бірлігі.
  4. Үйкеліс күшінің анықтамасы, формуласы. Жауабы: Бір дене екінші дене бетімен жанаса қозғалған кезде пайда болатын күш үйкеліс күші деп аталады.
  5. Деформация түрлері. Жауабы: пластикалық, серпімді.

Өткен тарауды қысқаша қорытындылап өтеміз. Ол үшін «INSERT» стратегиясын пайдаланамыз. Оқушылар кестені кезектесіп толтырып шығады, тек соңғы бағанды бос қалдырамыз, оны жаңа сабақтың соңынан толтырамыз.

«INSERT» стратегиясы

Өткен тарау бойынша не білеміз? Жаңадан нені білдік? Алдағы уақытта не білгіміз келеді?

  • Масса табу
  • Тығыздықты табу
  • Күш түрлері
  • Деформация түрлері
  • Құлаған дене неліктен жерге құлайтынын
  • Күшті өлшейтін құралдың қалай аталатынын
  • Дененің көлемін, массасын қалай есептеп табуға болатынын.
ІІІ. Жаңа сабақ

Күш әрекетінің тіреу ауданына тәуелді екендігін дәлелдейтін тәжірибелер көрсету.
Белгілі бір бетке түсетін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шаманы қысым деп атайды.
Қысым бетке перпендикуляр бағытта әрекет ететін күштің осы беттің ауданына қатынасымен анықталады:

  • р-қысым
  • Ғ-бетке перпендикуляр бағытта әрекет ететін күш немесе қысым күші
  • S-күш түсетін беттің ауданы

ХБЖ-да қысым Паскальмен өлшенеді

  • гПа=100 Па=102 Па
  • кПа=1000 Па=103 Па
  • МПа=100000 Па=106 Па
ІV. Сабақты бекіту

«INSERT» стратегиясы

Логикалық сүрақтар :

  1. Күштің әрекеті тіреу ауданына тәуелді болатынын көрсететін мысалдарды келтіріңдер.
  2. Қолмен іс тіккенде неліктен бармаққа оймақ кигізіледі?
  3. Шаңғысыз жүргенде адам неліктен қарды омбылайды?
  4. Жүк машиналарының артқы доңғалақтары қос-қостан болатыны неліктен?

Тест сұрақтары:

  1. Қысымның өлшем бірлігі
    а) кг; б) Ньютон; в) Паскаль
  2. Қарындашты өткір пышақпен және өтпес пышақпен бірдей күш сала отырып ұштасақ, екеуіне бірдей қысым түсірдік деп айта аламыз ба?
    а) ия; б) жоқ
  3. Суға батқан адамды құтқарушыға қандай ақыл бересің?
    а) жұқа мұздың үстімен ақырын жүр
    б) мұзға ішіңмен жатып жылжы
  4. Қысымды кемітуге бола ма? Ол үшін не істеу керек?
    а) ауданын азайту; б) ауданын үлкейту

Есептерді шығару:

  1. Массасы 6000 кг жер тегістегіш машина тіреуінің ауданы 2000 см2. Оның топыраққа түсіретін қысым қандай?
  2. Төменде санмен берілген қысымдардың қайсысы үлкен, қайсысы кіші: 6 кН/м2, 60 Н/см2, 600 Па?
  3. Массасы 78 кг спортшы шаңғыда тұр. Әр шаңғының ұзындығы 1,95 м, ені 8 см. Спортшы қарға қандай қысым түсіріп тұр?
  4. Көлемі 6 м3, табанының ауданы 1,5 м2 гранит бағананың топыраққа түсіретін қысымы қандай?
V. Қорытындылау

Сонымен, қысым дегеніміз не?

Қысым дегеніміз — бір дене екінші дене бетіне әсер еткенде пайда болатын қалыпты күштің қарқындылығын сипаттайтын физикалық шама.

VI. Бағалау

Смайликтер арқылы бағалау.

VII. Үйге тапсырма

§33, 15 — жаттығу, № 1, 2

Шығыс — Қазақстан облысы
Үржар ауданы, Барқытбел орта мектебінің
физика–информатика пәні мұғалімі
Калиева Тулымтай Закарьяновна

Сабақтың тақырыбы: Қысым

Добавить комментарий